Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты қолданылуы тауарлардың шығарылған жеріне байланысты жекелеген реттеу шараларының бірыңғай тізілімінің нысанын бекіту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 16 желтоқсандағы № 126 шешімі

      2023 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса берілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты қолданылуы тауарлардың шығарылған жеріне байланысты жекелеген реттеу шараларының бірыңғай тізілімінің нысаны (әрі қарай – бірыңғай тізілім) бекітілсін.

      2. Бірыңғай тізілімнің уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен (әрі қарай – мүше мемлекеттер) жекелеген реттеу шарасы енгізілген нормативтік құқықтық актілерге бірыңғай тізілімде қамтылған ақпаратқа қатысты өзгерістер енгізілген жағдайда немесе олардың күші жойылған (бас тартылған) жағдайда бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны алдын ала, бірақ мүше мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актісі күшіне енетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын (осы актінің көшірмесін қоса бере отырып) хабардар етуді сұратылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімнің күшіне ену күнінен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  2025 жылғы 16 желтоқсандағы
Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
№ 126 Шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты қолданылуы тауарлардың шығарылған жеріне байланысты жекелеген реттеу шараларының бірыңғай тізілімінің НЫСАНЫ

т/т №

Реттеу шарасының түрі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауар атауы

Реттеу шарасын енгізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің реттеу шарасы енгізілген нормативтік құқықтық актісі туралы мәліметтер

Реттеу шарасының жарамдылық мерзімі

Реттеу шарасы туралы ақпаратты бірыңғай тізілімге қосу күні

Өзге ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Ескертпелер: 1. 2-бағанда тауарлардың шығарылған жеріне байланысты қолданылатын реттеу шараларының келесі түрлері көрсетіледі: тауарларды әкетуге тыйым салу, тауарларды әкетуге сандық шектеулер немесе тауарларды әкетудің рұқсат беру тәртібі.
      2. 3-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (әрі қарай – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың коды тиісті реттеу шарасы белгіленген деңгейде көрсетіледі.
      3. Осы бірыңғай тізілімді қолдану мақсатында тек ЕАЭО СЭҚ ТН коды басшылыққа алынады, 4-бағандағы тауардың атауы пайдалануға қолайлылық үшін келтірілген. Бұл ретте 3-бағанда "*" белгісімен көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН коды болған жағдайда ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.

Об утверждении формы единого реестра отдельных мер регулирования в отношении товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза, применение которых зависит от происхождения товаров

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 декабря 2025 года № 126

      В соответствии с пунктом 4 статьи 4 Соглашения о гармонизированной системе определения происхождения товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза, подписанного 4 декабря 2023 г., Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемую форму единого реестра отдельных мер регулирования в отношении товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза, применение которых зависит от происхождения товаров (далее – единый реестр).

      2. В целях обеспечения своевременного обновления единого реестра просить правительства государств – членов Евразийского экономического союза (далее – государства-члены) в случае внесения в нормативные правовые акты, в соответствии с которыми введена отдельная мера регулирования, изменений, касающихся содержащейся в едином реестре информации, или признания их утратившими силу (отмены) уведомлять об этом Евразийскую экономическую комиссию заблаговременно, но не позднее 3 календарных дней до даты вступления в силу соответствующего нормативного правового акта государства-члена (с приложением копии этого акта).

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу Соглашения о гармонизированной системе определения происхождения товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза, подписанного 4 декабря 2023 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Б. Сагинтаев

ФОРМА
единого реестра отдельных мер регулирования в отношении товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза, применение которых зависит от происхождения товаров

№ п/п

Вид меры регулирования

Код
ТН ВЭД
ЕАЭС

Наименование товара

Государство – член Евразийского экономического союза, которое ввело меру регулирования

Сведения
о нормативном правовом акте государства –члена Евразийского экономического союза, которым введена мера регулирования

Период действия меры
регулирования

Дата включения информации о мере регулирования в единый реестр

Иная информация

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Примечания: 1. В графе 2 указываются следующие виды мер регулирования, применение которых зависит от происхождения товаров: запрет на вывоз товаров, количественные ограничения вывоза товаров или разрешительный порядок вывоза товаров.

      2. В графе 3 указывается код товара в соответствии с единой Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС) на том же уровне, на котором установлена соответствующая мера регулирования.

      3. Для целей применения настоящего единого реестра следует руководствоваться исключительно кодом ТН ВЭД ЕАЭС, наименование товара в графе 4 приведено для удобства пользования. При этом в случае указания в графе 3 кода ТН ВЭД ЕАЭС с отметкой "*" следует руководствоваться как кодом ТН ВЭД ЕАЭС, так и наименованием товара.