Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 22 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
17-тармақтың 16-тармақшасында "облыс, республикалық маңызы бар қалалар немесе астана" деген сөздердің орналасу реті "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды".
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде аумақтық әділет органына хабарлама жіберу;
3) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алтынсарин ауданының әкімі | А. Сартов |