"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Қызылжар ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы атаулы жоқ көшеге – Талғат Бигелдинов көшесі деп атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Н. Хуатов |