Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 347 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 377 бұйрығына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жиналу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шарбақты ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Г. Смаилханова |
| Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтар № 165/55 шешіміне 1-қосымша |
Шарбақты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтар № 165/55 шешіміне 2-қосымша |
Шарбақты ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер
№ п/п | Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 394,34 |
2 | Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | 1 м3 | 1772,33 |