ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын.
2. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидалары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
3. "Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. "Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391 бірлескен бұйрығының негізінде берілген тауарларды әкету рұқсаттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2026 жылғы 31 желтоқсаннан аспайтын мерзіміне дейін қолданылады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құзыреті шеңберінде осы бірлескен бұйрықтың тармақтарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың қабылданғаны туралы хабарлама жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау, сондай-ақ пилоттық жобаны жүргізудің ай сайынғы мониторингі жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция, өнеркәсіп және құрылыс, жасанды интеллект және цифрлық даму, қаржы, көлік, туризм және спорт вице-министрлеріне жүктелсін.
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және бір жыл бойы қолданыста болады.
| Бірлескен бұйрыққа 1-қосымша |
Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) көлік саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) көрсетілетін қызметті беруші – жекелеген тауар түрлерінің экспортына (әкетуге) қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсететін, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган, цифрландыру саласындағы уәкілетті орган, көлік саласындағы уәкілетті орган;
4) өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);
7) тауарлар – бұған дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге әкетілетін, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес оларға қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілетін тауарлар;
8) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган- аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер, байланыс саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект.
3. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу "қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
4. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ол қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген түрлерін және 2-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялық, компьютерлік жабдықтың, оның бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлерін, 3-қосымшаға сәйкес авиациялық өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлерін әкету осы Қағидалардың 7-10-тармақтарына сәйкес берілген рұқсаттар болған кезде жүзеге асырылады (бұдан әрі – рұқсат беру тәртібі).
6. Рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға:
1) және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың (СТ-KZ, СТ-1) түпнұсқасы немесе қазақстандық өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме болған кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығатын;
2) СТ-1 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және әкелуді жүзеге асыруға негіз болған құжаттар болған кезде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылған және бұрын Қазақстан Республикасына әкелінген;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32759 болып тіркелген) бекітілген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларымен көзделген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі берген лицензия болған кездегі;
4) жеке тұлғалардың алып жүретін багажындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға;
5) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтар мен техниканы техникалық қызмет көрсету, жөндеу, кепілдік міндеттемелерді орындау және (немесе) олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ғана, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің растауы болған кезде, түпнұсқа қосалқы бөлшектерді, тораптар мен құрамдастарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
6) 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеуде жасалған тасымалдарды қадағалау үшін Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, қадағалау объектілерінің тасымалдарын қадағалауды қамтамасыз ететін ұлттық оператор әкететін навигациялық пломбаларға қолданылмайды.
7. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкетуге рұқсат беру арқылы іске асырады.
8. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әкетуге рұқсат беру арқылы іске асырады.
9. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әкетуге рұқсат беру арқылы іске асырады.
2-тарау. Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі
10. Осы Қағидаларға 1-3-қосымшаларда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге әкету көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларға беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
11. Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге тауарларды әкетуге рұқсат алу үшін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тауарлар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) және осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген тізбенің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тауарлар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар цифрландыру саласындағы уәкілетті органға Өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген тізбенің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген тауарлар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар көлік саласындағы уәкілетті органға Өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген тізбенің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
12. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 4), 8)-тармақшаларында көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ресімдейді және оны өтініш берушіге жолдайды, ол өтініш берушінің жеке кабинетінде және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның "КЕДЕН" цифрлық жүйесінде көрсетіледі.
13. Тауарларды әкетуге рұқсат беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
14. Рұқсат беруге өтініш түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші:
1) өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтінішін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жібереді;
2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы мен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және талдайды;
3) 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат (немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту) жобасын әзірлейді, келіседі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі (рұқсат не дәлелді бас тарту) өтініш берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады.
15. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі, бірақ осы бірлескен бұйрықтың қолданыс мерзімінен аспауға тиіс.
16. Тауарларды әкету рұқсатта көрсетілген өткізу пункттері арқылы ғана жүзеге асырылады.
17. Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім көрсетілетін қызмет берушімен мынадай жағдайларда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда және (немесе) олардың құрамындағы деректерде (мәліметтерде) шындыққа сай келмейтін ақпараттың анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, шектеулі қолжетімділіктегі жеке деректерге қол жеткізуге Қазақстан Республикасының "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;
4) осы Қағидаларда көзделген талаптардың сақталмауы;
5) рұқсат беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
6) тауарлардың шығу тегі туралы преференциялық немесе преференциялық емес сертификаттың болмауы немесе авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатының болмауы, немесе шыққан елі Ұлыбритания, АҚШ, Еуропалық Одақ болуы;
7) эксплуатант сертификатының немесе авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатының болмауы (осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген тауарларға қатысты).
18. Берілген рұқсаттарға, оның ішінде техникалық сипаттағы өзгерістерді енгізуге жол берілмейді.
19. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатта (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) мәліметтер өзгертілген жағдайда, өтініш беруші берілген рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерістерді растайтын өтініш пен құжаттарды, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың орындалуы туралы мәліметтерді қоса бере отырып, жаңа рұқсатты ресімдеу туралы өтінішпен бес жұмыс күні ішінде жүгінуге міндетті.
20. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім рұқсатты берген көрсетілетін қызметті берушімен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда рәсімделеді:
1) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша;
2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатта (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) мәліметтер өзгертілген жағдайда;
3) құжаттарда анық емес мәліметтердің анықталуы;
4) рұқсат беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысының тоқтатылуы;
5) рұқсатты беру кезінде белгіленген тәртіп сақталған жағдайда берілмеуге тиіс рұқсаттың берілуіне әкеп соққан, жол берілген бұзушылықтардың анықталуы;
6) рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы сот шешімінің болуы.
21. Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда "Е-лицензиялау" Цифрлық жүйесі "Е-лицензиялау" Цифрлық жүйесінің және "КЕДЕН" Цифрлық жүйесінің сыртқы порталына рұқсатты тоқтатудың қол қойылған үлгісін жібереді және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетеді, сондай-ақ рұқсаттың мәртебесі "тоқтатылды" болып өзгереді.
22. Тауарларды әкетуге рұқсат алған көрсетілетін қызметті алушылар рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде рұқсатты берген көрсетілетін қызметті берушіге тауарларды әкетуге арналған рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
3-тарау. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша |
Өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген түрлері
Ескертпе. *Осы қосымшаның мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа алу қажет. Тауарлардың атаулары тек пайдалану ыңғайлылығы үшін келтірілген.
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша |
Телекоммуникациялық, компьютерлік жабдықтың, оның бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлері
Р/с № | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Тауардың атауы |
1. | 8471 50 000 0 | — 8471 41 немесе 8471 49 қосалқы позицияларында сипатталғандардан өзгеше, бiр корпуста мынадай құрылғылардың есте сақтау құрылғысының, енгiзу құрылғысының, шығару құрылғысының бipeуi немесе екеуi болатын деректер өңдеу блоктары |
2 | 8471 80 000 0 | Есептеу машиналарының құрылғылары (өңдеу блоктарынан, енгізу немесе шығару блоктарынан және сақтау блоктарынан басқа) |
3. | 8486 10 000 1 | — — лазерліктен басқа, жарық немесе фотонды сәулелену процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтіндер |
4. | 8486 10 000 9 | — — өзгелері |
5. | 8486 20 100 0 | — — ультрадыбыс процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтін станоктар |
6. | 8486 20 900 1 | Жартылай өткізгіш аспаптарды өндіруде пайдаланылатын, лазерден басқа, жарық немесе фотонды сәулелену процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтін жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралдық схемаларды өндіруге арналған машиналар мен аппаратуралар |
7. | 8486 20 900 2 | Жартылай өткізгіш материалдардағы үлгіні құрғақ оюға арналған жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралдық схемаларды өндіруге арналған машиналар мен аппаратура |
8. | 8486 20 900 3 | Фоторезисті алып тастауға немесе жартылай өткізгіш пластиналарды тазартуға арналған жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралдық схемаларды өндіруге арналған машиналар мен аппаратура |
9. | 8486 20 900 4 | Жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралдық схемаларды өндіруге арналған машиналар мен аппаратура жартылай өткізгіш аспаптарды өндіруде пайдаланылатын иілгіш, жиекті иілгіш, дұрыс (престерді қоса алғанда) машиналар |
10. | 8486 20 900 5 | Жартылай өткізгіш аспаптарды немесе электрондық интегралдық схемаларды өндіруге арналған машиналар мен аппаратура сенсибилизацияланған жартылай өткізгіш материалдарға Маска суретін проекциялауға немесе салуға арналған аппаратура |
