Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру тетіктерін құру және енгізу жөніндегі жұмыс барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржыландыру көздері мен тетіктеріне қатысты ұсыныстарды дайындасын және 2022 жылғы IV тоқсанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |