Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22 бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 220 В айнымалы ток кернеуі бар қол электр аспабын білдіретін, ішінде желдеткіші бар электр қозғалтқышы, қыздыру элементі, шүмек, режимдерді ауыстырып қосқыш, термоқорғаныштық қаптама бар тапанша түріндегі тұтқасы бар корпустан тұратын және беттері мен материалдарын ыстық ауаның бағытталған ағынымен өңдеуге (мысалы, бояуларды кетіру, пластмассаларды қалыптау және дәнекерлеу, термошөгімді құбырларды қыздыру және материалды қыздыру, дәнекерлеу және қалайылау, желімді қосылыстарды (тігістерді) жұмсарту, су өткізгіш құбырларды еріту және т. б. қажеттілікке байланысты ұқсас жұмыстарды жүргізу мақсатында) арналған құрылыс (техникалық) кептіргіш сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасы интерпретациясының 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8467 29 850 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы |
Б. Сұлтанов |