Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 449 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сенім" отбасыны қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қарғалы ауданының жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен және шарттарда лауазымдық айлықақыларына 25 (жиырма бес) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы С. Аманжолов

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций финансируемых из местного бюджета

Решение Каргалинского районного маслихата Актюбинской области от 21 апреля 2026 года № 449

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", Каргалинского районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить стимулирующие надбавки в размере 25 (двадцать пять) процентов к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи "Сенім" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каргалинского района", финансируемых из местного бюджета в порядке и условиях определяемым местным исполнительным органом Каргалинского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 марта 2026 года.

      Председатель Каргалинского
районного маслихата
С. Аманжолов