Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733-15 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1. тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген нормалар шегінде есептейді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы | А. Бердағұлов |