Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Бұл автомобильдің қозғалтқышына немесе салонға түсетін ауаны тазартуға арналған, гофрленген қағаздан немесе тоқыма материалынан жасалған, қаңқасы немесе негізі гофрленген қағаздан немесе тоқыма материалынан басқа материалдардан жасалған, автомобиль қозғалтқышының немесе автомобильдің ішкі желдету жүйесінің ауа сүзгісіне арналған ауыстырылатын картридж болып табылатын сүзгілеу элементі Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі 1 және 6 қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8421 99 000 субпозициясында сыныпталады.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |