Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасынының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Амангелдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 мамырдағы № 366 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталға мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жеке мемлекеттік қызметтерді көрсету және өзге де міндеттерді орындау үшін берілетін тапсырыс.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу кезінде ескерілетін шығындардың түрлері
3. Мемлекеттік тапсырманың құны тікелей және жанама (үстеме) шығыстардың сомасынан белгіленеді.
4. Тікелей шығындар деп мыналар түсініледі:
1) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің жалақысы;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
3) қосылған құн салығы;
4) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішінде және (немесе) елден тыс жерлерге қызметтік сапарлар);
5) сыртқы сарапшыларды тарту (қызметтердің шекті көлемінде), сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерді қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге болатын қызметтер, олар орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемінен аспауға тиіс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін қызметтерге арналған шығыстар мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау кезінде монополияға қарсы органның қорытындысы болған кезде, осы қорытындыда айқындалған шарттарда және ол белгілеген көлемде тікелей шығындарға енгізіледі.
6) материалдарды сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары, материалдық қорлар), егер мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылса және оның мақсаттарына сәйкес келсе;
7) байланыс қызметтері (пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс);
8) полиграфиялық шығыстар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
9) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
10) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін жалдау ақысы;
11) банктік қызметтер;
12) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;
13) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер.
5. Жанама шығыстар (үстеме шығыстар) мемлекеттік тапсырманы іске асыруға тікелей жатқызуға болмайтын, өндірістік процеске байланысты емес шығыстардан басқа шығыстардың барлық басқа түрлерінің сомасын қамтиды.
6. Жанама шығыстарға (үстеме шығыстарға) мыналар жатады:
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (ел ішінде және (немесе) елден тыс жерлерге қызметтік сапарлар);
5) әкімшілік персоналды сақтандыру (көлік құралдарын, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру);
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер: жылыту, электр энергиясы, сумен жабдықтау және кәріз, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, ғимараттар мен үй-жайларды жалға алу, пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс, жарнаманы қоспағанда, ақпараттық қызметтер, өрт қауіпсіздігі, күзет қызметтері, өкілдік қызметтер шығыстар, аудиторлық қызметтер, банктік қызметтер, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).
7. Мемлекеттік тапсырманың құнына мынадай шығыстар:
1) ықтимал шығындарға резервтерді қалыптастыру;
2) демеушілік көмек;
3) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыбы;
4) ақпараттық ілгерлету (жарнама) бойынша шығыстар;
5) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
6) жарғылық капиталды ұлғайту енгізілмейді.