"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 70 бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру Қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде жолдауды;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нағаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Өнеркәсіп және құрылыс министрінің | |
| 2026 жылғы 15 мамырдағы № 236 бұйрығымен бекітілген |
Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексінің 70 бабы 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Кодекстің 60 бабына сәйкес Бағдарламаны қатты пайдалы қазбалар жөніндегі құзыретті орган (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) әзірлейді және бекітеді.
3. Бағдарламаны қалыптастыру Кодекстің 68-1 бабы 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы–оныншы абзацтарында көзделген аумақтардың географиялық координаттары мен мәліметтері ескеріле отырып қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Бағдарламаны әзірлеу және бекіту тәртібі
4. Бағдарлама жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оны іске асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларға, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жарлықтарына, сондай-ақ осы Қағидалардың 12 тармағында көзделген аумақтар шекараларының өзгерістеріне сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қайта бекітіледі).
5. Бағдарлама тоқсанына кемінде бір рет әзірленеді.
6. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға тиісті органдардан келіп түскен мәліметтер мен ұсыныстар өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Кодекстің 19 бабы талаптарына қайшы келмейтін аумақтардың шекараларын айқындау немесе көрсету тұрғысынан, сондай-ақ Кодекстің 25 және 26 баптарында көзделген шектеулер ескеріле отырып қаралады.
7. Егер ұсынылған аумақтар (аумақтың бір бөлігі) заңнамалық шектеулерге байланысты Бағдарламаға енгізіле алмаса, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 5 тармағында көзделген мерзім ішінде енгізуге жатпайтын аумақтардың географиялық координаттарын немесе блоктарының атауларын, енгізуге кедергі келтіретін мән-жайларды (ұсынылған аумақта орналасқан объектілердің тізбесі) және тиісті заң нормасына сілтемені көрсете отырып дәлелді жауап береді.
8. Келіп түскен мәліметтерді қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы шеңберінде ұлттық оператормен бірге (жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе) (бұдан әрі – БЖП) он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін сұратылған әрбір санат бойынша аумақтар шекаралары туралы жиынтық тізбені жолдайды.
9. Уәкілетті органнан алынған мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі БЖП-да мәліметтер алынғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде бұйрық жобасын әзірлейді және оны мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі.
Егер өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына ұсыныстар мен ескертулер болса, олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пысықтауға жіберіледі. Жоба бес жұмыс күні ішінде пысықталады.
10. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген Бағдарлама (өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда) бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде ашық қолжетімділікте орналастырылады, сондай-ақ ұлттық операторға түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде БЖП-да орналастырылады.
Бұл ретте бұйрықпен бекітілген Бағдарлама құзыретті орган тарапынан бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық операторға жіберіледі.
11. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу процесінде олардың шегінде өңірлік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды іздеу және (немесе) бағалау жүргізілетін және жүргізілуі жоспарланған аумақтардың;
2) осы Кодекстің 189-1-бабына сәйкес берілетін аумақтарды қоспағанда, осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың шегінде жер қойнауы учаскелері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукциондар негізінде берілуге тиіс аумақтардың;
3) олардың шегінде жер қойнауы учаскелері көмірсутектер мен уран саласындағы ұлттық компанияларға ғана берілуге тиіс аумақтардың;
4) олардың шегінде жер қойнауы учаскелері кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілетін аумақтардың географиялық координаттары;
5) жер қойнауын басқарудың мемлекеттік саясатын және осы Кодекстің ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер айқындалуға тиіс.
12. Бағдарламаны әзірлеу кезінде ескерілетін ақпараттық-талдамалық мәліметтермен қамтамасыз етуді жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган және Ұлттық оператор жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 11 тармағында көзделген ақпарат мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтер және уәкілетті органның мемлекеттік органдарға жолдаған сұраулары бойынша алынған деректер негізінде Ұлттық оператор тарапынан жиналады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық оператор осы Қағидалардың 11 тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, Кодекстің 25, 26 баптарында көзделген жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге шектелген аумақтардың шекаралары туралы мәліметтерді қамтамасыз етеді. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдарға жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге шектелген аумақтардың шекаралары туралы сұрауларды алты айда кемінде бір рет жолдайды.
