БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 64 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ҰШІ "Министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ), олардың аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің штат санының лимиттері (бұдан әрі – ТЖМ штат санының лимиттері) шегінде қамтамасыз етіледі.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұйымдық-штаттық құрылымды жетілдіру бойынша ұсыныстарды ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері өз құзыреті шегінде әзірлейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Штат санын қайта бөлу бойынша ҰШІ өткізуге ұсыныстарды ТЖМ кадр қызметіне ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдар және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ТЖМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің нақты жүктемесін, жедел жағдайдың жай-күйін және бөлімше қызметінің көрсеткіштерін ескере отырып, функционалдық талдау негізінде дайындалған негіздемелермен қосымша штат санын енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. ҰШІ бойынша ұсыныстарға ТЖМ құрылымдық бөлімшесінің, аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қол қояды.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарын және ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесін әзірлеу кезінде мыналар басшылыққа алынады:";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Министрлік туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес бекітілетін азаматтық қорғау органдары қызметкерлері санының нормативтері;";
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ТЖМ тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру көлемі;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 328 бұйрығымен бекітілген азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі.";
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ұйымдық-штаттық мәселелер бойынша бекітілген бұйрықтар немесе олардың үзіндісі ТЖМ мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге жолданады.
19. ҰШІ бойынша бұйрықтарды дайындау мен рәсімдеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.";
24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"24. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ осы тарауда көзелген ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарын рәсімдеу бойынша талаптарға сәйкес рәсімделеді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.";
көрсетілген Нұсқаулыққы 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары";
көрсетілген Нұсқаулыққы 2-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі";
көрсетілген Нұсқаулыққы 3-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ш. Әрінов |