Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында жалпы алаңы 371 897 гектар жер учаскелерінде, оның ішінде 152 182 гектары Бурабай ауданында, 210 953 гектары Біржан сал ауданында, 8 762 гектары Бұланды ауданында қорғау аймағы, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағы жерлерін шаруашылықаралық жерге орналастырудың бекітілген жобасына сәйкес шекараларда белгіленсін.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | М. Ахметжанов |