Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадагы "Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 63/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7418-14 болып тіркелген), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Кағидаларында:
7-тармақ 3-1) тармақшасы үшінші, төртінші, бесінші, алтынші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім, немесе жеке басын куәландыратын құжат қоса берілген өтініш, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, немесе әлеуметтік маңызы бар ауру фактісін растайтын құжат негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде "Қатерлі ісіктер, адам иммунитет тапшылығы вирусынан (АИВ) тудырған ауру, "Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы", "Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай)" аурумен ауратын адамдарға;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім, немесе жеке басын куәландыратын құжат қоса берілген өтініш, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, немесе әлеуметтік маңызы бар ауру фактісін растайтын құжат негізінде 2 (екі) АЕК мөлшерінде "Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары" аурумен ауратын адамдарға;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім, немесе жеке басын куәландыратын құжат қоса берілген өтініш, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, немесе әлеуметтік маңызы бар ауру фактісін растайтын құжат негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде "Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары, "Нерв жүйесінің дегенаративті аурулары", "Ми қан айналымының жедел бұзылуы (1 жыл)", "Эпилепсия" аурумен ауратын адамдарға;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім, немесе жеке басын куәландыратын құжат қоса берілген өтініш, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, немесе әлеуметтік маңызы бар ауру фактісін растайтын құжат негізінде 3 (үш) АЕК "Орфандық аурулар" ауратын адамдарға;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Железин аудандық мәслихаттының төрағасы | Т. Даулетов |