"Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 3 ақпандағы № 23 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу кезінде негіздеуші құжаттармен расталған орындаушының тікелей және жанама (әкімшілік) шығыстары (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде 3 (үш) баға ұсынысы) ескеріледі.

      Су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу және шлюздерді ұстау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 199 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті органның кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін және құнын айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32247 болып тіркелген).".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Қалиақпаров

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 20 июня 2025 года № 195 "Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области транспорта"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 3 февраля 2026 года № 23

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 20 июня 2025 года № 195 "Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания в области транспорта" следующее изменение:

      в Правилах установления стоимости государственного задания в области транспорта, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. При установлении стоимости государственного задания учитываются прямые и косвенные (административные) расходы исполнителя, подтвержденные обосновывающими документами (штатное расписание исполнителя, расчеты, копии договоров, не менее 3 (трех) ценовых предложений).

      Установление стоимости государственного задания по обеспечению водных путей в судоходном состоянии и содержание шлюзов осуществляется в соответствии с Методикой определения объемов и стоимости работ и услуг, оказываемых предприятием уполномоченного органа, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 199 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32247).".

      2. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление электронной копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров