"Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №153 қаулысына және "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы №336 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені аумақтық әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы "___" __________ № _____ қаулысына қосымша


"Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, №113.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      13. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасына қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Жетісу облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;

      4) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

      5) Жетісу облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      6) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;

      7) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      8) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;

      9) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілеріне мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұллғалар туралы ақпаратты береді;

      10) туристік ақпарат орталығын құрады және қызметін үйлестіреді;

      11) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      12) гидтерді кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;

      13) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі

      іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      14) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      15) Жетісу облысының аумағында туризм инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      16) туризмді дамытуға туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;

      17) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;

      18) туристік қызмет объектілерін салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

      19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

      20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;

      21) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

      22) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;

      23) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;

      24) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;

      25) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мәселелерге бастамашылық жасайды;

      26) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсету жөніндегі мәселелерге бастамашылық жасайды;

      27) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамытады;

      28) өз құзыреті шегінде Жетісу облысы бойынша жиынтық ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      29) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады;

      30) жетекшілік ететін салалардағы көрсеткіштерге мониторингті, талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      31) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде Басқарма орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшыларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін бекітеді;

      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      21. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Жетісу" туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

О внесения изменения в постановление акимата области Жетісу от 15 октября 2025 года № 336 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление туризма области Жетісу" и внесения изменения в постановление акимата области Жетісу от 16 мая 2025 года № 153 "Об утверждении положений государственных учреждений области Жетісу"

Постановление акимата области Жетісу от 16 февраля 2026 года № 44

      В соответствии со статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" акимат области Жетісу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата области Жетісу от 15 октября 2025 года № 336 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление туризма области Жетісу" и внесения изменения в постановление акимата области Жетісу от 16 мая 2025 года № 153 "Об утверждении положений государственных учреждений области Жетісу" следующее изменение:

      приложение 1 указанного постановления изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление туризма области Жетісу" в установленном законодательством порядке произвести государственную перерегистрацию Положения в территориальном органе юстиции и принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Жетісу.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Исабаев

  Приложение к постановлению акимата области Жетісу от "____"_________2026 года №______


Положение государственного учреждения "Управление туризма области Жетісу"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление туризма области Жетісу" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере туристской деятельности на территории области Жетісу.

      2. Государственное учреждение не имеет ведомств.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 040000, Республика Казахстан, область Жетісу, город Талдыкорган, ул. Аблай хана, № 113.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      13. Полное наименование государственного органа: Государственное учреждение "Управление туризма области Жетісу".

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия Управления

      14. Задачи:

      1) реализация государственной политики в области туристской деятельности и создание благоприятных условий для ее развития;

      2) обеспечение повышения качества туристских услуг.

      15. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов и организаций необходимую информацию и материалы;

      осуществлять иные права в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      осуществлять реализацию государственной политики, в пределах своей компетенции;

      в пределах своей компетенции исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области;

      принимать меры по недопущению совершения коррупционных правонарушений и преступлений;

      осуществлять иные обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      16. Функции:

      1) реализует государственную политику и осуществляет координацию в области туристской деятельности на территории области Жетісу;

      2) осуществляет государственный контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности;

      3) анализирует рынок туристских услуг и представляет в уполномоченный орган необходимые сведения о развитии туризма на территории области Жетісу;

      4) разрабатывает и внедряет меры по защите областных туристских ресурсов;

      5) координирует деятельность по планированию и строительству объектов туристской индустрии на территории области Жетісу;

      6) оказывает содействие в деятельности детских и молодежных лагерей, объединений туристов;

      7) оказывает субъектам туристской деятельности методическую и консультативную помощь в вопросах, связанных с организацией туристской деятельности;

      8) развивает и поддерживает предпринимательство в области туристской деятельности как меру увеличения занятости населения;

      9) предоставляет туристскую информацию, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность;

      10) учреждает и координирует туристский информационный центр;

      11) осуществляет лицензирование туроператорской деятельности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      12) организует работу по профессиональной подготовке гидов;

      13) утверждает по согласованию с уполномоченным органом план мероприятий по развитию туристкой отрасли;

      14) ведет государственный реестр туристских маршрутов и троп;

      15) координирует работу по созданию инфраструктуры туризма на территории области Жетісу, принимает меры по строительству и развитию объектов, способных удовлетворить потребности туриста;

      16) создает условия для субъектов туристской деятельности в развитии туризма;

      17) финансирует туристские информационные центры путем прямого заключения договора в рамках реализации совместной деятельности в сфере туризма;

      18) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства при строительстве, реконструкции объектов туристской деятельности;

      19) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства по строительству объектов придорожного сервиса;

      20) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства по приобретению автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, субъектам предпринимательства, осуществляющим туристскую деятельность;

      21) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства по приобретению оборудования и техники для горнолыжных курортов;

      22) субсидирует затраты туроператоров в сфере въездного туризма за каждого иностранного туриста;

      23) субсидирует часть затрат субъектов предпринимательства на содержание санитарно-гигиенических узлов;

      24) утверждает перечни санитарно-гигиенических узлов, по которым возмещается часть затрат при их содержании, по согласованию с уполномоченным органом;

      25) инициирует вопросы по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию подъездных автомобильных дорог областного и районного значения до мест размещения туристов, находящихся вне населенных пунктов;

      26) инициирует вопросы проектирования, строительства и обслуживания инженерной инфраструктуры (дорог, мостов, линий электропередачи и других коммуникаций) к объектам туризма, находящимся на особо охраняемых природных территориях республиканского и местного значения, а также к объектам туризма и до мест размещения туристов, которые находятся вне населенных пунктов, с учетом путей миграции животных без предоставления права землепользования либо права частной собственности;

      27) развитие цифровых технологий в курируемой сфере;

      28) размещает и обеспечивает актуализацию сводных открытых данных по области Жетісу на интернет – портале открытых данных;

      29) осуществляет проектное управление в деятельности государственного органа;

      30) осуществляет мониторинг, анализ и прогнозирование показателей в курируемых сферах;

      31) участвует в разработке и реализации среднесрочного плана социально- экономического развития области;

      32) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя Управления

      17. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      18. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) в пределах своей компетенции определят обязанности и полномочия заместителей и сотрудников Управления;

      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности сотрудников Управления, руководителя организации, находящегося в ведении Управления;

      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания сотрудников Управления, руководителей организации, находящегося в ведении Управления;

      4) в пределах своей компетенции издает приказы и утверждает Положения структурных подразделений;

      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Управления в государственных органах и иных организациях;

      6) противодействует коррупции в Управлении с установлением за это персональной ответственности;

      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество Управления

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Управления

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении Управления:

      1) Коммунальное государственное учреждение "Туристский информационный центр "Жетісу".