Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Шәуілдір ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 48 (қырық сегіз) жыл 11 (он бір) ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Шәуілдір ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны ауыл округі әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Қайратұлына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл округі әкімі | Ғ.Қыдыр |
| Шәуілдір ауыл округі әкімінің 20___жылғы "______"_____ №____ шешіміне қосымша |
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы аумағында орналасқан "Түркістан тоқыма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ қ/с | Кадастрлық нөмірі | Жердің меншік иесі немесе жер пайдаланушы | Жер телімінің мақсаты | Жерге құқық түрі | Жер көлемі (га) | Газ құбыры құрылысына кіретін жер көлемі (га) |
1 | 192940441299 | "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | КТП-Ш-11-13 толық трансформаторлық қосалқы станциясын пайдалану үшін | Уақытша өтеулі жер пайдалану | 0,0016 | 0,0016 |
2 | 19294044446 | Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-2050" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру үшін | тұрақты жер пайдалану | 0,2075 | 0,1481 |
3 | 192940441161 | Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-2050" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Көгалдандыру үшін | тұрақты жер пайдалану | 3,0000 | 0,0814 |
4 | 19294044404 | Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданының білім бөлімінің "Ақбол" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | Қолданыстағы балабақша ғимараты үшін | тұрақты жер пайдалану | 2,0000 | 0,4917 |
5 | 19294088859 | Сағымбек Қасым | Газ тарату пунктін, құрылыс материалдары мен аралас тауарлар дүкенін, көлік жуу және вулканизация нысандарын жобалау және салу үшін | ортақ бірлескен меншік | 0,0400 | 0,0187 |
6 | 19294088997 | "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамының "Оңтүстік жүйеаралық электр желілері" филиалы | ВЛ-35кВ электрмен жабдықтау желілері үшін | Уақытша өтеулі жер пайдалану | 0,5844 | 0,1571 |
7 | 19294088913 | Шірдебай Айдар Тілеубайұлы | жеке тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі жер пайдалану | 0,3658 | 0,0929 |
Сәйкестендіру құжаты рәсімделген жер пайдаланушылар жер телімдері, (га) | 0,9915 | |||||
Сәйкестендіру құжаты рәсімделмеген елді мекен жерінен жер көлемі, (га) | 8,5253 | |||||