"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарын, "Құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабын басшылыққа ала отырып және "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № ЗТ-2024-04605634 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 383 "Жария сервитутты белгілеу туралы" қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 тармағындағы және осы қаулыға қоса берілген жоспар "111,594" деген сандар "114,9429" деген сандармен өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |