Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 62 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Тауарлардың орнын ауыстыру ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша) 176 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"177 | Инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтардың аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жабдықтау және техникалық жарақтандыру кезінде пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін немесе оларға қатысты кедендік бажды және қосылған құн салығын төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін демеуқаржы берілетін жобаға қатысушылардың ғылыми-технологиялық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар (акцизделетін тауарлардан басқа) (Ресей Федерациясы үшін) |
178 | 177 кодта көрсетілген тауарлардан басқа инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтардың аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жабдықтау және техникалық жарақтандыру кезінде пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін немесе жобаға қатысушылардың ғылыми-технологиялық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)". |
2. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):
а) 3-бөлімде 03031 кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"03031 |
Валюталық бақылау саласында талаптардың сақталуын растайтын құжат: |
б) 9-бөлімде 09990 кодты позиция алып тасталсын;
в) 10-бөлімде 10062 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"10063 | Федералдық кеден қызметі мен инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтың басқарушы компаниясы арасында Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 1443 қаулысында белгіленген тәртіппен федералдық бюджеттен демеуқаржы беру туралы келісім (Ресей Федерациясы үшін) |
10064 | Кәдеге жарату алымын есептеу (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін)"; |
г) мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:
"12. Кедендік бақылауды және кедендік сараптаманы өткізу нәтижелері туралы кедендік құжаттар | |
12001 | Түсініктеме |
12002 | 12003 және 12006 кодты позицияларда аталған құжаттардан басқа, кедендік тексеру (кедендік қарау) актісі |
12003 | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өздерімен бірге алып жүретін багажда жеке пайдалану үшін орнын ауыстыратын тауарларды кедендік тексеру (кедендік қарау) актісі |
12004 | Жеке кедендік тексеру актісі |
12005 | Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісі |
12006 | Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік тексеру (кедендік қарау) актісі |
12007 | Камералдық кедендік тексеруді өткізу нәтижелері бойынша жасалған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделген акт немесе өзге де құжат |
12008 | Көшпелі кедендік тексеруді өткізу нәтижелері бойынша жасалған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделген акт немесе өзге де құжат |
12009 | Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы |
12010 | Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша жасалған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделген акт немесе өзге де құжат |
12990 | Кедендік тексеру мен кедендік сараптаманы өткізу нәтижелері туралы өзге де құжаттар". |