"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шәуілдір ауыл округіндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілісін:
1. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №19 көшені Әметбек Нысанбеков көшесі
2. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №18 көшені Төлеш Қысмұратов көшесі
3. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №7 көшені Имансары Белгібаев көшесі
4. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №6 көшені Әбіләкім Оспанқұлов көшесі
5. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №3 көшені Икрамхан Үмбетов көшесі
6. Шәуілдір Жаңа мөлтек аудандағы атауы жоқ №8 көшені Өтеген Тәтібаев көшесі
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің 15.12.2025 № 152 шешiмiмен.1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Қайратұлына жүктелсін.
| Ауыл округі әкімі | Ғ.Қыдыр |