Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24738 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы " ___ " _______ | |
| № ____ қаулысына қосымша |
"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері
№ | Қызметтер атауы | Өлшем бірлігі | Пайдалану уақыты | Тарифтер мөлшері (теңге) |
1. | Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну | 1 топ (20 адамға дейін) | 1 тәулік | 7816 |
2. | Жолсерік қызметін ұсыну | 1 топ (20 адамға дейін) | 1 тәулік | 3986 |
3. | Көлік (Газель NEXT) қызметін ұсыну | 1 бірлік (16 адамға дейін) | 1 тәулік | 68 692 |
4. |
Туристік құрал-жабдықтар ұсыну: |
1 бірлік |
1 тәулік |
2987 |
5. | Көлік тұрақтарын ұсыну | 1 бірлік | 1 тәулік | 827 |