"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелді) сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр айына 38,78 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | А. Сенчев |