Меңдіқара ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 268 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері Меңдіқара ауданындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ. Рахметқалиев

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2026 год по Мендыкаринскому району

Решение маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 17 апреля 2026 года № 268

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" Мендыкаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на 2026 год в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания, в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в Мендыкаринском районе.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата К. Рахметкалиев