БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) қосалқы мердігерлік жұмыстар (қызметтер).".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Қалиақпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі