Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205685 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінің қосымшасында:
2 және 3 реттік нөмірдегі жолдар жаңа редакцияда жазылсын;
16-жолмен толықтырылсын:
"
2. | Абай облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 180 | 300 | 300 |
3. | Абай облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 151 | 200 | 200 |
16. | Өңірлік маңызы бар (Bi) мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста бейнеролик дайындау жөніндегі (орналастыру) көрсетілетін қызмет | секунд | 500 | 500 | 500 |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |