Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсанындағы № 10/134-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы № 35/384-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 168 және 170 баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950-16 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      2-тарау көрсетілген шешімнің 10-1-тармағымен толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:

      "10-1. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін адамның уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жылына 1 рет, табыстарын есепке алмай, санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

О внесении дополнения в решение маслихата Катон-Карагайского района от 26 декабря 2023 года № 10/134-VIІІ "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18 марта 2026 года № 35/384-VIII

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", статей 168 и 170 Социального Кодекса Республики Казахстан маслихат Катон-Карагайского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Катон-Карагайского района "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 26 декабря 2023 года № 10/134-VIІІ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №8950-16) следующее изменение:

      главу 2 дополнить пунктом 10-1 к указанному решению в следующей редакции:

      "10-1. Лицо, сопровождающее лицо с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение, имеет право на возмещение местными исполнительными органами стоимости пребывания в санаторно-курортной организации без учета доходов, 1 раз в год в размере семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, определяемой уполномоченным государственным органом (за исключением лиц с инвалидностью, получивших трудовое увечье или профессиональное заболевание по вине работодателя) .".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Б. Болаев