Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 121 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары жойылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______________ №___ қаулысына 1-қосымша |
|
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін толықтырулар:
15-тармақ келесідей тармақшалармен толықтырылсын:
16) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
17) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
18) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың ұсыныстарын әзірлеуге және іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу;
19) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
20) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;
21) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ғылым жөніндегі кеңес құру;
23) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) жарғылық капиталына қатысу;
24) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
25) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу;
26) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
27) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыруды жүзеге асыру;
28) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту.
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______________ №___ қаулысына 2-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізімі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 237 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 34 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 172 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.