Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 54 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

  Рудный қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "____" _________
  №____ қаулысымен
  бекітілді

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Рудный қаласының аумағында мәдениет және тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) Рудный қаласы әкімдігінің "Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) Рудный қаласы әкімдігінің "Қалалық тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Рудный қаласы әкімдігінің "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      4) "Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге және мекеменің регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мекемеде кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мәдениет және тіл саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату;

      3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

      4) мәдени дәстүрлердің сабақтастығын сақтау, дарынды тұлғаларды қолдау;

      5) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, қаланың клуб мекемелерінің, кітапханалардың, мұражайдың, қалалық саябақтың жұмысын жетілдіру;

      6) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының Бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау;

      7) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қалалық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Мекеменің, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      заңды және жеке тұлғаларға Мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Рудный қаласы және Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметін қолдайды және үйлестіреді;

      3) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы ұйымдарды күтіп-ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) облыстық ұйымдарда қаланың мәдениет және тілдерді дамыту саласының мүдделерін білдіреді;

      5) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді;

      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      8) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 75-бабында және 729-бабының 2-1) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

      9) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

      10) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс көрсетілетін қызметті жеткізушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типі мен түріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың орналастырылуын қамтамасыз етеді;

      11) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматта орындалуын қамтамасыз етеді;

      12) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;

      13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың дамуына жәрдемдеседі;

      14) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізеді;

      15) рұқсат беру органының сұрауы бойынша маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келіседі.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мекеме басшысының өкілеттігі:

      1) Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олармен заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлеріне, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады;

      6) Мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 29 января 2026 года № 54

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного.

      2. Государственному учреждению "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Рудного после его официального опубликования.

      3) уведомление органов юстиции о принятии нормативно-правового акта, не подлежащего государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Рудного.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Аким города Рудного В. Ионенко

  Утверждено
  постановлением акимата
  города Рудного
  от "____" _____ 2026 года
  №____

Положение о государственном учреждении "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Рудненский городской отдел культуры и развития языков" акимата города Рудного (далее - Учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере культуры и языковой политики на территории города Рудного.

      2. Учреждение имеет подведомственные организации:

      1) Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр культуры, досуга и творчества" акимата города Рудного;

      2) Коммунальное государственное учреждение "Городской центр обучения языкам" акимата города Рудного;

      3) Государственное коммунальное предприятие "Городской парк культуры и отдыха" акимата города Рудного;

      4) Государственное учреждение "Рудненская централизованная библиотечная система".

      3. Учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением и Регламентом Учреждения.

      4. Учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Учреждения утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 111500, Республика Казахстан, Костанайская область, город Рудный, улица Ленина, 95.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Учреждения.

      11. Финансирование деятельности Учреждения осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. В Учреждении не допускается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Учреждения.

      Если Учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) реализация государственной политики в сфере культуры и языковой политики;

      2) возрождение, сохранение, развитие и распространение историко-культурного наследия Республики Казахстан;

      3) создание условий для патриотического и эстетического воспитания граждан путем приобщения к ценностям национальной и мировой культуры;

      4) сохранение преемственности культурных традиций, поддержка талантливых личностей;

      5) обеспечение свободного доступа к культурным ценностям, совершенствование работы клубных учреждений города, библиотек, музея, городского парка;

      6) организация и проведение мероприятий, а также поддержка мероприятий, направленных на охрану и развитие национального культурного достояния и культурного наследия народа Казахстана, укрепление единого культурного пространства Республики Казахстан;

      7) развитие инфраструктуры и укрепление материально-технической базы городских организаций сферы культуры и развития языков.

      14. Полномочия:

      1) права:

      организация и осуществление в установленном законодательством порядке защиты прав и интересов Учреждения, в том числе в судах;

      дача юридическим и физическим лицам разъяснений по вопросам, отнесенным к компетенции Учреждения;

      осуществление иных прав в соответствии с действующим законодательством.

      2) обязанности:

      соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата города Рудный и Костанайской области.

      15. Функции:

      1) реализует государственную политику в области культуры и развития языков;

      2) поддерживает и координирует деятельность подведомственных учреждений в области культуры и развития языков;

      3) вносит предложения по формированию бюджета на содержание организаций сферы культуры и развития языков;

      4) представляет интересы сферы культуры и развития языков города в областных организациях;

      5) осуществляет комплекс мероприятий, направленных на поиск и поддержку талантливой молодежи и перспективных творческих коллективов;

      6) проводит мероприятия, направленные на развитие государственного и других языков;

      7) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;

      8) осуществляет рассмотрение дел об административных правонарушениях, предусмотренных статьей 75 и подпунктом 2-1) статьи 729 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях";

      9) утверждает государственный творческий заказ на финансирование творческих кружков для детей и юношества в пределах объемов бюджетных средств;

      10) обеспечивает размещение государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и юношества независимо от форм собственности поставщиков услуг государственного творческого заказа, их ведомственной подчиненности, типов и видов;

      11) обеспечивает исполнение всех этапов и процедур размещения, контроля качества и целевого освоения государственного творческого заказа в электронном и общедоступном форматах;

      12) осуществляет мониторинг деятельности организаций культуры, расположенных на соответствующей территории, и предоставляет в местный исполнительный орган области, города республиканского значения и столицы информацию, а также статистические отчеты установленной формы;

      13) организует работу по сохранению историко-культурного наследия, содействует развитию исторических, национальных и культурных традиций и обычаев;

      14) проводит аттестацию подведомственных государственных организаций культуры;

      15) согласование уведомления о размещении вывесок на соответствие требованиям законодательства Республики Казахстан о языках, по запросу разрешительного органа.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Учреждением осуществляет руководитель, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия руководителя Учреждения:

      1) назначает на должности и освобождает от должностей работников Учреждения;

      2) определяет обязанности и полномочия работников Учреждения;

      3) несет персональную ответственность за непринятие мер по противодействию коррупции;

      4) назначает на должность и освобождает от должности руководителей подведомственных государственных учреждений и предприятий, заключает с ними в установленном законодательством порядке договоры;

      5) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Учреждения, руководителей подведомственных государственных учреждений и предприятий;

      6) дает обязательные для исполнения работниками Учреждения указания и издает приказы;

      7) представляет Учреждение в государственных органах, иных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      19. Исполнение полномочий руководителя Учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Учреждением, относится к коммунальной собственности.

      22. Учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.