Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына және Казталов аудандық төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 4-12/12 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Р.Имангалиев тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Саркулов |