"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІ:
1. Ноғайбай би ауылдық округінің Бинаш ауылындағы келесі тұйық көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшеге – Наурыз атауы берілсін;
№ 2 атауы жоқ тұйық көшеге – Болашақ атауы берілсін;
№ 3 атауы жоқ тұйық көшеге – Игілік атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ноғайбай би ауылдық округінің әкімі | Э. Васильева |