Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 16 ""Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26762 болып тіркелген) төмендегідей толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулы қосымшасының:
1-тармағы мынадай мазмұндағы 12)-тармақшасымен толықтырылсын:
"12) бухгалтер";
2-тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22), 23)-тармақшаларымен толықтырылсын:
"21) бас бухгалтер";
"22) бухгалтер";
"23) мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Мамбетов |
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық
мәслихатының төрағасы
А. Шаңғалаев