"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 243 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықтың оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату үшін рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді.
Осы Бағдарламаның мақсаттары әуе тасымалдарына жәрдемдесу және оларды жылдамдату, сондай-ақ әуе кемелерінің, экипаждардың, жолаушылар мен жүктің негізсіз кешіктірілуіне шекаралық, кедендік, санитариялық және басқа да бақылау түрлерімен байланысты формальдылықтарды оңайлату арқылы жол бермеу болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Бағдарламада пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) азаматтық авиация әуе кемесінің командирі (бұдан әрі – әуе кемесінің командирі) – коммерциялық авиациядағы ұшу тапсырмасына немесе жалпы мақсаттағы авиацияның осыған ұқсас құжатына сәйкес өзіне ұшудың (ұшулардың) қауіпсіз аяқталу жауапкершілігі жүктелген, белгілі бір типтегі әуе кемесін өзі дербес басқаруға рұқсаты бар пилот;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
4) асхана және салон керек-жарақтары – ұшу уақытында қызмет көрсету мақсатында, атап айтқанда жолаушыларды тамақтандыру және оларға жайлылықты қамтамасыз ету үшін әуе кемесін пайдаланушы пайдаланатын, бір мәрте не бірнеше мәрте пайдаланылатын заттар;
5) багаж – жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің әуе кемелерін пайдаланушымен келісім бойынша әуе кемесінің бортында тасымалданатын жеке заттары;
6) борт жабдығы – қосалқы бөлшектерді немесе борт қорларын қоспағанда, ұшу уақытында әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған құралдарды, авариялық құтқару жабдығын, асхана және салон керек-жарақтарын қоса алғандағы заттар;
7) борт қорлары – әуе кемесінің бортында жолаушылардың және экипаждың тұтынуына арналған, сатылған немесе сатылмаған тауарлар және отын мен жағармай материалдарын қоса алғанда, әуе кемесін пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету үшін қажетті тауарлар, сондай-ақ әуе кемесінің бортынан алып шығу мақсатында жолаушылар мен экипаж мүшелеріне сатуға арналған тауарлар;
8) ертіп жүрушісі жоқ кәмелетке толмаған жолаушы – әуе тасымалына кәмелетке толған жолаушылар ертіп жүрмей қабылданатын, сапарды өз бетінше немесе кәмелетке толмаған басқа жолаушымен жүзеге асыратын кәмелетке толмаған жолаушы;
9) дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты жәндіктер мен буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шараларының кешені;
10) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
11) декларант – тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын адам;
12) жеке басты куәландыратын құжат – паспорт немесе жеке басты куәландыратын және Қазақстан Республикасы осындай құжат ретінде танитын, мемлекет немесе ұйым берген, заңды иеленушісі халықаралық тасымал кезінде пайдалана алатын басқа ресми құжат;
13) жерүсті жабдығы – жерде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге, оларды жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған арнайы құрылғылар, оның ішінде сынау жабдығы мен жүктерді өңдеуге және жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған жабдық;
14) жүк – пошта жөнелтілімдерін, борт қорларын және иесімен бірге жөнелтілетін багажды немесе қате жөнелтілген багажды қоспағанда, әуе кемесінің бортында тасымалданатын кез келген мүлік;
15) иесі табылмаған багаж – әуежайға багаж биркасымен немесе онсыз келген және жолаушы алмаған немесе анықтап танымаған багаж;
16) иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж – иесі болып табылатын адам болатын әуе кемесінде тасымалданбайтын және авиажүк ретінде ресімделетін багаж;
17) инфекциялық ауру таралған аудан (адамдардың денсаулығын сақтау мақсаттары үшін) – адамның инфекциялық және паразиттік аурулары жылдам таралып жатқан географиялық аудан;
18) кедендік баж – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органдары алатын міндетті төлем;
19) кедендік бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйелері пайдаланылып жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы;
20) кедендік декларация – тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;
21) кедендік төлемдер – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында бюджетке төленетін кедендік алымдар, кедендік баждар, кедендік алымдар;
22) кіруге құқығы жоқ адам – мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беруден бас тартқан немесе бас тартатын адам;
23) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға және сақтауға жауапты болатын, қызметін өздері туралы ережелерге сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау, кеден ісі, Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету, сыртқы істер, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылағы, ветеринария саласындағы мемлекеттік (уәкілетті) органдары;
24) қате жөнелтілген багаж – жолаушылардан немесе экипаж мүшелерінен абайсызда немесе құнтсыздықтан бөлініп қалған багаж;
25) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдық – азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне жол бермеу немесе оларды анықтау үшін бөлек немесе жүйенің бір бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар;
26) қосалқы бөлшектер – көлік құралының ажырамас компоненттері болып табылатын, бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру мақсатында пайдаланылатын, ұшақтың жабдық болып табылмайтын бөлшектері, оның ішінде қозғалтқыштар және әуе бұрандалары;
27) отырғызу (әуе кемесіне) – осы тура рейстің алдыңғы кезеңінде бортқа алынған экипаж мүшелері мен жолаушыларды қоспағанда, адамдардың әуе кемесінің бортына ұшу мақсатында кіруі;
28) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өздерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
29) пошта жөнелтімдері – пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабар, жіберілімдер;
30) санитариялық-карантиндік бақылау – адам денсаулығына ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелуді, инфекциялық және жаппай таралатын инфекциялық емес аурулардың (уланудың) әкелінуін, пайда болуын және таралуын болғызбау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, мемлекетаралық өткізу теміржол станцияларында немесе қиылысу станцияларында адамдарға, көлік құралдарына және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімдерге (тауарларға) қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау түрі;
31) талап етілмеген багаж – әуежайға келген және жолаушы алмаған немесе талап етпеген багаж;
32) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
33) тауарларды кедендік тазарту – тауарларды ішкі тұтынуға енгізу, оларды экспорттау немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік операцияларды жасау;
34) тәуекелді бағалау – қауіпті факторларды анықтау, тәуекел факторларын талдау және бағалау процесі;
35) тәуекелді басқару жүйесі – қауіп төндіретін адамдардың немесе жүк жөнелтімдерінің қозғалуына қатысты қажетті ақпаратты шекаралық бақылау органдарына беруді қамтамасыз ететін басқару рәсімдері мен практикасын жүйелі түрде қолдану;
36) тиеу – жүктерді, пошта жөнелтімдерін, багаж бен борт қорларын белгілі бір рейспен әуе кемесімен тасымалдау үшін әуе кемесінің бортына орналастыру процесі;
37) тура рейс – жөнелту пунктінен кез келген аралық пункттер арқылы межелі пунктке дейінгі бүкіл рейсті пайдаланушы бір шартты белгімен (рейс нөмірімен) көрсететін әуе кемесінің ұшу түрі;
38) түсіру (әуе кемесінен) – әуе кемесі жерге қонғаннан кейін одан экипаж мүшелері мен сол тура рейспен келе жатқан жолаушыларды қоспағанда, барлық адамдардың шығуы;
39) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі – шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей не кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында уақытша болады және пайдаланылады;
40) уәкілетті агент – пайдаланушының атынан өкілдік ететін, осы пайдаланушының әуе кемесінің, экипаждың, жолаушылардың, жүктің, пошта жөнелтімдерінің, багаж бен борт қорларының келуіне, жөнелтілуіне және ресімделуіне байланысты барлық формальдылықтарды, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген болса, әуе кемесінде жүктерді өңдеуге уәкілетті үшінші тарапты тарта отырып орындаған кезде, ол тікелей уәкілеттік берген немесе оның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлға;
41) ұшу экипажының мүшесі – авиация персоналына жататын, авиация персоналының жарамды куәлігі бар, ұшу уақытының ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;
42) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) ашық кілттер директориясы – машинамен оқылатын құжаттарда қамтылатын деректердің анықтығын растауды қамтамасыз ету мақсатында қатысушылар шығаратын құжаттардың қолтаңбалары сертификаттарының, ұлттық қолтаңбаларды куәландыру орталықтарының қосылу сертификаттарының негізгі тізімінің және сертификаттардың күшін жою парақтарының сақтау орны ретінде қызмет ететін, қатысушылардың атынан ИКАО қолдайтын, бүкіл әлем бойынша тарату жүйесімен бірге орталық дерекқор;
43) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығын иеленетіні туралы дәлелдері бар адам;
44) шығарып жіберілетін адам – мемлекетке заңсыз келген немесе заңды негіздерде мемлекет аумағына жіберілген, өзіне қатысты сот шығарып жіберу туралы шешім шығарған адам;
45) экипаж мүшесі – авиация персоналына жататын, ұшу уақытының ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған адам;
46) экипаж мүшесінің куәлігі – экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін белгіленген үлгідегі құжат.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы Бағдарламаның ережелері халықаралық әуе тасымалдары кезінде әуе кемелерінің барлық санаттағы ұшуына қолданылады.
4. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары:
1) адамдар мен әуе кемелеріне қатысты шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшін және жүктерді/тауарларды шығару/кедендік тазарту үшін қажетті уақытты қысқарту;
2) әкімшілік талаптар мен бақылауды жүзеге асыруға байланысты талаптарды қолдануға, әсіресе осындай талаптардағы өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы беруге байланысты қолайсыздықтарды барынша азайту;
3) қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен басқа мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдары, әуе кемелері мен әуежайларды пайдаланушылар арасында тиісті ақпаратпен уақтылы алмасуды кеңейту мақсатында шаралар қабылдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары шекаралық бақылау рәсімдерін қолдану және тауарларды шығару/кедендік тазарту кезінде тәуекелді басқару жүйесін, авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған ақпараттық жүйедегі жолаушылар туралы ақпаратты пайдаланады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары әуежайларда өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін ақпараттық технологияларды енгізеді.
7. Осы Бағдарламаның ережелері авиациялық қауіпсіздік шараларына немесе бақылау мен қадағалаудың басқа да қажетті шараларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға кедергі болмайды.
2-тарау. Әуе кемелерінің ұшып келуі және ұшып шығуы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары ұшып келетін және ұшып шығатын әуе кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі технологиялық процеске қажетті шараларды қабылдайды және оларды негізсіз кідіртуге жол бермейтіндей түрде қолданады.
9. Ұшып келетін және ұшып шығатын әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары қолданыстағы заңнамада көзделгеннен өзге қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпейді.
10. Мүдделі мемлекеттік органдардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, ұшып келетін және ұшып шығатын әуе кемелерінің құжаттары:
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне беру жолымен электрондық нысанда;
2) электрондық құралдардың көмегімен ұсынылған немесе берілген бланкіде;
3) бланкіде қолдан толтырылған жазбаша нысанда болса, қабылданады.
11. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына құжаттарды электрондық нысанда пайдаланушы ұсынған немесе оның атынан ұсынылған болса, жазбаша нысанда ұсыну талап етілмейді.
12. Әуе кемесі ұшып келген соң немесе ұшып шығардан бұрын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына:
1) азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушы құжатын (бұдан әрі - бас декларация);
2) әуе кемесінің бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын құжатты (бұдан әрі - жүк ведомосі);
3) борт қорлары туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
4) көлік (тасымалдау) құжаттары;
5) тасымалданатын тауарларға тасымалдаушының қолындағы коммерциялық құжаттарды;
6) бортта тасымалданатын жолаушылар мен олардың багажы туралы мәліметтерді қамтитын құжатты (бұдан әрі - жолаушылар ведомосі);
7) халықаралық пошта жөнелтімдері тасымалданған жағдайда, Бүкіләлемдік пошта одағының актілерінде айқындалған ілеспе құжатты ұсынады.
13. Әуе кемесінің бортында қалатын борт қорларының құжаттарын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ұсыну талап етілмейді.
Ескерту. 13-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Әуе кемесіне тиелген немесе одан түсірілген борт қорларына қатысты мынадай ақпарат енгізіледі:
1) атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауы);
2) негізгі, қосымша және (немесе) негізгіден немесе қосымшадан басқа өлшем бірліктерімен саны, сипаттамасы мен параметрлері;
3) құны (мұндай мәліметтер бар болса).
Ескерту. 14-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Елге есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды, жарылғыш заттарды, сондай-ақ кедендік баждар төленбеген тауарларды заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы қате жіберілген багаждың тізімін сұратады.
16. Пошта жөнелтімдеріне пайдаланушы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына Бүкіләлемдік пошта одағының актілерінде айқындалған халықаралық пошта жөнелтімдері тасымалданған жағдайдағы ілеспе құжатты ұсынады.
17. Әуе кемесі ұшып шығардан бұрын немесе ұшып келген соң Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары пайдаланушыдан бас декларацияны, жолаушылар және жүк ведомосін үш данадан артық ұсынуды талап етпейді.
18. Егер әуе кемесіне жолаушыларды отырғызу немесе жүктерді, пошта жөнелтімдерін, борт қорларын немесе багаж тиеу жүргізілмесе не әуе кемесінен жолаушыларды шығару немесе жүктерді, пошта жөнелтімдерін, борт қорларын немесе багаж түсіру тиеу жүргізілмесе, бас декларацияда тиісті белгі жасау шартымен жолаушылар және жүк ведомостері талап етілмейді.
Ескерту. 18-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Көлік құралына арналған кедендік декларацияға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды декларанттың немесе кеден өкілінің уәкілетті жұмыскері (бұдан әрі - уәкілетті адам) қате мәліметтерді сызып тастау және олардың үстіне дұрыс мәліметтерді жазу (басып жазу) жолымен басу құрылғысын пайдалану арқылы немесе қолмен енгізеді.
Әрбір өзгеріс және (немесе) толықтыру мөр бедерін қою арқылы уәкілетті адамның қолымен расталады.
20. Қазақстан Республикасының халқы денсаулығының, ауыл шаруашылығының немесе қоршаған ортасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар орын алып отырған аумақтарда жөнелту немесе транзит пункттері бар рейстерге ғана бортында жолаушылар отырған әуе кемелерінің салонына, экипаж кабинасына және жүк тиелетін бөлігіне аэрозольді дезинсекция жүргізу талап етіледі.
21. Дезинсекция жүргізу қажет болған кезде Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ДДСҰ) ұсынған және тиімді деп саналатын химиялық әдістерді де, химиялық емес әдістерді де және/немесе инсектицидтерді ғана қолданады немесе таниды.
Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы әуе кемесіне дезинсекция жүргізу кезінде жолаушылардың, персоналдың денсаулығына және тірі жүктің саулығына дезинсекция жүргізудің зиянды әсер тигізбеуін және оларға қандай да бір айтарлықтай қолайсыздық тудырмауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы әуе кемесі командирінің немесе әуе кемесі экипажының жауапты мүшесінің сұранымы бойынша бас декларацияға әуе кемесіне санитариялық шаралардың қолданылғаны туралы белгі қоюды қамтамасыз етеді және бас декларациямен қоса мұндай белгілерді әуе кемесіне санитариялық шаралардың қолданылғанын растау ретінде қабылдайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы дезинсекция жүргізуді немесе салдары болатын дезинсекцияны ДДСҰ ұсынған рәсімдерге сәйкес жүргізілген әрекет деп таниды, бұл факт бас декларацияда немесе дезинсекция сертификатында көрсетіледі, оның нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
24. Дезинсекция осы Бағдарламаның 21, 22, және 23-тармақтарының ережелеріне толық сәйкес жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы көрсетілген құжаттарды таниды және жолаушылар мен экипаждың әуе кемесінен шығуына рұқсат береді.
25. Дезинсекция жүргізу кезінде пайдаланылатын инсектицидтер немесе кез келген басқа заттар әуе кемесі конструкциясының элементтеріне және оның жабдығына зиянды әсерін тигізбеуі үшін тиісті шаралар қолданылады. Әуе кемесі конструкциясының элементтерін, атап айтқанда тат басу арқылы зақымдауы мүмкін тез тұтанатын химиялық құрамдарды немесе ерітінділерді пайдалануға жол берілмейді.
26. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және ветеринария саласындағы уәкілетті органдары тәуекелді бағалауды негізге ала отырып, әуе кемелеріне дезинфекция жүргізу кезінде мынадай ережелерді басшылыққа алады:
1) әуе кемесінің осындай жүктерді тасымалдау жүзеге асырылған контейнері немесе бөлігі ғана өңделеді;
2) дезинфекция әуе кемесін дайындаушының нұсқаулықтарына және ДДСҰ-ның кез келген ұсынымдарына сәйкес келетін рәсімдер бойынша жүргізіледі;
3) зақымданған аймақтар тиісті бактерицидтік қасиеті бар, болжалды инфекция ошағы үшін жарамды құрамдармен дезинфекцияланады;
4) дезинфекцияны тиісті жеке қорғаныш құралдары бар, дағдыланған тазартушылар жедел жүргізеді;
5) пайдаланылатын химиялық немесе химиялық емес шаралардың немесе дезинфекциялау құралдарының әуе кемесі конструкциясының элементтеріне, оның жабдықтары мен материалдарына зиянды әсер тигізбеуі үшін тиісті шаралар көзделеді;
6) жолаушылардың, персоналдың денсаулығын қорғау немесе тірі жүкті зиянды әсерден қорғау қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27. Жануарлардың саулығын қорғау мақсатында дезинфекция жүргізген кезде Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюро ұсынған әдістер мен дезинфекциялық заттар ғана қолданылады.
Әуе кемесінің беткі қабаттары немесе жабдықтары ағзаның кез келген сұйықтықтарымен, соның ішінде экскретпен ластанып қалса, ластанған жерлерге және пайдаланылатын жабдыққа немесе құралдарға дезинфекция жүргізіледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Адамдар мен олардың багажының келуі мен кетуі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28. Әуе көлігімен келетін немесе кететін адамдарды ресімдеуді оңайлату және жеделдету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган әуе тасымалдарының шарттарына сәйкес келетін қажетті шараларды қабылдайды.
29. Жолаушылар мен экипажға қатысты шекаралық бақылау шараларын тиімді қолдануға бағытталған рәсімдерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган авиациялық қауіпсіздік, шекараның тұтастығын қамтамасыз ету шараларын және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың айналымын бақылау шараларын қолдану аспектілерін ескереді.
30. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган әуе кемесінің келетін/кететін жолаушыларынан қосымша құжаттарды талап етпейді. Сапардың мәлімделген және нақты мақсатының сәйкестігін белгілеуге байланысты қажеттілік туындаған жағдайларда және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде ғана қосымша құжаттарды ұсыну туралы талап қойылады.
31. Жеке тұлға туралы паспорттағы деректерді көрсету үшін штрих кодтарды немесе машинамен оқудың басқа технологияларын пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган құжат иесінің өтініші бойынша оған шифрланған деректерді ашу мүмкіндігін көздейді.
32. Шетелдіктерге кіру визалары талап етілетін болса, Қазақстан Республикасына әуе көлігімен кірген жағдайда, Қазақстан Республикасының сыртқы істер саласындағы уәкілетті органы мұндай визаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежайларда береді.
33. Қазақстан Республикасының сыртқы істер саласындағы виза беруді жүзеге асыратын уәкілетті органы шетелдік тұлғалар үшін кіру визалары айналысының қарапайым және транспарентті рәсімдерін белгілеп, мұндай виза беру туралы өтініштердің мейлінше қысқа мерзімде қаралуын қамтамасыз етеді.
34. Визаның қолданылу мерзімі мен Қазақстан Республикасының аумағында болу ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
35. Әуе көлігімен келетін немесе кететін жолаушылардың жеке деректерін жазбаша түрде ұсыну қажет болған жағдайда, мүдделі мемлекеттік органдар пайдаланушыларға немесе уәкілетті агенттерге отырғызу/түсіру карточкаларын тегін береді, бұл карточкаларды кететін жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғанға дейін, ал келетін жолаушылар ұшу уақытында толтырады. Отырғызу/түсіру карточкаларының нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
36. Отырғызу/түсіру карточкаларын пайдаланушылар тексермейді.
37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
40. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті органы адамдар мен жануарларға ауру жұқтыру көзі болып табылатын жануарлардан алынған өнімдердің, жануарлар мен құстардың мемлекет аумағына кіруіне жол бермеу мақсатында санитариялық-ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады.
41. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары пайдаланушылармен және әуежай қызметтерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұшып келген жолаушыларды мейлінше қысқа, бірақ әуе кемесінің бортынан түскеннен кейін 45 минуттан аспайтын мерзімде ресімдеуді және ұшып кететін жолаушылар әуежайдағы ресімдеу пунктіне (тіркеу тағаны, кедендік, шекаралық және өзге де бақылау пункті) келген кезден бастап мұндай жолаушыларды 60 минуттан аспайтын мерзімде ресімдеуді қамтамасыз етеді.
42. Егер жолаушылар мен экипаж мүшелері баж салынатын тауарларды немесе тасымалдау үшін тыйым салынған тауарларды тасымалдамаса, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы олардан жазбаша кедендік декларация талап етпейді.
43. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялаған кезде Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы тәуекелді басқару жүйесінің талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қосарлы дәлізді немесе әрбір нақты әуежайда тасымалдау шарттары мен көлеміне сәйкес келетін кедендік тексеріп қарау мен карантиндік бақылаудың таңдап алуға болатын басқа процесін қолдануды қамтамасыз етеді.
44. Кіруге шектеулі виза берілген болса, оның жарамдылығын мүдделі органдардың қандай да бір арнайы құралдарды пайдаланбай жылдам анықтай алуы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган әрбір нақты жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттарға белгі қояды.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45. Жолаушылар мен экипаж мүшелері өздерінің паспорттарын немесе жеке басты куәландыратын басқа да ресми құжаттарын жеке өздері ұсынғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымды тұлғалар құжаттарды тексергеннен кейін дереу қайтарады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу бойынша тура транзит аймақтарын құрады немесе дәл сол әуежайдан дәл сол немесе басқа рейспен үшінші мемлекетке кететін экипаждың, жолаушылар мен олардың багажының транзит мемлекетіне кірген кезде талап етілетін шекаралық бақылау формальдылықтарын өтпей келген әуежайда уақытша бола тұруы үшін жағдайлар жасайды.
47. Халықаралық ұшу Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық әуежайларда екі немесе одан көп аялдай отырып орындалса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жолаушының тура транзит аймағынан шықпауы шартымен жолаушы мен оның багажының белгіленген шекаралық бақылау рәсімдерін бір әуежайда өтуін қамтамасыз етеді.
48. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары рейстің жойылуына немесе кідіруіне байланысты түнге қалған транзиттік жолаушылардың түнейтін орынға орналасу мақсатында әуежайдан шығуына рұқсат берілуі үшін шаралар қолданады.
49. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары келетін адамдардан табыс салығының төленуі туралы анықтамаларды немесе басқа да құжаттарды сұратпайды.
50. Жолаушылардың қандай да бір табыс салықтарын немесе басқа да салықтарды төлемегені үшін пайдаланушыларға жауаптылық жүктелмейді.
51. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы қандай да бір затты декларациялаған жолаушылардан ғана ұшып шығу кезінде декларация ұсынуды талап етеді.
Ештеңе декларацияламайтын жолаушылар кедендік бақылаусыз өткізіледі, бірақ Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ештеңе декларацияламайтын адамдарды іріктеп бақылауды жүзеге асырады.
52. Пайдаланушы дұрыс декларацияны, кедендік баждар мен салықтардың төленгенін ұсынса, сондай-ақ рұқсат құжаттарын ұсынса, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы пайдаланушыларға қате жіберілген багажды оның иесі жүрген жерге жіберуге рұқсат береді.
53. Авиациялық қауіпсіздік шараларымен немесе басқа да қажетті бақылау шараларымен негізделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы қате жіберілген багажды бір әуежайда халықаралық рейстің біреуінен екіншісіне тексермей тікелей беруге рұқсат етеді. Тікелей беруді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, мұндай багажды алдын ала айқындалған орында тиісінше қадағалай отырып уақытша сақтау бойынша шаралар қолданылады.
54. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы иесі анықталмаған, талап етілмеген немесе қате жіберілген багаждың тиісті межелі пунктте оның иесінің атынан кедендік тазартуға ұсынылуына және мұндай багажды оның иесіне жеткізуге жол береді.
55. Тиісті қауіпсіздік шараларын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы иесі анықталмаған, талап етілмеген немесе қате жіберілген багажды кедендік тазартуды және оны кідіртпей пайдаланушыға қайтаруды қамтамасыз етеді. Мүдделі мемлекеттік органдар белгілейтін шарттардың негізінде пайдаланушыға мұндай багаждың иесін анықтау үшін оны ашуға рұқсат етіледі.
56. Кедендік тазарту рәсімінен әлі өтпеген багаж Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының бақылауында болса, пайдаланушы көрсетілген багаждың сақталуын қамтамасыз етуден және мұндай багаждан алынатын кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
57. Ұшып келген кезде немесе ұшып шығатын кезде экипаж мүшелері мен олардың багажына қатысты тексеріп қарау басым тәртіппен жүзеге асырылады.
58. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.59. Экипаж мүшелері қызметтік міндеттерін орындау кезінде тұрақты халықаралық рейспен келіп, көрсетілген рейсте өздерінің қызметтік міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кезеңге уақытша кіруге рұқсат сұраған жағдайларда, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары ұшып келген, экипаж мүшесінің куәлігін көрсеткен экипаж мүшелеріне кіру визасының болуы туралы талап қоймайды.
60. Шетелдік әуе кемесінің тұрақты халықаралық рейстерге қатыспайтын экипаж мүшелері Қазақстан Республикасының аумағынан осы әуе кемесінің бірінші рейсімен ұшып кетеді деген шартпен экипаж мүшесінің куәлігін көрсеткен мұндай экипаж мүшелері үшін кіру визаларының болуы талап етілмейді.
61. Қазақстан Республикасының аумағына немесе оның аумағы арқылы ұшуды орындайтын пайдаланушылардың тұрақты халықаралық әуе қатынастарын жүзеге асыруына байланысты ұйымдық-техникалық міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті болып табылатын әуежай шегінде осы пайдаланушылардың техник және ұшқыш персоналын Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіргізуді жеңілдету үшін тиісті шаралар қолданады.
62. Техникалық себептерге байланысты ұшуды жалғастыра алмайтын әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының аумағына немесе оның аумағы арқылы ұшуды орындайтын пайдаланушылардың техникалық персонал жұмыскерлерін уақытша болу үшін Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуді қамтамасыз етуге қажетті шараларды қолданады. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға байланысты шығындарды өтеу, сондай-ақ осы аумақтан мамандарды қайтару бойынша кепілдіктерді талап еткен жағдайда, бұл мәселелер қысқа мерзімде келісіледі.
63. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары шет мемлекеттің келетін ұшу өндірісі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспекторлары өз мемлекеті пайдаланушысының әуе кемесінің салонында өз міндеттерін атқарған жағдайда, осы Бағдарламаның 59-тармағына сәйкес экипаж мүшелері сияқты оларға кіру визасының болуы туралы талапты қолданбайды.
64. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігін береді. Азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәліктерін көрсеткен кезде авиация инспекторлары әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын барлық аймақтарына кіре алады.
Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексеруді және авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторларына азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша беріледі.
Азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігінің нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.08.2019 № 582 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.65. Авиация инспекторлары әуе кемесінің салонында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде өзімен бірге азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігі, тексеру тағайындалғаны туралы бұйрық және тексеру парағы, ал халықаралық рейстерде бұған қоса жарамды паспорты мен инспектор сапары маршрутының көшірмесі болуы қажет.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.08.2019 № 582 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.66. Пайдаланушы түскен жолаушылар мен экипаж мүшелерін әуе кемесінің бортынан түскен кезден бастап мүдделі мемлекеттік органдардың тексеруіне барғанға дейін қорғауды және оларға қамқорлық жасауды қамтамасыз етеді. Пайдаланушы мен әуежай әуе кемесінен аэровокзал ғимаратына дейінгі жолда, сондай-ақ тура транзит аймағында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.67. Пайдаланушылар рейске тіркеу және әуе кемесінің бортына отырғызу пунктінде жолаушылардың транзит мемлекеттері немесе межелі мемлекеттер берген жеке басты куәландыратын жарамды құжаттарының бар екеніне көз жеткізу үшін шаралар қабылдайды.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.68. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары және пайдаланушылар әуе кемесінің бортына отырғызу кезінде жолаушылар көрсететін паспорттар мен визалардың жарамдылығын және төлнұсқалығын белгілеу үшін ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы халықаралық ұшу туралы келісімдер жасасу (рұқсаттар беру) кезінде Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасынан халықаралық авиатасымалдарды орындайтын пайдаланушылармен өзара түсіністік туралы меморандумдар нысанында ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады, оларда жеке басты куәландыратын құжаттарды қолдан жасауға байланысты теріс пайдалануға қарсы күресте өзара қолдау мен ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары әуе кемесінің бортына отырғызу кезінде жолаушылар көрсететін паспорттар мен визалардың жарамдылығын және төлнұсқалығын айқындауда пайдаланушыларға көмек көрсету үшін үйлестіретін қызметкер бөлу және оларды әуежайларда орналастыру немесе халықаралық ынтымақтастықтың басқа нысандарын белгілеу арқылы басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара түсіністік туралы меморандумдар түрінде ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.69. Егер ұсынылған құжаттардағы проблемаларға байланысты жолаушыға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беруден бас тартылса, онда бұл жолаушыны келген еліне не осы жолаушының кіруіне рұқсат еткен елге қайтару үшін ол пайдаланушыға беріледі.
Кіруге құқығы жоқ адамды қайтару ертіп жүрушісі жоқ кәмелетке толмаған жолаушыға қатысты болған жағдайларда осы кәмелетке толмаған жолаушының мүдделеріне барынша көңіл бөле отырып, оның шығу, транзиттік және келу пункттерінде тиісті уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Кіруге құқығы жоқ адамдар және шығарып жіберілетін адамдар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
70. Халықаралық азаматтық авиацияның жұмыс істеу тәртібін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары туындайтын келіспеушіліктерді жылдам шешу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
71. Кіруге құқығы жоқ адам анықталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бұл туралы пайдаланушыға жазбаша және/немесе хабарламаның жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін тәсіл(дер)мен (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтімімен, қысқа мәтіндік хабармен, мультимедиалық хабармен, қолданыстағы мессенджерлермен) хабарлайды.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.72. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган пайдаланушымен бірге кіру құқығын беруден бас тартылған адамды өз күшімен жөнелтуді жүзеге асыруға немесе жөнелтудің баламалы нұсқасын дайындауға болатын уақыт аралығын ескере отырып, мұндай адамды қайтару мерзімдерін айқындайды.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.73. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқығы жоқ деп саналатын адам оны межелі пунктке тікелей тасымалдаған пайдаланушыға не мән-жайларға қарай, оны транзит пункттерінің бірінен тасымалдаған пайдаланушылардың біреуінің қамқорлығына беріледі.
74. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган кіру құқығын беруден бас тартылған адамды қайтару туралы құжаттарды пайдаланушыға береді.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.75. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жеке басты куәландыратын қолдан дайындалған, қолдан жасалған немесе жалған құжаттардың алынуын қамтамасыз етеді. Өздерін жеке басты куәландыратын құжаттардың заңды иесі ретінде көрсеткен адамдардан да мұндай құжаттар алып қойылады. Мұндай құжаттар айналымнан дереу алынады және оларды берген мемлекет ретінде аталған мемлекеттің құзыретті органдарына немесе осы мемлекеттің тұрақты дипломатиялық өкілдігіне қайтарылады, кейбір жағдайларда алып қойылған құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдар құқық қолдану шеңберінде ұстап қалады.
Алып қойылған құжаттарды ұстап қалатын мүдделі мемлекеттік органдар оларды берген мемлекет ретінде аталған мемлекеттің құзыретті органдарын немесе осы мемлекеттің тұрақты дипломатиялық өкілдігін хабардар етеді.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.76. Алып қоюды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары алып қойылған құжаттың орнына құжаттардың жоғалғанын немесе жойылғанын растайтын, сондай-ақ жеке басты куәландыратын қолдан дайындалған, қолдан жасалған немесе жалған құжаттарға қатысты ілеспе хат береді. Көрсетілген ілеспе хаттарға алып қойылған жеке басты куәландыратын құжаттардың фотокөшірмелері (егер мұндайлар бар болса), қайтару туралы құжат, сондай-ақ қызығушылық тудыратын кез келген қосымша ақпарат қоса беріледі. Ілеспе хат пен оған қоса берілетін материалдар кіру құқығын беруден бас тартылған адамды қайтаруды жүзеге асыратын пайдаланушыға не адамды ертіп апару керек болғанда оны ертіп апаратын, межелі мемлекеттің мемлекеттік органдарына жеткізуге жауапты адамға беріледі. Бұл құжаттар транзит пунктіндегі және (немесе) бастапқы отырғызу пунктіндегі бақылау органдары үшін ақпарат ретінде пайдаланылады.
Құжаттардың жоғалғанын немесе жойылғанын растайтын, сондай-ақ жеке басты куәландыратын қолдан дайындалған, қолдан жасалған немесе жалған құжаттарға қатысты ілеспе хаттардың нысандарын ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қойған Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары әзірлейді.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.77. Пайдаланушы кіру құқығын беруден бас тартылған адамды қайтару кезінде транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің тиісті органдарына жоспарланған тасымалдау туралы хабарлайды.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.78. Адамның кіруге құқығының жоқ екендігі белгілі болған кезден бастап пайдаланушы күзету мен орналастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ тиісті құжаттары жоқ адамды күзетуге және оған қамқорлық жасауға байланысты шығыстарды төлейді және оны Қазақстан Республикасының аумағынан жөнелтілетін елге қайтаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.79. Қандай да бір адамға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беруден бас тартылған және ол Қазақстан Республикасының аумағынан жөнелту үшін қайтадан пайдаланушыға берілген жағдайларда оны қайтаруға байланысты көліктік шығыстардың бәрін пайдаланушы осы адамнан өндіріп алады.
80. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағына кіру құқығын беруден бас тартылған адамдарды қайтару кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтық шараларын қабылдайды.
Сақтық шараларын пайдаланушы өзінің қауіпсіздікті қамтамасыз ететін персоналын пайдаланып қамтамасыз етеді немесе құзыретті персоналды жалдайды.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.81. Пайдаланушы кіру құқығын беруден бас тартылған адамды:
1) көрсетілген адам өзінің сапарын бастаған пунктке;
2) көрсетілген адамның кіруіне рұқсат берілген кез келген басқа жерге жібереді.
82. Қазақстан Республикасының аумағына ұшып келген немесе ол арқылы өтетін жолаушылардың құжаттары тиісті дәрежеде ресімделмегені анықталған, ал пайдаланушылар жолаушылардың Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін белгіленген құжаттарға қойылатын талаптарды сақтауы үшін тиісті шараларды қолданғанын дәлелдей алған жағдайларда, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары пайдаланушыларға айыппұл салмайды.
83. Пайдаланушылар өзара түсіністік туралы меморандумдарға не осы тараптар арасында жасалған басқа келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен тиісті дәрежеде ресімделмеген құжаттары бар адамдарды тасымалдауға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану үшін ынтымақтастық жасаған және бұл ынтымақтастық тиісті органдарды қанағаттандырған жағдайларда, мұндай адамдарды Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау кезінде қолданылатын айыппұлдар немесе санкциялар қайта қаралады.
84. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган құжаттардың жоғалғанын немесе жойылғанын растайтын, көрсетілген адамға кіру құқығын беруден бас тартқан басқа мемлекеттің уәкілетті органдары берген, сондай-ақ жеке басты куәландыратын қолдан дайындалған, қолдан жасалған немесе жалған құжаттарға қатысты ілеспе хатты және оған қоса берілген материалдарды қону және келу мән-жайларын растайтын, адамды тексеруді жүзеге асыру үшін жеткілікті құжаттама ретінде таниды.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.85. Адамды Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары оған соттың шығарып жіберу туралы шешімін табыстайды.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.86. Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары белгілі бір адамдарға Қазақстан Республикасының аумағынан әуе жолымен кетуге нұсқама берілген жағдайларда пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық сақтық шараларын қабылдай алуы үшін оларды рейстің кесте бойынша ұшу уақытына дейін кемінде жиырма төрт сағат бұрын алдын ала хабардар етіп, мынадай ақпарат береді:
1) шығарып жіберілетін адам ретінде айқындалатын адамның жеке басын куәландыратын деректер;
2) шығарып жіберу себептері;
3) ертіп апаратын адамдардың/айдауылдардың (бар болса) жеке басын куәландыратын деректер және азаматтығы;
4) денсаулық жағдайын, тасымалдауға психикалық және физикалық жарамдылығын, тасымалдауға әзірлігін немесе әзір еместігін, мінез-құлық моделін және бұрын зорлық-зомбылық жасау жағдайларын қоса алғанда, шығарып жіберілетін адамның біреуді ертіп немесе ертпей жөнелтуге жарамдылығын айқындайтын тәуекелді бағалау нәтижелері туралы;
5) пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төнуінің ықтималдығын бағалауына мүмкіндік беретін өзге де ақпарат.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.87. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган басқа мемлекеттерден депортацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының өзінің аумағына кіруіне рұқсат береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұруға рұқсат етілген және жарамды дәлелі бар, басқа мемлекеттен депортацияланған адамның кіруіне ерекше көңіл бөледі.
88. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары шығарып жіберілетін адамды ертіп апару керек деп шешсе, маршрутқа аралық мемлекетте транзиттік аялдау кіретін болса, ал мүдделі мемлекеттік органдар мен транзит жеріндегі тиісті пайдаланушы қолайлы баламалы жоспарды келгенге дейін келіспеген болса, пайдаланушы ертіп апаратын адамның (адамдардың) шығарып жіберілетін адам соңғы межелі пунктке жеткенше онымен бірге болуын (болуларын) қамтамасыз етеді.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-тарау. Жүктер мен басқа заттарды әкелу және әкету
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
89. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы тексеріп қарауды талап ететін тауарларды және мұндай тексеріп қараудың ауқымын айқындау мақсатында тәуекелді басқару жүйесін пайдаланады.
90. Мүмкін болған жағдайларда, импортталатын немесе экспортталатын тауарларды физикалық тексеріп қарауды оңайлататын тексерудің немесе тексеріп қараудың техникалық құралдары қолданылады.
91. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы импортталатын тауарларды немесе экспортқа арналған тауарларды шығаруға немесе кедендік тазартуға қажетті ақпаратты ғана беруге лимит белгілейді.
92. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы импортталатын тауарларды немесе экспортқа арналған тауарларды шығаруды кідіртуге әкеп соқтырмайтын мерзімде және келісімдерге сәйкес статистикалық деректер жинауды көздейді.
93. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының қажетті техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, жүк ведомосін және/немесе авиакөлік жүкқұжаттарын қоса алғанда, тауарлардың импортына немесе экспортына арналған құжаттар электронды нысанда ұсынылып, тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне беріледі.
94. Жүк ведомосін және авиакөлік жүкқұжаттарын жасауды және ұсынуды пайдаланушы немесе оның уәкілетті агенті жүзеге асырады. Тауарларды кедендік тазартуға қажетті басқа құжаттаманы жасауды және ұсынуды декларант жүзеге асырады.
95. Электрондық деректер алмасуды оңайлату үшін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мемлекеттік немесе жекеше тараптардың бәрінің бірлескен жүйелерді енгізуін және тиісті стандарттар мен халықаралық деңгейде қабылданған хаттамаларды пайдалануын көтермелейді.
95-1. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өзі беретін барлық электрондық паспорттарды сәйкестендіру үшін қажетті ашық кілттердің деректерін ИКАО-ның ашық кілттер директориясына жүктейді.
Ескерту. 5-тарау 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.96. Экспорттық жүктерді ресімдеу үшін құжаттар ұсынуды талап ететін Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы өз талаптарын экспорттық декларацияны көрсетумен шектейді.
97. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы экспортталатын жүктерді/тауарларды шығару рәсімін әуе кемесі ұшып шыққанға дейін аяқтауды қамтамасыз етеді.
98. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы экспортталатын жүктерді/тауарларды ресімдеу үшін осы мақсатта бекітілген кеден органына көрсетуге рұқсат береді. Жүктерді/тауарларды осы кеден органынан оларды шекарадан тыс жөнелтуге тиіс әуежайға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
99. Тірі жануарлар, жылдам бұзылуға бейім (тез бұзылатын) тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының нұсқауы бойынша шұғыл тексеріп қарауды талап ететін тауарлар бірінші кезекте тексеріп қаралуға тиіс.
100. Жеке меншік және иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж ретінде тасымалданатын жүк ретінде мәлімделген жүктерді ресімдеу оңайлатылған рәсімдер бойынша жүргізіледі.
101. Әкелінген тауарлар белгіленген межелі пунктте аварияның немесе еңсерілмес күштің әрекет етуінің себебінен не тасудың (тасымалдаудың) қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде түсірілмеген болса, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы мынадай шарттармен айыппұл, өсімпұл немесе өзге де осыған ұқсас алымдар өндіріп алмайды:
1) пайдаланушы немесе оның уәкілетті агенті Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органын осы факт жөнінде хабардар еткен;
2) тауарлардың түсірілмеуінің Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы қабылдарлық маңызды себебі болған;
3) жүк ведомосі тиісінше өзгертілген.
102. Қателіктердің немесе өңдеуге байланысты проблемалардың салдарынан тауарлар жүк ведомосіне енгізілместен әуежайда түсірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мынадай шарттармен айыппұл, өсімпұл немесе өзге де осыған ұқсас алымдар өндіріп алмайды:
1) пайдаланушы немесе оның уәкілетті агенті Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органын осы факт жөнінде белгіленген уақыт ішінде хабардар еткен;
2) тауарлар туралы мәліметтерді ұсынбаудың Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы қабылдарлық маңызды себебі болған;
3) жүк ведомосі тиісінше өзгертілген;
4) тауарлар тиісті кедендік режим бойынша орналастырылған.
103. Көлік құралын жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге немесе оны пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтар кедендік төлемдер мен салық төлеуден босатылады.
104. Кедендік төлемдер мен салық төлеуден шартты түрде босатылып әкелінген борт жабдығын, қосалқы бөлшектерді, жерүсті жабдығын және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықты, сондай-ақ олардың алмастырылатын бөлшектерін пайдаланушылар немесе олардың уәкілетті агенттері бір біріне уақытша пайдалануға береді.
105. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы пайдаланушының халықаралық әуе тасымалын орындауға байланысты пайдаланылатын құжаттарының кедендік төлемдер мен салық өндіріп алынбай әкелінуін көздейді.
106. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы басқа мемлекеттердің пайдаланушыларына контейнерлер мен науаларды әкелген пайдаланушыға олардың тиесілі болу-болмауына қарамастан, оларды халықаралық рейспен ұшып шығатын әуе кемелерінде пайдалану не оларды өзгеше түрде кері экспорттау шартымен оларды төлемдерді төлеуден босата отырып уақытша әкелуге Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып рұқсат береді. Контейнерлер мен науалар әуежай шегінен тыс шығарылмайды және борт жабдығының бір бөлігі ретінде пайдаланылады.
107. Контейнерлер мен науалардың кері экспортталғанын растау талап етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы пайдаланушының немесе оның уәкілетті агентінің тиісті құжаттамасын осындай растау ретінде қабылдайтын болады.
108. Уақытша әкелінген контейнерлер мен науалар кедендік рәсімдерге орналастырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы оларды әуежайдан тыс жерлерде сақтауға рұқсат береді.
109. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы уақытша әкелінген контейнерлер мен науаларды Қазақстан Республикасының кез келген кеден пункті арқылы шығаруға рұқсат береді.
110. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы осы Бағдарламаның 106-тармағының ережелеріне сәйкес импортталған контейнерлер мен науаларды жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектерді уақытша әкелуге рұқсат береді.
111. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы пошта жөнелтімдерін өңдеуді, жөнелтуді және кедендік тазартуды жүзеге асыру кезінде Бүкіләлемдік пошта одағы пошта құжаттарына қатысты белгілеген рәсімдерді сақтайды.
6-тарау. Халықаралық әуежайлардағы тасымалдау құралдары және қызметтері
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
112. Құрылыстардың жаңаларын жобалау және қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде авиациялық қауіпсіздікті және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қозғалыс легін оңтайлы реттеуді қамтамасыз етуге, формальдылықтарды оңайлатуға, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін оңтайлы орындауына барынша жағдай жасау жөніндегі талапқа мүлтіксіз сай келетін жобалық шешімдері ескеру қажет.
113. Жолаушыларға есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын заңсыз алып өткен жағдайдағы ықтимал маңызды салдары және аталған әрекет үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын бұзғаны үшін айыпты деп танылған адамдарға қатысты қолданылуы мүмкін жазалау шаралары туралы ақпарат беру және алдын ала ескерту мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларының көрнекті жерлерінде хабарландырулар, кітапшалар орналастырылады.
114. Жолаушыларды және халықты рейстердің келуі, жөнелтілуі және кідіруі және әсіресе, келу немесе жөнелтілу уақыты бойынша соңғы сәтте жасалған өзгерістер туралы, сондай-ақ ұшаққа отыруға шығу нөмірлерінің өзгерістері туралы толық хабардар етуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында дауыс зорайтқыш байланыстың қосымша жүйесі қосылған ақпараттық тақталар немесе таблолар (мониторлар) орнатылады.
115. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары әуежай мен қала арасында жылдам және сенімді көлік байланысын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.
116. Ресімдеу рәсімдерін жылдамдату, сондай-ақ перрондық қызмет көрсету және әуе кемелерінің тұру уақытын қысқарту мақсатында барлық типтегі және санаттағы әуе кемелерінің (тұрақты және тұрақсыз рейстерді орындайтын, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияның әуе кемелерінің) ыңғайлы тұруын және оларға перрондық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданылады. Бұл үшін:
1) әуе кемелерінің тұрақ орындарын ыңғайлы орналастыру үшін олардың жүктерін мүмкіндігінше аэровокзалға жақын жерде тиеуді және түсіруді жылдамдату мақсатында тиісті шаралар қолдану;
2) перрондағы қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін жүк тиеу немесе түсіру жүргізіліп жатпаған әуе кемелеріне әуежай ғимаратынан қашық жерден тұрақ орындарын бөлу, сондай-ақ осы орындарды тиімді пайдалану үшін шаралар қолдану;
3) тұрақ орындарын әуе кемелеріне перрондық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жылдам орындау үшін қажетті құралдармен жабдықтау;
4) жүктерді тиеу және түсіру уақытында әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде қолданылатын шараларға көңіл бөлу;
5) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары белгілеген сағаттарда әуе кемелеріне жанармай құю үшін қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
6) егер бұл қажет болса, қашықтық және авиациялық қауіпсіздік қажеттілігін есепке ала отырып, сондай-ақ тұрақ орындарын оңтайлы пайдалану нәтижесінде перрондардағы әуе кемелерінің тұрақ орындары мен аэровокзалдардың арасында жерүсті көліктің жүруін қамтамасыз ету;
7) қажетті жағдайларда халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелеріне әуе кемесін, жолаушыларды, экипаж мүшелерін және багажды тексеріп қарауды жүргізуге болатын тұрақ орындарын беру қажет.
117. Әуежайлар аэровокзалдардың ұшып шығу және транзиттік залдарында бала күтіміне арналған бөлмелерді ұйымдастыруды көздейді. Бөлмелер бала күтіміне қажетті құралдармен жабдықталады және мұндай үй-жайлардың орналасуы тиісті белгілермен белгіленеді.
118. Әуежайлар аэровокзалдың ғимараттары арасында, сондай-ақ аэровокзалдың қашықтағы тұрақтары мен ғимараттары арасында қолдануға болатын жерлерде үнемі жүріп тұратын қолжетімді көлік құралдарын қажетті мөлшерде қамтамасыз етеді.
119. Багажды тіркеу орны жерүсті көлігі келіп тоқтайтын орынға барынша жақын орналастырылады.
120. Багажды сұрыптау, тасымалдау, межелі пунктін белгілеу және тиеу үшін арнайы құрылғылар қолданылады. Әуежай:
1) көп көлемдегі багажды барынша аз уақыт ішінде сұрыптауға, тасымалдауға және тиеуге мүмкіндік беретін механикаландырылған жүйелердің болуын;
2) багаждың кімге тиесілі екендігін анықтау, оны сұрыптау және іздеу үшін багажды сәйкестендірудің бірегей жүйесін қолдануды көздейді. Бұл жүйе бойынша электронды құралдардың көмегімен автоматты түрде оқылатын және пайдаланушыларға, әуежайлар мен жүк экспедиторларына берілетін бірегей нөмірі бар кодталған багаж биркаларын қолдануды көздейді;
3) багаж контейнерлерін орналастыруға және мұндай контейнерлердің ішіндегісін қайта сұрыптауға арналған орындардың болуын;
4) жүктеменің көлеміне қарай бос багаж контейнерлерін өңдейтін және сақтайтын механикалық құралдардың болуын көздейді.
121. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары келетін жолаушылар мен экипажды тиісінше ресімдеудің кідіріссіз өткізілуі үшін бақылау пункттерінің жеткілікті санын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
122. Жолаушыларды кез келген кідіртуге жол бермеу мақсатында багажды, оның ішінде контейнерлердегі багажды тез түсіруді және оны багаж берілетін жерге жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қолданылады. Жүктеменің көлеміне байланысты жағдайларда, багажды түсірудің және жеткізудің механикаландырылған жүйелері пайдаланылады әрі қызмет көрсететін персоналдың жеткілікті саны үнемі әзірлікте болады.
123. Әуе кемесіне жанармай құю кезінде әуе кемесіне кіруге, одан шығуға арналған телескоптық жолаушылар трапын пайдалануды қамтамасыз ету үшін халықаралық әуежайлар техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолданады.
124. Әуежайдың транзиттік залдарында бір әуе кемесінен екіншісіне ауысып отырған жолаушыларды шекарадан өту рәсімдерін қолданбай ресімдеуге арналған тағандардың болуы көзделеді.
125. Әуежайлар азаматтық авиация ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында қысқа мерзімді транзиттік аялдама жасаған кезде экипаж мүшелері әуе кемесіне жүк тиеу орнына жақын жерде орналасқан пункттен байланыс құралдары арқылы әуежайдың және азаматтық авиация ұйымдарына жеке бармай-ақ, осы ұйымдардың қызметтерімен байланысқа шығу мүмкіндігін беруге бағытталған шараларды қабылдайды.
126. Қазақстан Республикасының әуежайлары әуежайдың бақыланатын аймағында багаж сақтайтын үй-жайларды көздейді.
127. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайының бақыланатын аймағында талап етілмеген, иесі анықталмаған және қате жіберілген багаж жөнелтілгенге, беруге ұсынылғанға немесе жойылғанға дейін оны сақтауға арналған үй-жайлар жабдықталады, мұндай багажға пайдаланушының персоналы әуежай жұмыс істеп тұрған уақытта кіре алады.
128. Әуежайлар аэровокзал ғимараттарындағы жолаушылар легінің қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жолаушылардың келу және/немесе кету аймақтарындағы қоғамдық немесе бақыланбайтын үй-жайларда топтардың/труппалардың ұйымдастырушылары үшін құралдарды орналастыруды көздейді.
129. Әуежайлар жүк әуе кемелерінің және олар тасымалдайтын жүктердің әуежайдың жүк терминалы аймағында қабылдануы және ресімделуі үшін шаралар қолданады.
130. Жүктерді тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау кезінде орынды деп танылған механикаландырылған және автоматтандырылған құрылғылар қолданылады.
131. Әуежайларда немесе оның шегінен тыс басқа жерлерде бос контейнерлерді уақытша сақтау үшін жеткілікті алаңдар мен құралдар көзделеді.
132. Әуежайдың бақыланатын аймағындағы жүк терминалы арнайы жүктерді сақтауға арналған тиісті құралдармен жабдықталады.
133. Ірі габаритті немесе ауыр жүк жөнелтімдерін әуежайдан импорттаушының, агенттің немесе экспедитордың үй-жайына дейін тиісті көлік құралдарымен тікелей жеткізу Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының рұқсатымен жүргізіледі деген шартпен және осы рұқсатта айтылған шарттар сақталған жағдайда әуежайларда осындай жеткізуге арналған құралдар көзделеді.
134. Әуежайларда Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының қадағалауымен транзиттік жүкті дереу немесе одан әрі тасымалдау үшін оларды бөлшектеуге, сұрыптауға және қайта жинақтауға болатын үлкен және ыңғайлы алаңқайлардың болуы көзделеді. Тиісті ереже қолданылған жағдайда авиациялық қауіпсіздікті және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың айналымын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ескеріледі.
135. Жүктерді өңдеу қабілеті жеткіліксіз, ал оны кеңейту мүмкіндіктері шектеулі немесе мұндай мүмкіндік жоқ әуежайларда кедендік қоймалар әуежайлардың шегінен тыс жерлерде салынады және кедендік тазарту процесін жылдамдату әрі әуежайлардың қойма үй-жайларының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін жүктердің аталған әуежай мен қоймалардың арасындағы қозғалысқа байланысты формальдылықтар барынша азайтылады.
136. Пошта жөнелтімдерінің көлемі қомақты болған жағдайларда, әуежайларда авиациялық қауіпсіздік және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың айналымын бақылау шаралары сақтала отырып, пошта жөнелтімдерін анықтау, сұрыптау және одан әрі тасымалдау үшін жеткілікті орын санының, сондай-ақ құралдардың болуы көзделеді.
137. Әуежайларда әуе кемелеріне, экипаждарға, жолаушыларға, багажға, жүктерге, пошта жөнелтімдеріне және борт қорларына қатысты санитариялық, эпидемиологиялық және карантиндік іс-шараларды (жануарлар мен өсімдіктер тасымалданса) жүргізуге арналған құралдар қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 137-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.138. Әуежайларда медициналық көмек көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен жасақталған, жылдам, кезек күттірмейтін іс-қимылға (араласуға) даярланған персоналдың болуы көзделеді.
139. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары әуежайларда қолма-қол шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына айырбастау (конвертациялау) тәртібі туралы көрнекі ақпаратты қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.
7-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық болып табылмайтын әуежайларына қону
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
140. Техникалық, мәжбүрлі қонуды және гуманитарлық рейстерді, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуды орындау кезіндегі ерекше жағдайларда әуе кемелерінің қонуы мен ұшып шығуы халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, кеден органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар берген уақытша рұқсат болған жағдайда ғана орындалады.
141. Әуе кемесінің командирі немесе дәрежесі жағынан одан кейінгі экипаж мүшесі Қазақстан Республикасының әуе қозғалысы органдарына мәжбүрлі қону туралы хабарлайды.
142. Қонғаннан кейін әуе кемесінің ұшуы мейлінше қысқа мерзімде қайтадан қалпына келтірілсе, мынадай рәсімдер қолданылады:
1) әуе кемесінің келген кезде бортында болған жүктемемен жөнелтілуіне сайып келетін бақылау шаралары. Егер пайдалану себептеріне немесе басқа да себептерге байланысты жүктемені немесе оның бір бөлігін сол рейспен одан әрі тасымалдау мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары оны ресімдеуді жеделдетіп, осы жүктемені межелі пунктке одан әрі жылдам тасымалдауға жәрдемдеседі;
2) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары өздерінің қадағалауында болатын тиісті аймақты айқындайды, жолаушылар мен экипаж аялдау уақытында сонда бола алады;
3) әуе кемесінің командирі ұшып шығуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының бір ғана мемлекеттік мекемесіне өтініш береді (қажетті диспетчерлік рұқсаттарды есептемегенде).
143. Әуе кемесі ұзақ уақыт кезеңіне кідірген немесе ұшуды жалғастыру мүмкін болмаған жағдайларда, мынадай рәсімдер қолданылады:
1) егер әуе кемесінің командирі Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарынан нұсқау күтіп отырса және ол немесе экипаж мүшелері осы органдармен байланыс орната алмаса, ол жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе кемесі мен ондағы жүктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданады;
2) қауіпсіздік тұрғысынан жүк, борт қорлары және иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж әуе кемесінен түсірілген жағдайда, олар іргелес жатқан аймаққа орналастырылады және формальдылықтар аяқталғанға дейін сол жерде қалады.
Ескерту. 143-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8-тарау. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау кезіндегі формальдылықтарды оңайлату
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
144. Әуе көлігімен сапарға шыққан мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиісті қызмет көрсетілетініне кепілдік беретін ахуалдық көмек көрсетіледі. Мұндай көмек адамның ар-намысына тимейтіндей түрде көрсетіледі.
145. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары пайдаланушылармен және Қазақстан Республикасының әуежайларымен, жерүсті қызмет көрсету жөніндегі агенттермен және туристік агенттіктермен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті ақпарат беру мақсатында барлық шараларды, сондай-ақ пайдаланушылардың, әуежайлардың, жерүсті қызмет көрсету жөніндегі агенттердің және туристік агенттіктердің мұндай жолаушыларға сапар барысында көмек көрсету олардың қажеттіліктеріне қарай жәрдем көрсетуін қамтамасыз ететін шараларды қолданады.
146. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы құрылыстар мен қызметтердің мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сай болуы үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
147. Әуежайлар есту және көру қабілеті нашар жолаушылардың рейстер туралы барлық қажетті ақпаратты алуы үшін тиісті шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді.
148. Отырғызу немесе түсіру аэровокзал ғимаратында жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы бөлінген орындарды негізгі кіретін есікке жақын орналастыру қажет және оларда кедергілер болмауға тиіс.
149. Бір әуе кемесінен екіншісіне отырғызған кезде мүмкіндігі шектеулі адамдарға рейстердің тоғысу уақытын ескере отырып, барынша жылдам көмек көрсетіледі.
150. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қосалқы (компенсаторлық) техникалық құралдарын тасу үшін орын жеткілікті болса, олар жолаушылар салонында тегін тасымалданады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға ілесіп жүретін қызметтік жануарлар да Қазақстан Республикасының тиісті нормаларын немесе пайдаланушының белгіленген рәсімдерін сақтау шартымен жолаушылар салонында осындай жолаушы креслосының жанында тегін тасымалданады.
151. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау кезінде ертіп жүретін адамның болуы қажет болған жағдайларда, пайдаланушылар мұндай ертіп жүретін адамды тасымалдауға пайдаланушының қағидаларына сәйкес жеңілдік жасайды.
152. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әуе кемесіне кіруін жеңілдету үшін әуежайлар жабдықтармен, әуе кемесіне отырғызатын жеңіл арбалармен, сондай-ақ көлік құралдарымен немесе құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
9-тарау. Формальдылықтарды оңайлату жөніндегі өзге де ережелер
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
153. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган әуе кемесінің жоғалуына немесе зақымдалуына байланысты жүргізілетін іздестіру, құтқару операцияларын, авиациялық оқыс оқиғаны тергеуді, мүлікті жөндеуді немесе құтқаруды жүргізу үшін қажетті білікті персоналды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіргізуді қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.
154. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары басқа мемлекетке тиесілі әуе кемесінің зақымдалуына байланысты жүзеге асырылатын іздестіру, құтқару, авиациялық оқыс оқиғаны тергеу, мүлікті жөндеу немесе құтқару үшін қажетті барлық әуе кемелерін, құралдарды, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіргізу рәсімін жеңілдетеді.
155. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары зақымдалған әуе кемелерін де, Қазақстан Республикасының аумағына көмек көрсету үшін келген әуе кемелерін де, сондай-ақ Қазақстан Республикасына іздестіру, құтқару, авиациялық оқыс оқиғаны тергеу, мүлікті жөндеу немесе құтқару үшін жеткізілген құралдарды, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан алып шығуды жеңілдетеді.
156. Зақымдалған әуе кемелеріне немесе олардың бөлшектеріне, оларға тиелген борт қорларының немесе жүктердің бәріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына іздестіруді, құтқаруды, авиациялық оқыс оқиғаны тергеуді, мүлікті жөндеуді немесе құтқаруды жүргізу үшін уақытша жеткізілген және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылмаған барлық әуе кемелеріне, құралдарға, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің қолданысы таралады.
Ескерту. 156-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.157. Егер авиациялық оқыс оқиғаны тергеуге байланысты зақымдалған әуе кемесінің бір бөлігін немесе бөліктерін техникалық тексеріп қарау немесе сынау үшін басқа мемлекетке жіберу қажет болса, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы мемлекеттік органы тиісті бөлікті немесе бөліктерді шығаруды қамтамасыз етеді.
158. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары теңіз акваториясының ластануына қарсы күресте немесе оның ластануының алдын алу үшін не теңіздегі қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе теңіз ортасын қорғау үшін қажетті басқа операцияларда пайдаланылатын әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуін қамтамасыз етеді.
159. Төтенше және дағдарысты жағдайлардың салдарын жою, терроризм актілерін оқшаулау, әскери қақтығыстар қаупін болдырмау үшін жіберілетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құралымдарының, құтқару бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарының көлік құралдары, қару-жарағы, материалдық-техникалық құралдары мен жеке құрамы әуежайларда әуе кемесінің бортына отырғызу/одан шығару пунктіне кедергісіз, тексеріп қарамай өткізіледі. Ұшып шығу туралы әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ), ұшып шығу және ұшып келу пунктінің басшысы (ауысым бастығы) хабардар етіледі.
Тасымалдау кезінде жауынгерлік қару оқталмаған күйде болады және оқ-дәріден бөлек тасымалданады, сондай-ақ мөрленетін немесе пломбаланатын арнайы ыдысқа, жәшіктерге салынады.
Объектішілік режимді және АҚҚ бақылау-өткізу пунктіне кіру (шығу) үшін ұсынылатын тізім бойынша бақылауды, сондай-ақ өткізу режимін қамтамасыз етуді АҚҚ басшылығы реттейді.
Әуежайдың АҚҚ қызметкерлері көлік құралымен әуе кемесіне дейін және кері қарай ілесіп баруды жүзеге асырады.
160. Әуе кемесінің бортына ірі габаритті жүктерді жеткізудің қауіпсіз тізбегін ұйымдастыру шеңберінде, сондай-ақ тиімді бақылауды жүзеге асыру мақсатында АҚҚ қызметкерлері әуежайдан тыс жердегі ірі габаритті және тез бұзылатын жүктердің партияларын қалыптастыру орындарына тікелей шыға отырып, тексеріп қарауды жүзеге асырады. Жүктерді тексеріп қарау металл іздегіштердің көмегімен, газ талдағыштарды, қызметтік иттерді пайдалана отырып не шолып қарау арқылы жүргізіледі. Көрсетілген жүкті тасымалдайтын көлік құралдары пломбаланады және оларға әуе кемесінің бортына дейін АҚҚ тексеріп қарау қызметкерлері ілесіп барады.
161. Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықтарды оңайлату мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, ұсынымдар дайындау және тиімді шараларды қарау мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықтарды оңайлату жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссияның құрамын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Формальдылықтарды оңайлату мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету және мүдделі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының әуежайларындағы азаматтық авиация ұйымдарының өзара іс-қимыл жасауын үйлестіру мақсатында Формальдылықтарды оңайлату жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиялары (бұдан әрі - әуежай комиссиясы) құрылады. Әуежай комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық авиация ұйымдарының өкілдері кіреді.
Әуежай комиссиясының төрағасы болып әуежайдың бірінші басшысы немесе оның әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары тағайындалады.
162. Әрбір әуежайда осы Бағдарламаға және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес әуежайлардың формальдылықтарын оңайлату жөніндегі бағдарламалар әзірленеді, олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі.
Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.163. "Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) сәйкес пайдаланушы рейс пен әрбір жолаушыға қатысты ресімделген билеттер туралы мәліметтерді авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеу үшін ақпараттық жүйеге жібереді.
Ескерту. 9-тарау 163-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10-тарау. Халықаралық тасымалдар кезіндегі денсаулық сақтауға қатысты ережелер
Ескерту. Бағдарлама 10-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
164. Егер конвенциялық ауруға қарсы екпе туралы құжаттың болуы талап етілсе, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы вакцинациялау және ревакцинациялау туралы халықаралық куәлікті таниды, оның нысанын Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларда (бұдан әрі – ХМСҚ) ДДСҰ ұсынады.
165. ХМСҚ-ға сәйкес инфекциялық ауру тараған ауданнан әуе жолымен келетін және бұл ауру өздерінде инкубациялық кезеңде өтіп жатуы мүмкін жолаушылар, сондай-ақ адам инфекциялық аурудан күдіктеніп, денсаулық жағдайына байланысты шағым айтқан жағдайда медициналық қарап-тексеруден өткізіледі.
166. ХМСҚ мен ДДСҰ-ға сәйкес стандартталған құжаттарды қоса алғанда, денсаулық жағдайына қатысты құжаттар Қазақстан Республикасы арқылы транзит немесе Қазақстан Республикасына келу мақсаттары үшін инфекциялық аурудың таралуының профилактикасы және оны тежеу жөніндегі талаптарды жолаушылар мен экипаж мүшелерінің орындағанын құжаттамалық растау ретінде қабылданады.
167. Безгекке қарсы қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына ұшып келген кезде ұшу персоналы мен жолаушыларға денсаулық сақтау мақсатында болған жері туралы ақпарат картасын толтыру ұсынылады.
Денсаулық сақтау мақсатында жолаушының болған жері туралы ақпарат картасының нысанын ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
168. Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін денсаулық жағдайы туралы құжаттама тапсыру туралы талап қойылатын болса, мүдделі мемлекеттік органдар әуе кемелерінің жолаушылары мен пайдаланушыларын осындай талаптар мен олардағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету жөнінде шара қабылдайды.
169. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әуе кемелерін пайдаланушыларға жолаушылар ұсынатын, ХМСҚ-қа сәйкес ДДСҰ стандарттаған медициналық-санитариялық құжаттаманың төлнұсқалығын растау мақсатында оларды бағалауда көмек көрсетеді.
170. Кіру пункттерінде Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органы тасымалдау және сақтау құралдарын қоса алғанда, жол жүретін адамдар пайдаланатын құралдардың санитариялық күйде ұсталуын, инфекция немесе контаминация көзі болмауын қамтамасыз етеді.
171. Әуе кемесінің бортында және әуежайда тұтынуға жарамды өнімдерді (азық-түлік, сусындар және су қоры) өңдеу және бөлу рәсімдерін даярланған персонал орындайды әрі олар ХМСҚ-ға, ДДСҰ-ның және Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі – ФАО) тиісті ұсынымдарына сай болады.
Әуежайлар мен әуе кемелерін пайдаланушылардың қалдықтарды сұрыптауын, бақылауын және кәдеге жаратуын қоса алғанда, қалдықтарды өңдеу мен жою ХМСҚ-қа, ДДСҰ мен ФАО-ның тиісті ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етіледі.