11. | 8486 20 900 9 | — — — өзгелері |
12. | 8486 40 000 1 | — — жартылайөткізгіш құрылғыларда суреттердің маскілері мен фотошаблондарын жасауға немесе қайта қалпына келтіруге фокустелген иондық сәулені пайдаланатын фрезерлік станоктар |
13. | 8486 40 000 2 | — — сурет шығаратын, фоторезистпен қапталған астарлардан маскілер мен фотошаблондар жасауда пайдаланылатын фотокамералар |
14. | 8486 40 000 3 | — — сурет шығаратын, фоторезистпен қапталған астарлардан маскілер мен фотошаблондар жасауда пайдаланылатын белгі салғыш аспаптар |
15. | 8486 40 000 9 | — — өзгелері |
16. | 8517 62 000 2 | Дауысты, кескіндерді немесе басқа деректерді, соның ішінде коммутациялық құрылғылар мен маршрутизаторларды қабылдауға, түрлендіруге және беруге немесе қалпына келтіруге арналған машиналар, тек 1270 – 1610 НМ тасымалдаушы толқын ұзындығы диапазонында жұмыс істейтін талшықты-оптикалық байланыс жүйелеріне арналған аппаратура |
17. | 8517 62 000 3 | — — — — өзгелері |
18. | 8517 62 000 9 | — — — өзгелері |
19. | 8517 69 100 0 | — — — бейнетелефондар |
20. | 8517 69 200 0 | — — — домофондар |
21. | 8517 69 310 0 | — — — — шақыру сигналдарын немесе пейджингтік хабарларды қабылдауға арналған портативті қабылдағыштар |
22. | 8517 69 390 0 | — — — — өзгелері |
23. | 8517 69 900 0 | — — — өзгелері |
24. | 8525 89 110 0 | — — — — үш немесе одан көп таратқыш тұтқалары бар |
25. | 8525 89 190 0 | — — — — өзгелері |
26. | 8525 89 300 0 | — — — цифрлық камералар |
27. | 8525 89 910 1 | — — — — — таспаның ені 1,3 см-ден аспайтын бейнетюнермен біріктірілген немесе біріктірілмеген, сол корпуста телевизиялық тарату камерасы бар, таспаның қозғалыс жылдамдығы 50 мм/с-тан аспайтын жазуды немесе жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілетті, магниттік таспада бейне жазатын немесе бейнені жаңғыртатын аппаратура |
28. | 8525 89 910 9 | — — — — — өзгелері |
29. | 8525 89 990 0 | — — — — өзгелері |
30. | 8526 91 200 0 | – – – радионавигациялық қабылдағыштар |
31. | 8526 91 800 0 | — — — өзгелері |
32. | 8529 90 101 4 | — — — — 8524 11 001 4, 8524 12 001 4, 8524 19 001 4, 8524 91 001 4, 8524 92 001 4, 8524 99 001 4 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
33. | 8529 90 101 6 | — — — — 8524 11 001 6, 8524 12 001 6, 8524 19 001 6, 8524 91 001 6, 8524 92 001 6, 8524 99 001 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
34. | 8529 90 101 7 | — — — — 8524 11 001 7, 8524 12 001 7, 8524 19 001 7, 8524 91 001 7, 8524 92 001 7, 8524 99 001 7 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
35. | 8529 90 101 9 | — — — — 8524 11 001 9, 8524 12 001 9, 8524 19 001 9, 8524 91 001 9, 8524 92 001 9, 8524 99 001 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
36. | 8529 90 102 3 | — — — — 8524 11 002 3, 8524 12 002 3, 8524 19 002 3, 8524 91 002 3, 8524 92 002 3, 8524 99 002 3 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
37. | 8529 90 102 7 | — — — — 8524 11 002 7, 8524 12 002 7, 8524 19 002 7, 8524 91 002 7, 8524 92 002 7, 8524 99 002 7 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
38. | 8529 90 102 9 | — — — — 8524 11 002 9, 8524 12 002 9, 8524 19 002 9, 8524 91 002 9, 8524 92 002 9, 8524 99 002 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
39. | 8529 90 103 5 | — — — — 8524 11 003 5, 8524 12 003 5, 8524 19 003 5, 8524 91 003 5, 8524 92 003 5, 8524 99 003 5 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
40. | 8529 90 103 9 | — — — — 8524 11 003 9, 8524 12 003 9, 8524 19 003 9, 8524 91 003 9, 8524 92 003 9, 8524 99 003 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
41. | 8529 90 104 6 | — — — — 8524 11 004 6, 8524 12 004 6, 8524 19 004 6, 8524 91 004 6, 8524 92 004 6, 8524 99 004 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
42. | 8529 90 104 9 | — — — — 8524 11 004 9, 8524 12 004 9, 8524 19 004 9, 8524 91 004 9, 8524 92 004 9, 8524 99 004 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
43. | 8529 90 105 6 | — — — — 8524 11 005 6, 8524 12 005 6, 8524 19 005 6, 8524 91 005 6, 8524 92 005 6, 8524 99 005 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
44. | 8529 90 105 9 | — — — — 8524 11 005 9, 8524 12 005 9, 8524 19 005 9, 8524 91 005 9, 8524 92 005 9, 8524 99 005 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
45. | 8529 90 106 9 | — — — — 8524 11 006 9, 8524 12 006 9, 8524 19 006 9, 8524 91 006 9, 8524 92 006 9, 8524 99 006 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
46. | 8529 90 107 2 | — — — — 8524 11 007 2, 8524 12 007 2, 8524 19 007 2, 8524 91 007 2, 8524 92 007 2, 8524 99 007 2 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
47. | 8529 90 107 4 | — — — — 8524 11 007 4, 8524 12 007 4, 8524 19 007 4, 8524 91 007 4, 8524 92 007 4, 8524 99 007 4 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
48. | 8529 90 107 6 | — — — — 8524 11 007 6, 8524 12 007 6, 8524 19 007 6, 8524 91 007 6, 8524 92 007 6, 8524 99 007 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
49. | 8529 90 109 0 | — — — 8524 11 009 0, 8524 12 009 0, 8524 19 009 0, 8524 91 009 0, 8524 92 009 0, 8524 99 009 0 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
50. | 8529 90 200 2 | — — — — 8525 60 000 1, 8525 60 000 9, 8525 81 300 0, 8525 82 300 0, 8525 83 300 0 және 8525 89 300 0 позициялары аппаратурасының бөліктері |
51. | 8529 90 200 8 | — — — — өзгелері |
52. | 8529 90 650 8 | — — — — — өзгелері |
53. | 8529 90 960 0 | — — — — — өзгелері |
54. | 8532 24 000 0 | Өзге де тұрақты сыйымдылықтағы конденсаторлар: көп қабатты керамикалық |
55. | 8534 00 110 0 | Баспа схемалары: көп қабатты баспа схемалары |
56. | 8534 00 190 0 | — — өзгелері |
57. | 8534 00 900 0 | Баспа схемалары: басқа пассивті элементтермен |
58. | 8536 69 100 0 | — — — коаксиалды кабельдер үшін |
59. | 8536 69 300 0 | — — — баспа схемалары үшін |
60. | 8541 10 000 1 | Фотодиодтардан немесе жарықдиодтардан (LED) басқа диодтар жартылай өткізгіш пластиналар, әлі кристалдарға кесілмеген |
61. | 8541 10 000 9 | — — өзгелері |
62. | 8541 21 000 0 | — — шашырату қуаты 1 Вт-тан кем |
63. | 8541 29 000 0 | — — өзгелері |
64. | 8541 30 000 1 | Тиристорлар, динисторлар және тринисторлар, фотосезімтал құрылғылардан басқа: 8701 – 8705 тауар позицияларындағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған |
65 | 8541 30 000 9 | Тиристорлар, динисторлар және тринисторлар, фотосезімтал құрылғылардан басқа: өзгелері |
66. | 8541 49 000 0 | — — өзгелері |
67. | 8541 51 000 0 | — — жартылай өткізгіштер негізіндегі түрлендіргіштер |
68. | 8541 59 000 0 | — — өзгелері |
69. | 8542 31 100 1 | Интегралды Электрондық схемалар: 32 нанометрден аспайтын технологиялық процесс бойынша өндірілген сақтау құрылғыларымен, түрлендіргіштермен, логикалық схемалармен, күшейткіштермен, синхронизаторлармен немесе басқа схемалармен біріктірілген немесе біріктірілмеген процессорлар мен контроллерлер |
70. | 8542 31 100 9 | — — — — өзгелері |
71. | 8542 31 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
72. | 8542 31 901 0 | Электрондық интегралды схемалар: процессорлар мен контроллерлер, жад құрылғыларымен, түрлендіргіштермен, логикалық схемалармен, күшейткіштермен, синхронизаторлармен немесе басқа схемалармен біріктірілген немесе біріктірілмеген, монолиттік интегралды |
73. | 8542 31 909 0 | — — — — өзгелері |
74. | 8542 32 100 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iii) ескертпеде аталған тауарлар |
75. | 8542 32 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
76. | 8542 32 310 0 | Электрондық интегралды схемалар: жады 512 Мбиттен аспайтын сақтау құрылғылары |
77. | 8542 32 390 0 | Электрондық интегралды схемалар: жады 512 Мбиттен асатын сақтау құрылғылары |
78. | 8542 32 450 0 | Электрондық интегралды схемалар: жад құрылғылары статикалық жедел жад құрылғылары (СЖЖҚ), соның ішінде " кэш " - кездейсоқ іріктелген жад |
79. | 8542 32 550 0 | Электрондық интегралды схемалар: сақтау құрылғылары қайта бағдарламаланатын тұрақты ультракүлгін өшіру сақтау құрылғылары (ППЗУ УФС) |
80. | 8542 32 610 0 | флэш-ЭС ППЗУ: жад көлемі 512 Мбиттен аспайтын |
81. | 8542 32 690 0 | флэш-ЭС ППЗУ: жады 512 Мбиттен асады |
82. | 8542 32 750 0 | — — — — — өзгелері |
83. | 8542 32 900 0 | — — — — өзге де есте сақтау құрылғылары |
84. | 8542 33 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
85. | 8542 33 900 0 | — — — өзгелері |
86. | 8542 39 100 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iii) ескертпеде аталған тауарлар |
87. | 8542 39 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
88. | 8542 39 901 0 | — — — — монолитті интегралды схемалар |
89. | 8542 39 909 0 | — — — — өзгелері |
90. | 8543 20 000 0 | — сигнал генераторлары |
91. | 8548 00 200 0 | Электр жабдықтары немесе аппараттарының бөлшектері, осы топта басқа жерде көрсетілмеген немесе топқа кірмеген, әртүрлі жады құрылғылары, стек-динамикалық оперативті жады құрылғылары және модульдер |
92. | 8548 00 900 0 | — өзгелері |
93. | 8807 90 000 2 | – – ғарыш аппараттарына (соның ішінде спутниктер) |
94. | 8807 90 000 3 | – – суборбиталық және ғарыштық зымыран тасымалдаушылар |
95. | 9030 82 000 0 | Жартылай өткізгіш пластиналарды немесе құрылғыларды өлшеу немесе тексеру құралдары мен аппаратурасы (интегралды схемаларды қоса алғанда) |
Ескертпе. *Осы қосымшаның мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа алу қажет. Тауарлардың атаулары тек пайдалану ыңғайлылығы үшін келтірілген.
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша |
Азаматтық мақсаттағы авиациялық техникаға арналған тауарлардың жекелеген түрлері
Ескертпе. *Тауарлар номенклатурасы коды және атауы бойынша айқындалады
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 4-қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 5 -қосымша Нысан |
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына өтініш
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі ел | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Шекарадағы өткізу пункті | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы |
18. электрондық цифрлық қолтаңба | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына өтініш жобасын көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
*статистикалық құны – өтініш берілген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің АҚШ доллары бағамымен көрсетілген құны
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 6 -қосымша |
|
| Нысан |
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі ел | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Шекарадағы өткізу пункті | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы |
18. Көліктік қолтаңба | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасын көрсетілетін қызметті беруші Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
*статистикалық құны – өтініш берілген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің АҚШ доллары бағамымен көрсетілген құны
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 7 -қосымша |
|
| Нысан |
Уәкілетті органның ресми бланкі
Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес рұқсаттың қолданылуын келесі негіздер бойынша тоқтады:___________ негіздемелер
Уәкілетті тұлғаның қолы
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 8 -қосымша |
|
| Нысан |
Уәкілетті органның ресми бланкі
Дәлелді бас тарту
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, ________ жылғы № ________
Сіздің өтінішінізді келесіні, мынаны хабарлайды: ______________ негіздемелер
Көліктік қолтаңба
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 9 -қосымша |
|
| Нысан |
Экспорт және (немесе) импорт тауарлары бойынша рұқсаттың орындалуы туралы анықтама
(тыйымдар мен шектеулерді сақтау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі) | (рұқсат иесінің атауы) | |
Экспорт және (немесе) импорт тауарлары бойынша рұқсаттың орындалуы туралы анықтама
1. Рұқсат № | 2. Рұқсат берілген күні | |||||||||||
3. Мемлекеттік кірістер органында бақылауға алынғандағы рұқсаттың тіркеу № | 4. Рұқсатты бақылауға алу күні | |||||||||||
5. Нақты орындалуы | Саны | Өлшем бірлігі | ||||||||||
6. Қалдық | Саны | |||||||||||
7. Рұқсатты бақылаудан алу негіздері (қажеттіні белгілеңіз) | 7.1. Рұқсат мерзімінің аяқталуы | 7.2. Рұқсатта көрсетілген тауар көлемінің толық пайдаланылуы | 7.3. Рұқсат иесінің өтініші | 7.4. Рұқсат әрекетінің тоқтатылуы немесе уақытша тоқтатылуы туралы хабарлама | ||||||||
8. Ескертпе | ||||||||||||
Өтініш берушінің уәкілетті өкілі
(тыйымдар мен шектеулерді сақтау функциясын жүзеге асыратын кеден органының бөлімшесінің атауы) | (қолы, жеке нөмірлі мөрі) | (күні) | (аты-жөні) |
Ескертпе: Осы нысанның 5-тармағында рұқсат бойынша нақты шығарылған (немесе әкелінген) тауар көлемі көрсетіледі (рұқсатта көрсетілген өлшем бірліктерде).
Осы форманың 6-тармағындағы қалдық рұқсатта көрсетілген тауар көлемі мен нақты шығарылған (немесе әкелінген) тауар көлемінің айырмашылығы ретінде анықталады.
| Бірлескен бұйрыққа 2-қосымша |
Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ойын бизнесі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ойын бизнесі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, жекелеген тауар түрлерінің импортына (әкелуге) қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсететін уәкілетті орган;
3) ойын автоматы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес оған қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілетін тауар;
4) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты Әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) жасалатын адам (әкімшілік актінің адресаты);
5) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект:
3. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу "қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
4. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ол қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
5. Ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларға беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет казино және ойын автоматтары залының қызметімен айналысуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі - Өтініш), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбенің 8-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
8. Көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ресімдейді, ол өтініш берушінің жеке кабинетінде және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның "КЕДЕН" Цифрлық жүйесінде көрсетіледі.
9. Ойын автоматтарын әкелуге рұқсат беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
10. Рұқсат беруге өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші:
1) өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтінішін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жібереді;
2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы мен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және талдайды;
3) 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат (немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту) жобасын әзірлейді, келіседі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі (рұқсат не дәлелді бас тарту) өтініш берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады.
11. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
12. Тауарларды әкелу рұқсатта көрсетілген өткізу пункттері арқылы ғана жүзеге асырылады.
13. Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім көрсетілетін қызмет берушімен мынадай жағдайларда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда және (немесе) олардың құрамындағы деректерде (мәліметтерде) шындыққа сай келмейтін ақпараттың анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, шектеулі қолжетімділіктегі жеке деректерге қол жеткізуге Қазақстан Республикасының "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;
4) осы Қағидаларда көзделген талаптардың сақталмауы;
5) рұқсат беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
6) казино және ойын автоматтары залының қызметімен айналысуға лицензияның болмауы;
14. Берілген рұқсаттарға, оның ішінде техникалық сипаттағы өзгерістерді енгізуге жол берілмейді
15. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке басын куәландыратын құжатта (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) мәліметтер өзгертілген жағдайда, өтініш беруші берілген рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерістерді растайтын өтініш пен сканерленген құжаттарды, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың орындалуы туралы мәліметтерді қоса бере отырып, жаңа рұқсатты ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
16. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім рұқсатты берген көрсетілетін қызметті берушімен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай жағдайларда рәсімделеді:
1) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша;
2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке басын куәландыратын құжатта (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) мәліметтер өзгертілген жағдайда;
3) құжаттарда анық емес мәліметтердің анықталуы;
4) рұқсат беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысының тоқтатылуы;
5) рұқсатты беру кезінде белгіленген тәртіп сақталған жағдайда берілмеуге тиіс рұқсаттың берілуіне әкеп соққан, жол берілген бұзушылықтардың анықталуы;
6) сот шешімінің болуы.
17. Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда "Е-лицензиялау" Цифрлық жүйесі "Е-лицензиялау" Цифрлық жүйесінің және "КЕДЕН" Цифрлық жүйесінің сыртқы порталына рұқсатты тоқтатудың қол қойылған үлгісін жібереді және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетеді, сондай-ақ рұқсаттың мәртебесі "тоқтатылды" болып өзгереді.
18. Ойын автоматтарын әкелуге рұқсат алған көрсетілетін қызметті алушылар рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес рұқсатты берген көрсетілетін қызметті берушіге ойын автоматтарын әкелуге арналған рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
2-тарау. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
20. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 1- қосымша |
Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін
№ р/н | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Тауардың атауы |
1. | 9504 30 100 0 | — — — ойын автоматтары (экран арқылы көрсетілетін, монета, банкнот, банктік карта, жетон немесе сол сияқты төлем құралдары арқылы жұмыс істейтін басқа да ойындар; боулингке арналған автоматтандырылған жабдықтардан тыс) |
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 2- қосымша 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру "мемлекеттік қызметін көрсетуіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 3- қосымша |
|
| Нысан |
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына өтініш
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ИМПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы | |
7. Жөнелту елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Шекарадағы өткізу пункті | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы |
18. электрондық цифрлық қолтаңба | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына өтініш жобасын көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.
*статистикалық құны – өтініш берілген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің АҚШ доллары бағамымен көрсетілген құны
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 4- қосымша |
|
| Нысан |
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | импорт | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы | |
7. Жөнелту елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Шекарадағы өткізу пункті | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы |
18. Көліктік қолтаңба | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасын көрсетілетін қызметті беруші Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
*статистикалық құны – өтініш берілген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің АҚШ доллары бағамымен көрсетілген құны
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 5- қосымша |
|
| Нысан |
Уәкілетті органның ресми бланкі
Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес рұқсаттың қолданылуын келесі негіздер бойынша тоқтады:___________ негіздемелер
Уәкілетті тұлғаның қолы
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың |
|
| жекелеген түрлерін Қазақстан | |
| Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 6- қосымша |
|
| Нысан |
Уәкілетті органның ресми бланкі
Дәлелді бас тарту
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, ________ жылғы № ________
Сіздің өтінішіңізді келесіні, мынаны хабарлайды: ______________ негіздемелер
Көліктік қолтаңба
| Құмар ойындарын өткізуді ұйымдастыру үшін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру қағидаларына 7- қосымша |
|
| Нысан |
Экспорт және (немесе) импорт тауарлары бойынша рұқсаттың орындалуы туралы анықтама
(тыйымдар мен шектеулерді сақтау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі) | (рұқсат иесінің атауы) | |
Экспорт және (немесе) импорт тауарлары бойынша рұқсаттың орындалуы туралы анықтама
1. Рұқсат № | 2. Рұқсат берілген күні | |||||||||||
3. Мемлекеттік кірістер органында бақылауға алынғандағы рұқсаттың тіркеу № | 4. Рұқсатты бақылауға алу күні | |||||||||||
5. Нақты орындалуы | Саны | Өлшем бірлігі | ||||||||||
6. Қалдық | Саны | |||||||||||
7. Рұқсатты бақылаудан алу негіздері (қажеттіні белгілеңіз) | 7.1. Рұқсат мерзімінің аяқталуы | 7.2. Рұқсатта көрсетілген тауар көлемінің толық пайдаланылуы | 7.3. Рұқсат иесінің өтініші | 7.4. Рұқсат әрекетінің тоқтатылуы немесе уақытша тоқтатылуы туралы хабарлама | ||||||||
8. Ескертпе | ||||||||||||
Өтініш берушінің уәкілетті өкілі
(тыйымдар мен шектеулерді сақтау функциясын жүзеге асыратын кеден органының бөлімшесінің атауы) | (қолы, жеке нөмірлі мөрі) | (күні) | (аты-жөні) |
Ескертпе: Осы нысанның 5-тармағында рұқсат бойынша нақты шығарылған (немесе әкелінген) тауар көлемі көрсетіледі (рұқсатта көрсетілген өлшем бірліктерде).
Осы форманың 6-тармағындағы қалдық рұқсатта көрсетілген тауар көлемі мен нақты шығарылған (немесе әкелінген) тауар көлемінің айырмашылығы ретінде анықталады.