Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 110) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Мырзабосынов |
| бұйрығына қосымша |
Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі норматив
Осы норматив шеңберінде "Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының құрамын қалыптастыру %" кезінде кестеде көрсетілетін спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі көрсеткіші қолданылады;
Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының үлесі тиісті кешенді спорттық іс-шара бойынша делегация құрамына енгізілген спортшылардың бекітілген тізбесі негізінде жүзеге асырылады;
Есепке жарысты ұйымдастырушылардың талаптарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген аккредиттеу рәсімінен өткен адамдар ғана қабылданады;
"Спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі, %" көрсеткіші спорт делегациясының құрамына енгізілген өкілдердің санын спорт делегациясының құрамына енгізілген спортшылардың жалпы санына бөлу жолымен айқындалады, кейінен алынған мәнді 100-ге көбейтіледі.
Есептеу формуласы:
Өкілдердің үлесі (%) = (Өкілдер саны / Спортшылар саны) х 100.