Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін айқындау туралы" 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 2194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 513 қаулысы

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін айқындау туралы" 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 2194 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Әкім М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "02" сәүрдегі
  № 513 қаулысына
  қосымша
  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 2194 қаулысына
  қосымша

Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

№ р/с

Ұйымның атауы

Таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

1

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 10% мөлшерінде

2

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 10% мөлшерінде


О внесении изменения в постановление акимата от 29 декабря 2025 года № 2194 "Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий акимата города Костаная"

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 2 апреля 2026 года № 513

      Акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата от 29 декабря 2025 года № 2194 "Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий акимата города Костаная, следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел государственных активов и закупок акимата города Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течении 5 рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копий в электронном виде на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Костаная после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Костаная.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким М. Жундубаев

  Приложение
  к постановлению акимата
  города Костаная
  от "02" апреля 2026 года
  № 513
  Приложение
  к постановлению
  акимата города Костаная
  от 29 декабря 2025 года
  № 2194

Норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Костаная

№ п/п

Наименование организации

Норматив отчисления части чистого дохода

1

Государственное коммунальное предприятие "Костанайский городской парк культуры и отдыха" акимата города Костаная государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная"

в размере 10% от суммы чистого дохода государственного предприятия

2

Государственное коммунальное казенное предприятие "Городской Дворец культуры "Мирас" отдела культуры, развития языков, акимата города Костаная"

в размере 10% от суммы чистого дохода государственного предприятия