"Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 334-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) бұрын алынған сақтандыру сыйлықақыларын қайтару/тузетпе жасау туралы шешім қабылдау;";

      5-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ЭКА-ның Директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) банктердің, контрагенттердің, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық жағдайыны талдауын қарау;";

      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен астам сақтандыру және кепілдік төлемін жүзеге асыру;";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік беру шешімдерін қабылдау құрылымдық бөлімшелердің ұсынымдары негізінде ЭКА ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аталған талаптар экспортты сақтандыру және (немесе) кепілдік қолдауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды іске асыратын халықаралық қаржы ұйымдарына, сондай-ақ экспортты сақтандыру және (немесе) кепілдік қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет кемінде 50 пайыз үлеспен қатысатын шетелдік ұйымдарға қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
А. Шаққалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 марта 2024 года № 160-НҚ "Об утверждении Правил формирования системы управления рисками и внутреннего контроля, а также формирования резервов и проведения по ним актуарных расчетов для Экспортно-кредитного агентства Казахстана"

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 26 ноября 2025 года № 334-НҚ

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 марта 2024 года № 160-НҚ "Об утверждении Правил формирования системы управления рисками и внутреннего контроля, а также формирования резервов и проведения по ним актуарных расчетов для Экспортно-кредитного агентства Казахстана" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации под № 34206) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах формирования системы управления рисками и внутреннего контроля, а также формирования резервов и проведения по ним актуарных расчетов для Экспортно-кредитного агентства Казахстана, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:

      "6-1) принятие решения о возврате/сторнировании ранее полученных страховых премий;";

      в пункте 5:

      подпункт 2) исключить;

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) принятие решения по осуществлению страховых и гарантийных выплат, в рамках лимитов, утвержденных Советом директоров ЭКА;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) рассмотрение анализа финансового состояния банков, контрагентов, эмитентов ценных бумаг;";

      подпункт 1) пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "1) осуществлении страховой и гарантийной выплаты в размере более 3 000 (трех тысяч) месячных расчетных показателей;";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Принятие решения по страхованию, перестрахованию, гарантированию осуществляется на основании рекомендаций структурных подразделений в порядке, предусмотренном внутренними документами ЭКА.";

      часть вторую пункта 38 изложить в следующей редакции:

      "Данные требования не распространяются на международные финансовые организации, реализующие функции по осуществлению страховой и (или) гарантийной поддержки экспорта, а также зарубежные организации, с долей государственного участия в уставном капитале не менее 50 процентов, которые осуществляют функции по страховой и (или) гарантийной поддержке экспорта.".

      2. Департаменту финансов и административной работы Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
А. Шаккалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по регулированию
и развитию финансового рынка
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан