"Ақмола облысында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 136, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 11 қарашадағы № 571/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 148, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 273/НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 47 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 8-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ақмола облысында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 136, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 11 қарашадағы № 571/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақмола облысында және Алматы қаласында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақмола облысында және Алматы қаласында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырсын".

      2. Осы бірлескен бұйрықпен бекітілген "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті:

      1) пилоттық жобаны жүргізудің іске асырылуын және тұрақты мониторингін;

      2) пилоттық жобаны іске асыру барысында туындаған проблемалық мәселелер туралы ақпаратты олардың анықталған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы:

      1) әлеуметтік қызметтер порталына электрондық кезекті енгізуді;

      2) пилоттық жобаны техникалық қолдауды, ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін;

      3) электрондық кезекке жазылу процесінің бейне-нұсқаулығын жасауды;

      4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды;

      5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар нормаларының сақталуын қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы бірлескен бұйрықты өзінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.

      6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жасанды интеллект және цифрлық даму, денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.

      8. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Алгоритмнің 2-тармағының 6) тармақшасын, 4-тармақты, 6-тармақты, 8-тармақты, 9-тармақты, 10-тармақты қоспағанда, мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 2026 жылғы 20 қарашаға дейін қолданыста болады, сондай-ақ ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_______________ А. Ертаев
      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_______________ А. Әлназарова
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі
___________________Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 136
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2025 жылғы 11 қарашадағы
№ 571/НҚ бірлескен бұйрығына
қосымша

"Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі (бұдан әрі — Алгоритм) "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметті көзбе-көз көрсету шеңберінде (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) Әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.egov.kz арқылы электрондық кезекті қалыптастыру тәртібін регламенттейді.

      2. Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – куәландырылатын тұлға немесе оның заңды өкілі;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті;

      4) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;

      5) МӘС бөлімі – уәкілетті мемлекеттік органның МӘС жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

      6) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" АЦЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.

      3. Электрондық кезек Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Көрсетілетін қызметке алдын ала жазылу негізінде Ақмола облысында мынадай сағаттарда: 09:00, 09:30, 10:00, 10:30, 11:00, 11:30, 12:00, 12:30, 14:30, 15:00, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен қалыптастырылады. Алматы қаласында: 09:00, 09:30, 10:00, 10:30, 11:00, 11:30, 12:00, 12:30, 14:00, 14:30, сағат 13.00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліспен қалыптастырылады.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші осы бірлескен бұйрықтың күшіне енген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде "МОДБ" АЦЖ-ға:

      Көрсетілетін қызметке жазылу үшін МӘС бөлімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктерді салыстыру жөніндегі деректерді енгізсін;

      облыстық және республикалық маңызы бар қалалар үшін қалалық емханаларды МӘС бөлімдерімен аумақтық салыстыру бойынша деректер енгізсін;

      мамандардың іссапарларын ескере отырып, жыл соңына дейін МӘС бөлімдерінің қабылдау кестесін қалыптастырсын.

      Келесі күнтізбелік жылға арналған МӘС бөлімдерінің қабылдау кестелері мамандардың іссапарларын ескере отырып, Көрсетілетін қызметті беруші тарапынан жыл сайын ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін қалыптастырады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушылар:

      1) Порталдағы электрондық кезек арқылы МӘС-ке жазылады;

      2) МӘС бөлімдерінде тағайындалған куәландыруларға уақтылы барады.

2-тарау. "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру тәртібі

      6. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды келіп түскен кезде (бұдан әрі – № 031/е нысан) "МОДБ" АЦЖ-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушыға мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәландырудан өту күні, уақыты және орны туралы "МОДБ" АЦЖ арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне жіберілетін SMS-хабарламалар негізінде тиісті түрде хабардар етілген болып есептеледі.

      7. SMS-хабарламаны алғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы № 031/е нысанының қолданылу мерзімі ішінде Порталда авторизацияланады және Көрсетілетін қызметке, оның ішінде қорғаншыға да жазылуға сұрау салуды жүзеге асырады.

      8. Көрсетілетін қызметті көрсету үшін жазбаға сұрау салу келіп түскен кезде "МОДБ" АЦЖ-да:

      № 031/у нысанының қолданылу мерзімі;

      тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу;

      бос күн мен уақыттың болуы автоматтандырылған режимде тексеріледі.

      "МОДБ" АЦЖ-да тексерулерден өту кезінде Көрсетілетін қызметті алушыға Порталда демалыс және мереке күндерін, МӘС бөлімдерінің іссапарларын ескере отырып, Көрсетілетін қызметке жазылу үшін бос күндер мен уақыт көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Порталда Көрсетілетін қызметке жазылу күні мен уақытын сақтаған кезде "МОДБ" АЦЖ-дан осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі, Көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған талонның нөмірі және жазылу күні мен уақыты туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде Порталда көрсетіледі және "МОДБ" АЦЖ-да электрондық кезек қалыптасады.

      10. Электрондық кезектегі Көрсетілетін қызметті алушыларға "МОДБ" АЦЖ-мен Көрсетілетін қызметке жазылу күніне дейін күнтізбелік үш күн бұрын осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының Көрсетілетін қызметке жазылудан бас тартуы Порталдағы "жеке кабинетте" жүргізіледі.

      Жазбадан бас тартқан жағдайда Көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.

      № 031/у нысаны бойынша бір мезгілде бірнеше жазылуға жол бермеу мақсатында МӘС-ке электрондық кезекке қайта жазылу Порталдағы алдыңғы жазбаның күшін жойғаннан кейін мүмкін болады.

      12. Көрсетілетін қызмет алушы тағайындалған уақыттан 15 (он бес) минуттан астам кешіккен жағдайда, электрондық кезекке жазылу күшін жояды. Көрсетілетін қызметті алушыға мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жіберіледі.

      Қайта жазылу бос күндер мен уақыт болған кезде жол беріледі, не алдын ала жазылу бойынша келген адамдарды қабылдағаннан кейін сол күні жалпы кезек тәртібімен өту мүмкін болады.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін
көзбе-көз көрсету кезінде
электрондық кезекті
қалыптастыру алгоритміне
1-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіздің медициналық құжаттарыңыз тексеруден өтті, "https://aleumet.egov.kz/.../.../" сілтемесі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуды сұраймыз.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық
кезекті қалыптастыру
алгоритміне
2-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіз № ___ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға (күн.ай.жыл.) ___ күні (қала, көше, үй, кабинет) (сағ:мм) уақыты, мекенжайы бойынша жазылдыңыз, талон нөмірі _______.

      Жазбаңыздан "https://aleumet.egov.kz/.../.../" сілтемесі бойынша бас тартуға болады.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық
кезекті қалыптастыру
алгоритміне
3-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіз № __ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне (күн.ай.жыл.) күні, (сағ:мм) уақыты (қала, көше, үй, кабинет) мекенжайы бойынша куәландыруға жазылудан бас тарттыңыз.

  "Мүгедектікті және/немесе
еңбек ету қабілетінен айырылу
дәрежесін белгілеу және/немесе
қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындау"
мемлекеттік қызметін көзбе-көз
көрсету кезінде электрондық
кезекті қалыптастыру
алгоритміне
4-қосымша
Нысан

Құрметті аты-жөні!

      Сіздің медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуыңыз Сіздің белгіленген уақытта келмеуіңізге байланысты жойылды.

      Сіз "жеке кабинетте" "https://aleumet.egov.kz/.../.../" сілтемесі бойынша куәландыруға қайта жазылуыңызға болады.

О внесении изменений в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 ноября 2025 года № 347, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 ноября 2025 года № 136, Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 11 ноября 2025 года № 571/НҚ "О реализации пилотного проекта в Акмолинской области по внедрению электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты"

Совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 апреля 2026 года № 148, Заместителя Премьер-Министра - Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 2 июня 2026 года № 273/НҚ и Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 мая 2026 года № 47

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 4 ноября 2025 года № 347, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 ноября 2025 года № 136, Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 11 ноября 2025 года № 571/НҚ "О реализации пилотного проекта в Акмолинской области по внедрению электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О реализации пилотного проекта в Акмолинской области и в городе Алматы по внедрению электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Реализовать пилотный проект в Акмолинской области и в городе Алматы по внедрению электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты".

      2. Алгоритм формирования электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты" (далее – Алгоритм), утвержденный настоящим совместным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      3. Комитету регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан обеспечить:

      1) реализацию и постоянный мониторинг проведения пилотного проекта;

      2) направление в Департамент методологии и совершенствования медико-социальной экспертизы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан информации о проблемных вопросах, возникших в ходе реализации пилотного проекта в течение трех рабочих дней с момента их выявления.

      4. Акционерному обществу "Центр развития трудовых ресурсов" обеспечить:

      1) внедрение электронной очереди на портале социальных услуг;

      2) техническую поддержку пилотного проекта, бесперебойное функционирование информационных систем;

      3) создание видео-инструкции процесса записи в электронную очередь;

      4) получение согласия субъекта персональных данных или его законного представителя в соответствии с законодательством Республики Казахстан о персональных данных и их защите;

      5) соблюдение норм Единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности.

      5. Департаменту методологии и совершенствования медико-социальной экспертизы Министерства труда и социальной защиты населения, Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения довести настоящий совместный приказ до сведения своих заинтересованных территориальных подразделений, подведомственных организаций.

      6. Департаменту методологии и совершенствования медико-социальной экспертизы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего совместного приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" в течение пяти рабочих дней со дня подписания совместного приказа для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования.

      7. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих вице-министров труда и социальной защиты населения, искусственного интеллекта и цифрового развития, здравоохранения Республики Казахстан.

      8. Настоящий совместный приказ вступает в силу по истечении десяти календарных дней после дня его подписания последним из руководителей государственных органов, за исключением подпункта 6) пункта 2, пункта 4, пункта 6, пункта 8, пункта 9, пункта 10 Алгоритма, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года и действует до 20 ноября 2026 года, а также подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
________________А. Ертаев
      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
________________А. Альназарова
      Заместитель Премьер-Министра –
Министр искусственного интеллекта и
цифрового развития Республики Казахстан
__________________Ж. Мадиев

  Приложение
к совместному приказу
Министра труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 4 ноября 2025 года № 347
  Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 5 ноября 2025 года № 136
Заместителя Премьер-Министра
– Министра искусственного
интеллекта и цифрового
развития Республики Казахстан
от 11 ноября 2025 года
№ 571/НҚ

Алгоритм формирования электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий алгоритм формирования электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты" (далее – Алгоритм) регламентирует порядок формирования электронной очереди через Портал социальных услуг — aleumet.egov.kz, в рамках очного оказания государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты" (далее – Услуга).

      2. В настоящем Алгоритме используются следующие основные понятия и сокращения:

      1) портал социальных услуг (далее – Портал) – объект информатизации, представляющий собой единую точку доступа к товарам и услугам, услугам по перевозке лиц с инвалидностью на инватакси, предоставляемых поставщиками для лиц с инвалидностью, на условиях возмещения местными исполнительными органами их стоимости в пределах гарантированной суммы в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан;

      2) услугополучатель – освидетельствуемое лицо или его законный представитель;

      3) услугодатель – Департамент Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения по Акмолинской области, Департамент Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения по городу Алматы;

      4) медико-социальная экспертиза (далее – МСЭ) – оценка ограничений жизнедеятельности освидетельствуемого лица, вызванных стойким расстройством функций организма, с установлением (неустановлением) инвалидности и (или) степени утраты трудоспособности, а также определение его потребностей в мерах социальной защиты;

      5) отдел МСЭ – структурное подразделение уполномоченного государственного органа, проводящее МСЭ;

      6) автоматизированная цифровая система "Централизованный банк данных лиц, имеющих инвалидность" (далее – АЦС "ЦБДИ") – аппаратно-программный комплекс, предназначенный для автоматизации бизнес-процессов по установлению инвалидности, утраты трудоспособности, разработке индивидуальной программы абилитации и реабилитации, а также для хранения и обработки данных по лицам, прошедшим освидетельствование в отделах МСЭ.

      3. Электронная очередь формируется на основании предварительной записи на оказание Услуги, за исключением выходных и праздничных дней, установленных Трудовым кодексом Республики Казахстан, в Акмолинской области в следующие часы: 09:00, 09:30, 10:00, 10:30, 11:00, 11:30, 12:00, 12:30, 14:30, 15:00, с перерывом на обед с 13:00 до 14:30 часов. В городе Алматы в следующие часы: 09:00, 09:30, 10:00, 10:30, 11:00, 11:30, 12:00, 12:30, 14:00, 14:30, с перерывом на обед с 13:00 до 14:00 часов.

      4. Услугодатель в течение трех рабочих дней с момента вступления в силу действия настоящего совместного приказа обязан в "АЦС ЦБДИ":

      внести данные по сопоставлению административно-территориальных единиц отделам МСЭ для записи на оказание Услуги;

      для городов областного и республиканского значения внести данные по территориальному сопоставлению городских поликлиник с отделами МСЭ;

      сформировать графики приема отделов МСЭ, с учетом командировок специалистов до конца года.

      Графики приема отделов МСЭ, с учетом командировок специалистов, на следующий календарный год формируются Услугодателем ежегодно до 25 декабря текущего года.

      5. Услугополучатели:

      1) записываются на МСЭ посредством электронной очереди на Портале;

      2) своевременно посещают назначенные освидетельствования в отделах МСЭ.

Глава 2. Порядок формирования электронной очереди при очном оказании государственной услуги "Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты"

      6. При поступлении заключения на медико-социальную экспертизу (далее – форма № 031/у) в АЦС "ЦБДИ" в соответствии с Правилами проведения медико-социальной экспертизы, утвержденными приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 260 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32922) Услугополучателю на номер абонентского устройства сотовой связи, зарегистрированного в базе мобильных граждан, направляется SMS-уведомление согласно приложению 1 к настоящему Алгоритму.

      Услугополучатель считается надлежащим образом проинформированным о дате, времени и месте проведения освидетельствования посредством направления SMS-уведомлений на номер абонентского устройства сотовой связи, зарегистрированного в базе мобильных граждан через АЦС "ЦБДИ".

      7. После получения SMS-уведомления Услугополучатель в течение срока действия формы № 031/у авторизуется на Портале и осуществляет запрос на запись на оказание Услуги, в том числе и на опекаемого.

      8. При поступлении запроса на запись для оказания Услуги в АЦС "ЦБДИ" в автоматизированном режиме проверяется:

      срок действия формы № 031/у;

      постоянная регистрация по месту жительства;

      наличие свободной даты и времени.

      При прохождении проверок в АЦС "ЦБДИ" Услугополучателям на Портале отображаются свободные даты и время для записи на оказание Услуги с учетом выходных и праздничных дней, командировок отделов МСЭ.

      9. При сохранении Услугополучателем даты и времени записи на оказание Услуги на Портале, с АЦС "ЦБДИ" отправляется SMS-уведомление на номер абонентского устройства сотовой связи, зарегистрированного в базе мобильных граждан согласно приложению 2 к настоящему Алгоритму, информация о дате и времени записи, номере талона на оказание Услуги отображается в личном кабинете Услугополучателям на Портале и в АЦС "ЦБДИ" формируется электронная очередь.

      10. Услугополучателям, находящимся в электронной очереди, с АЦС "ЦБДИ" за три календарных дня до даты записи на оказание Услуги направляется SMS-уведомление согласно приложению 2 к настоящему Алгоритму.

      11. Отмена записи на оказание Услуги Услугополучателем проводится в

      "личном кабинете" на Портале.

      В случае отмены записи, Услугополучателю отправляется SMS-уведомление на номер абонентского устройства сотовой связи, зарегистрированного в базе мобильных граждан согласно приложению 3 к настоящему Алгоритму.

      Во избежание нескольких записей на одну и ту же форму № 031/у, повторная запись в электронной очереди на МСЭ возможна после отмены предыдущей записи на Портале.

      12. В случае опоздания Услугополучателя более чем на 15 (пятнадцать) минут от назначенного времени – запись на электронную очередь аннулируется. Услугополучателю на номер абонентского устройства сотовой связи, зарегистрированного в базе мобильных граждан, направляется SMS-уведомление согласно приложению 4 к настоящему Алгоритму.

      Повторная запись допускается при наличии свободных дат и времени либо возможна в тот же день в порядке живой очереди, после приема лиц, пришедших по предварительной записи.

  Приложение 1
к Алгоритму формирования
электронной очереди
при очном оказании
государственной услуги
"Установление инвалидности
и/или степени утраты
трудоспособности и/или
определение необходимых мер
социальной защиты"
  Форма

Уважаемый(ая) ФИО!

      Ваши медицинские документы прошли проверку, просим записаться на освидетельствование в отдел медико-социальной экспертизы по ссылке "https://aleumet.egov.kz/…/…/".

  Приложение 2
к Алгоритму формирования
электронной очереди при
очном оказании
государственной услуги
"Установление инвалидности
и/или степени утраты
трудоспособности и/или
определение необходимых мер
социальной защиты"
  Форма

Уважаемый(ая) ФИО!

      Вы записаны на освидетельствование в отдел медико-социальной экспертизы № __ дата (дд.мм.гг.), время (чч:мм) по адресу (город, улица, дом, кабинет), номер талона _______.

      Вы можете отменить свою запись в "личном кабинете" "https://aleumet.egov.kz/…/…/".

  Приложение 3
к Алгоритму формирования
электронной очереди
при очном оказании
государственной услуги
"Установление инвалидности
и/или степени утраты
трудоспособности и/или
определение необходимых
мер социальной защиты"
  Форма

Уважаемый(ая) ФИО!

      Вы отменили запись на освидетельствование в отдел медико-социальной экспертизы № __ дата (дд.мм.гг.), время (чч:мм) по адресу (город, улица, дом, кабинет).

  Приложение 4
к Алгоритму формирования
электронной очереди
при очном оказании
государственной услуги
"Установление инвалидности
и/или степени утраты
трудоспособности и/или
определение необходимых
мер социальной защиты"
  Форма

Уважаемый(ая) ФИО!

      Ваша запись на освидетельствование в отдел медико-социальной экспертизы аннулирована в связи с Вашей неявкой на освидетельствование в назначенное время.

      Вы можете вновь записаться на освидетельствование в "личном кабинете" по ссылке "https://aleumet.egov.kz/…/…/".