Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру мақсатында:
1. Мүше мемлекеттер өз заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша, оның ішінде табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген құқықтық реттеуді жақындастыруға бағытталған, Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналасқан тізбеде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етсін: https://eec.eaeunion.org/upload/files/transport/project_07_2023.pdf
2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп 2028 жылғы бірінші жартыжылдықта Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін мүше мемлекеттердің осы өкімнің 1-тармағын орындауына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |