"Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 тамыздағы № 38/343-VIII шешiмi

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) өкімдерімен және Шымкент қаласы мәслихаты аппараты басшысының (бұдан әрі – аппарат басшысы) бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мәслихат депутаттарынан олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша мәліметтер, ақпарат сұрату;

      мәслихат пен оның тұрақты және өзге де комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдары бойынша қарау үшін әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктеріне мәслихат депутаттарының ресми жазбаша сауалдарын жолдау;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтару;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды іске асыру.";

      15-тармақта:

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "депутаттық сауалдарды есепке алуды және олардың уақтылы қаралуына мониторингті жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "мәслихат депутаттарына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағында көрсетілген жазаларды қолданумен байланысты мәселелерді дайындау;

      мәслихат сессияларының және оның органдарының отырыстарына мәслихат депутаттарының келуін мониторингтеу;";

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.";

      16, 17, 18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратын басқаруды аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аппарат басшысын мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Аппарат басшысының өкілеттіктері:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Аппарат басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аппарат басшысының орынбасары уақытша жүзеге асырады.".

      2. Осы шешiм, 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы М. Жолдыхожаев

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 12 декабря 2025 года № 31/288-VIII "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Шымкент"

Решение маслихата города Шымкент от 14 августа 2026 года № 38/343-VIII

      Маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Шымкент от 12 декабря 2025 года № 31/288-VIII "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Шымкент" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Аппарат маслихата города Шымкент", утвержденном указанным решением:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Аппарат маслихата города Шымкент по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя маслихата города Шымкент (далее – председатель маслихата) и приказами руководителя аппарата маслихата города Шымкент (далее – руководитель аппарата).";

      наименование главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Задачи, функции и полномочия аппарата маслихата города Шымкент";

      подпункт 1) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "1) права:

      в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, иных организаций и должностных лиц;

      запрашивать у депутатов маслихата сведения, информацию по вопросам их деятельности;

      привлекать работников государственных органов и других организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение маслихата и его постоянных и иных комиссий;

      по вопросам, отнесенным к компетенции маслихата, а также по обращениям граждан, имеющим общественное значение, направлять для рассмотрения официальные письменные запросы депутатов к акиму, председателю и члену соответствующей территориальной избирательной комиссии, прокурору и должностным лицам территориальных подразделений центральных государственных органов, исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов, а также в филиалы и представительства субъектов квазигосударственного сектора, осуществляющих деятельность на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      возвращать на доработку документы, подготовленные с нарушениями требований законодательства Республики Казахстан;

      осуществлять реализацию иных прав в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      в пункте 15:

      абзац пятнадцатый изложить в следующей редакции:

      "осуществление учета и мониторинг своевременного рассмотрения депутатских запросов;"

      дополнить абзацами восемнадцатым, девятнадцатым следующего содержания:

      "подготовка вопросов, связанных с применением к депутатам маслихата взысканий, указанных в пункте 4 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      мониторинг явки депутатов маслихата на заседания сессии маслихата и его органов;";

      дополнить абзацем двадцатым следующего содержания:

      "планирование расходов на повышение квалификации депутатов маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.";

      пункты 16, 17, 18, 19, 20 изложить в следующей редакции:

      "16. Руководство деятельностью аппарата маслихата города Шымкент осуществляется руководителем аппарата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата города Шымкент задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель аппарата назначается на должность и освобождается от должности председателем маслихата.

      18. Руководитель аппарата имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия руководителя аппарата:

      1) руководит деятельностью аппарата маслихата;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность аппарата маслихата в пределах своей компетенции;

      3) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата маслихата;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий аппарата маслихата;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим аппарата маслихата;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата маслихата;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя аппарата.

      20. Исполнение полномочий руководителя аппарата в период его отсутствия осуществляется заместителем руководителя аппарата.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев двенадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого пункта 1, которые вводятся в действие с 14 сентября 2026 года.

      Председатель маслихата города Шымкент М. Жолдыхожаев