13. Өңірлік геологиялық зерттеу, іздеу және бағалау жүргізілетін және жоспарланатын аумақтар мына санаттар бойынша айқындалады:
1) өңірлік жұмыстардың ағымдағы кезеңі;
2) өңірлік жұмыстардың жылдар бойынша жоспарланған кезеңі;
3) кен орнын іздеу және бағалаудың ағымдағы кезеңі;
4) кен орнын іздеу және бағалаудың жылдар бойынша жоспарланған кезеңі.
14. Кодексте көзделген жағдайларда аукциондар негізінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері берілетін аумақтар, Кодекстің 189-1 бабында берілген аумақтарды қоспағанда, келесі санаттар бойынша айқындалуға жатады:
1) кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебіне енгізілген және осы Кодекстің 22-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуден бос пайдалы қатты қазбалардың қорлары және (немесе) ресурстары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған перспективалары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген аумақтарды қоспағанда, жарамсыз, мерзімі ұзартылмаған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған деп танылған пайдалы қатты қазбаларды барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың аумақтары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға жер қойнауы учаскелері беріледі деп белгіленсін.
15. Жер қойнауы учаскелерін барлау және өндіру немесе көмірсутектерді өндіруге беру аумақтары келесі санаттар бойынша айқындалуға жатады:
1) жер қойнауы учаскелері Кодекстің 15-бабының 1-параграфына сәйкес көмірсутектер бойынша жоспарланған аукциондар негізінде берілетін аумақ;
2) жер қойнауы учаскелері Кодекстің 15-бабының 2-параграфына сәйкес көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер (бар болған жағдайда) негізінде берілетін аумақ;
3) көмірсутектерді барлау немесе өндіру операцияларының салдарын жою жөніндегі зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелері қабылданған аумақтар, оларды кейіннен басқа тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру мақсатында, Кодекс талаптарын ескере отырып.
16. Уран немесе сирек жер элементтері-уран кен орнында уранды барлау немесе өндіруге жер қойнауы учаскелерін беру аумақтары ұлттық уран компаниясымен тікелей келіссөздер (бар болған жағдайда) жоспарланған жағдайда Бағдарламада айқындалуға жатады.
17. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге келесі операциялар түрлері бойынша шектеулер көзделсін:
1) осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес барлау жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін беруге жататын аумақтар;
2) осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес өндіру жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін беруге жататын аумақтар.
| Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына Қосымша 1 |
Жер қойнауын барлауға шектелген аумақтар тізімі
№ | Атауы | Объекттың атауы | Жер қойнауы учаскесін пайдалану үшін беру: жоқ/иә |
1 | Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлердің аумағында | Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік аудандары, ҚСП (қорғаныстық-сынақтық полигондар) | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
2 | Елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда | Елді мекендер | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
3 | Тау-кен-байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектісі болып табылмайтын, жұмыс істеп тұрған гидротехникалық құрылыс орналасқан жер учаскесінің аумағында және оған төрт жүз метр қашықтықтағы іргелес жатқан аумақта | Гидротехникалық құрылыстар (каналдар, дамбaлар, гидроузелдер, плотиналар, су қойнауы) | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
4 | Су қоры жерлерінің аумағында | Су қорғау аймақтары, су қорғау белдеулері, су фонды аудандары | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
5 | Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары кен орындарының және учаскелерінің контурларында | Жерасты сулар кен орны | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
6 | Көмінділерден, қабірлер мен зираттардан, сондай-ақ көмінділер мен зираттарға бөлінген жер учаскелеріне жүз метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда | Зираттар, мал қорымдары | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
7 | Үшінші тұлғаларға тиесілі және ғимараттар мен құрылысжайлар, көпжылдық екпелер алып жатқан жер учаскелері аумағында және оларға жүз метр қашықтықта іргелес жатқан жер учаскесі аумағында – осындай тұлғалардың келісімінсіз | Ауыл шаруашылық танаптары | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
8 | Автомобиль және теміржолдар, әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация және авиатехникалық орталықтардың объектілері, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетикалық жүйелердің және электр беру желілерінің объектілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбыржолдар алып жатқан жерлердің аумағында | Автомобиль жолдары, темір жолдары, көпірлер, ұшақтар, ұмтылғыштық объектілері мен ұшақ техникалық орталықтары, ұшқындар, электр энергиясын тарату линиялары, электр энергиясын тарату линияларының опоралары, газ жолдары, мұнайға арналған жолдар, ракеталардың түсу аймақтары | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
9 | Мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бөліп берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарында | Геология, инженерлік геология, геофизика, гидрология | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
10 | Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынатын басқа да аумақтар | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің ішінде, ерекше қорғалатын аумақтар, мәдениет ескерткіштері | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
11 | Қолданыстағы КТПҚ, ҚПҚ, КШ, ЖС бойынша келесімшарттар/лицензиялар, кен іздеушілікке лицензиялар, рұқсаттар аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
12 | ЖҚМГЗ бойынша лицензиялық аумақтар (іздеу, бағалау және т.б.) аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
13 | ЖҚКП бойынша лицензиялық аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Аумақта толық: жоқ; Ішінара: иә |
14 | КТПҚ, ҚПҚ, КШ нақтыланған қорлары бар резервтік кен орындардың аумақтары | Нақтыланған қорлары бар жер қойнауы учаскелері | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
15 | Күші жойылған КТПҚ, ҚПҚ, КШ, ЖС бойынша келесімшарттар/лицензиялар, кен іздеушілікке лицензиялар, рұқсаттар аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы |
Аумақта толық және ішінара: жоқ |
| Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына Қосымша 2 |
Жер қойнауын өндіруге шектелген аумақтар тізімі
№ | Атауы | Объекттың атауы | Жер қойнауы учаскесін пайдалану үшін беру: жоқ/иә |
1 | Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлердің аумағында | Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік аудандары, ҚСП (қорғаныстық-сынақтық полигондар) | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
2 | Елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда | Елді мекендер | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
3 | Тау-кен-байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектісі болып табылмайтын, жұмыс істеп тұрған гидротехникалық құрылыс орналасқан жер учаскесінің аумағында және оған төрт жүз метр қашықтықтағы іргелес жатқан аумақта | Гидротехникалық құрылыстар (каналдар, дамбaлар, гидроузелдер, плотиналар, су қойнауы) | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
4 | Су қоры жерлерінің аумағында | Су қорғау аймақтары, су қорғау белдеулері, су фонды аудандары | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
5 | Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары кен орындарының және учаскелерінің контурларында | Жерасты сулар кен орны | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
6 | Көмінділерден, қабірлер мен зираттардан, сондай-ақ көмінділер мен зираттарға бөлінген жер учаскелеріне жүз метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда | Зираттар, мал қорымдары | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
7 | Үшінші тұлғаларға тиесілі және ғимараттар мен құрылысжайлар, көпжылдық екпелер алып жатқан жер учаскелері аумағында және оларға жүз метр қашықтықта іргелес жатқан жер учаскесі аумағында – осындай тұлғалардың келісімінсіз | Ауыл шаруашылық танаптары | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
8 | Автомобиль және теміржолдар, әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация және авиатехникалық орталықтардың объектілері, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетикалық жүйелердің және электр беру желілерінің объектілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбыржолдар алып жатқан жерлердің аумағында | Автомобиль жолдары, темір жолдары, көпірлер, ұшақтар, ұмтылғыштық объектілері мен ұшақ техникалық орталықтары, ұшқындар, электр энергиясын тарату линиялары, электр энергиясын тарату линияларының опоралары, газ жолдары, мұнайға арналған жолдар, ракеталардың түсу аймақтары | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
9 | Мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бөліп берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарында | Геология, инженерлік геология, геофизика, гидрология | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
10 | Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынатын басқа да аумақтар | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің ішінде, ерекше қорғалатын аумақтар, мәдениет ескерткіштері | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
11 | Қолданыстағы КТПҚ, ҚПҚ, КШ, ЖС бойынша келесімшарттар/лицензиялар, кен іздеушілікке лицензиялар, рұқсаттар аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
12 | ЖҚМГЗ бойынша лицензиялық аумақтар (іздеу, бағалау және т.б.) аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
13 | ЖҚКП бойынша лицензиялық аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
14 | КТПҚ, ҚПҚ, КШ нақтыланған қорлары бар резервтік кен орындардың аумақтары | Нақтыланған қорлары бар жер қойнауы учаскелері | Аумақта толық және ішінара: жоқ |
15 | Күші жойылған КТПҚ, ҚПҚ, КШ, ЖС бойынша келесімшарттар/лицензиялар, кен іздеушілікке лицензиялар, рұқсаттар аумақтар | Жер қойнауын пайдалану құқығы |
Аумақта толық және ішінара: жоқ |