Казталов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы әкімінің "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
реттік нөмірі 4, 7, 34, 46-жолдар алынып тасталсын,
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
1 | №224 |
Бостандық ауылы, Ақсуат, Исқақ, Қоңырша, Тасоба, Мұханбет, Қайып канал, Қайып - 1, Қайып - 2, Қайып - 3, Қайып – 4, Машдвор, Айтқұл ауылшаруашылығы мекендері. | Бостандық ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі №43, ауылдық мәдениет үйі. |
реттік нөмірі 31-жол жаңа редакцияда жазылсын:
2 | №249 |
Талдыапан, Бейістерек ауылдары, Үлкенкөл, Талсай, Алмасад -1, Алмасад – 2, Қостанбай ауылшаруашылығы мекендері. | Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округі, Талдыапан ауылы, Бейбітшілік көшесі №4, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Талдыапан жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
реттік нөмірі 40-жол жаңа редакцияда жазылсын:
1 | №258 |
Казталов ауылындағы Пангерей Сейфуллин, Ғазиз Лұқманов, Қайырғазы Имашев көшелері, Сексенбаев ауылы, Бек, Сайқұдық, Майтан, Шоқақ, Мышым, Қарасу, Алтыбаз, Нұғман ауылшаруашылығы мекендері. | Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі, Казталов ауылы, Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі №3, бұрынғы орта мектеп ғимараты. |
реттік нөмірі 44-жол жаңа редакцияда жазылсын:
2 | №262 |
Қарасу ауылы, Бостандық ауылы, Ақтай, Сүттігенді, Айдархан қыстағы, Құшығанақ, Тоқсоба, Сарымсақ, Талсай, Бисенғали, Ащықұдық ауылшаруашылығы мекендері. | Қарасу ауылы, Т.Қалиев көшесі № 19, "Казталов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қарасу ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Кайрлиевке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А. Менеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Казталов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы