Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңы 12-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 174) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр генерал-майор | Ш. Әрінов |
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 252 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңы 12-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 174) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметкерлер мен әскери қызметшілер) сыныптық біліктілігін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау сыныптық біліктілікті беруді, растауды, төмендетуді немесе алып тастауды, қалпына келтіруді қамтиды.
Бұл ретте сыныптық біліктілікті қалпына келтіру осы Қағидалардың 23-тармағында аталған тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
3. Қызметкерлердің және әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы шешімді осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен құрылған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) шығарған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы акті (бұдан әрі – акт) негізінде:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ) аппаратының, ТЖМ ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖМ ТЖД) бастықтарына және олардың орынбасарларына, ТЖМ-ның оқу орнының бастығына және оның орынбасарларына, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің командирлеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) және олардың орынбасарларына қатысты – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндеттерін атқарушы;
2) ТЖМ ТЖД қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ ТЖД Төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне) қатысты – ТЖМ ТЖД бастықтары немесе олардың міндеттерін атқарушы;
3) әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне қатысты – әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың міндеттерін атқарушылар;
4) ТЖМ оқу орнының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты – ТЖМ-ның оқу орнының бастығы немесе оның міндеттерін атқарушы қабылдайды.
Бұл ретте осы Қағидалардың 18, 21, 22 және 23-тармақтарында аталған тұлғалардың сыныптық біліктілігін растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығымен біліктілік комиссиясының қарауынсыз жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы шешім осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрықтарымен (бұдан әрі - бұйрық) ресімделеді.
Бұйрықтың көшірмесі лауазымдық айлықақыға үстемеақы есептеу немесе оның мөлшерін өзгерту немесе үстемеақыны алып тастау үшін тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) қаржы бөлімшесіне жолданады.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау күні болып бұйрыққа қол қойылған күн есептеледі.
Бұл ретте осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген тұлғалардың сыныптық біліктілігін растау күні АҚО лауазымына тағайындалған күн болып есептеледі, бұл туралы бұйрықта айтылады.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіле отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне, сондай-ақ ақпараттық кадр жүйесіне енгізіледі.
5. Сыныптық біліктіліктері үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілерге "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысына 29-қосымшаға сәйкес үстемеақы белгіленеді.
6. Бір АҚО-дан екіншісіне ауысу тәртібімен қызметке келген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қолда бар сыныптық біліктілігі тиісті үстемеақымен сақталады.
7. Бала күтімі бойынша демалыстағы АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қолда бар сыныптық біліктілігі бала күтімі бойынша демалыстың барлық кезеңінде үстемеақысыз сақталады.
8. ТЖМ оқу орнында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қолда бар сыныптық біліктілігі оқудың және іссапардың барлық кезеңінде үстемеақысыз сақталады.
2-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау тәртібі
1-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру және растау тәртібі
9. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық және (немесе) қорытынды тексеру қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығына аралық және қорытынды тексеру "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге мынадай сыныптық біліктіліктер:
1) "2-сыныпты маман" - құқық қорғау қызметінде, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) кемінде үш жыл жұмыс өтілі (бұдан әрі – қызмет өтілі) бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
2) "1-сыныпты маман":
"2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілгеннен кейін АҚО-да кемінде екі жыл қызмет өтілі бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
сыныптық біліктілігі жоқ қызметкерлер мен әскери қызметшілерге, бұл ретте мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілі және (немесе) қызмет өтілі бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
3) "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" - "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілгеннен кейін АҚО-да кемінде екі жыл қызмет өтілі бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. ТЖМ немесе басқа да арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (бұдан әрі – күштік құрылымдар) оқу орнын бітіргеннен кейін АҚО-ның қызметіне кірген қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін қызмет өтілін есептеу АҚО лауазымдарына тағайындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
12. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілік беруге жылына бір рет қана жіберіледі.
13. Сыныптық біліктілік:
1) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
2) оларға қатысты қызметтік тергеу (тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде – тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе ақтау негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін;
3) АҚО-ның (командирдің (бастықтың), Министрдің) қарамағындағыларға оларды лауазымға тағайындағанға дейін беруге жол берілмейді.
14. Сыныптық біліктілікті беру үшін әр жартыжылдықтың соңғы айының бесінші күніне дейін (маусым және желтоқсан айларында) АҚО-ның құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдерін (бұдан әрі - Беруге үміткерлердің тізімдері) АҚО-ның кадр қызметтеріне, ал әскери бөлімдерде жауынгерлік дайындық бөлімшелеріне (бұдан әрі - жауынгерлік дайындық бөлімшелері) жолдайды.
Бұл ретте, тиісті жартыжылдықтың соңғы айының (маусым және желтоқсан айларында) бесінші күнінен кейін АҚО-ның кадр қызметі немесе жауынгерлік дайындық бөлімшелеріне жіберілген Беруге үміткерлердің тізімдері қарауға жатпайды.
АҚО-ның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары Беруге үміткерлердің тізімдерінің ұсынылуының уақытылығын, объективтілігін және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
15. Аралық және (немесе) қорытынды тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АҚО-ның кадр қызметтері немесе жауынгерлік дайындық бөлімшелері Беруге үміткерлердің тізімдеріне қосылған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін зерделейді және сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімін (бұдан әрі – Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі) қалыптастырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі үш жұмыс күні ішінде біліктілік комиссиясының қарауына енгізіледі.
17. Сыныптық біліктілік берілген қызметкерлерге және әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмеркерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерінің төсбелгілері беріледі.
18. Қолда бар сыныптық біліктілік:
1) басқа күштік құрылымдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен АҚО-ның қызметіне келген және АҚО лауазымдарына тағайындалған тұлғаларға;
2) соттың шешімі бойынша АҚО-ның қызметіне қалпына келтірілген тұлғаларға;
3) күштік құрылымдардан босатылған және АҚО қызметіне қайта қабылданған тұлғалардың сыныптық біліктілігін айқындау осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығымен тиісті жәрдемақы белгілеу арқылы расталады.
19. Бұл ретте, осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген тұлғалардың сыныптық біліктілігін растау үшін күш құрылымдарының немесе АҚО сыныптық біліктілігін айқындау туралы актілер (не актілерден үзінді) негіз болып табылады.
Сыныптық біліктілікті растау туралы бұйрық күштік құрылымдардың немесе АҚО-ның сыныптық біліктілікті айқындау туралы актілерді (не актілерден үзінді көшірмелерді) кадр қызметтеріне немесе жауынгерлік даярлық бөлімшелеріне берген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
20. Осы Қағидалардың 18-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға жоғары тұрған сыныптық біліктіліктерін беру үшін қызмет өтілін есептеу мерзімі АҚО-ның лауазымдарына тағайындалған күннен бастап жүзеге асырылады.
2-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру тәртібі
21. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін бір сатыға төмендету мынадай жағдайлардың бірінде жүргізіледі:
1) қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану;
2) атқаратын лауазымынан босату (лауазымын бір сатыға төмендету) түрінде тәртіптік жаза қолдану;
3) арнаулы атағын төмендету (әскери атағын бір сатыға төмендету) түрінде тәртіптік жаза қолдану;
4) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының қорытынды тексеруінен өтпеу;
5) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының қорытынды тексеруіне дәлелсіз себептермен келмеу.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің "2-сыныпты маманы" сыныптық біліктілігі осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда алып тасталады.
23. Осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген жағдайларда сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған күннен бастап алты ай өткен соң бұрынғы сыныптық біліктіліктеріне баянат негізінде калпына келтіріледі.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 21-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын алдағы аралық және (немесе) қорытынды тексеруден сәтті өткеннен кейін бұрынғы сыныптық біліктіліктеріне қалпына келтіріледі.
Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығына қол қойылған күн сыныптық біліктілікті қалпына келтіру күні болып есептеледі.
Сыныптық біліктіліктегі қызмет мерзімі сыныптық біліктілікті төмендету немесе алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.06.2026 № 224 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссияларын құру тәртібі
24. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тұлғалардың бұйрықтарымен АҚО-дағы қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау үшін біліктілік комиссиялары құрылады, олардың жұмыс органы болып АҚО кадр қызметтері, ал әскери бөлімдерде-жауынгерлік даярлық бөлімшелері табылады.
Біліктілік комиссиясының құрамын осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тұлғалар айқындайды.
Біліктілік комиссиясының құрамына біліктілік комиссиясының төрағасы және біліктілік комиссиясының басқа мүшелері кіреді.
25. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Біліктілік комиссиясын Төраға басқарады.
Біліктілік комиссияны төрағасы мен мүшелері болмаған кезде олардың өкілеттіктерін оларды алмастыратын тұлғалар жүзеге асырады.
26. Аталған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау үшін біліктілік комиссияларының төрағалары болып:
1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі табылады;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында ТЖМ ТЖД бастықтарының бірінші орынбасарлары табылады;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында әскери бөлімдер командирлерінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасарлары табылады;
4) осы Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында ТЖМ оқу орны бастығының саптық, тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары табылады.
27. Біліктілік комиссиясының мүшелері болып кадр қызметтерінің және жауынгерлік дайындық бөлімшелерінің бастықтары, сондай-ақ заң және қаржы қызметтерінің өкілдері тағайындалады.
28. Біліктілік комиссиясының хатшысы АҚО-ның кадр қызметтері немесе жауынгерлік дайындық бөлімшесінің қатарынан тағайындалады, ол ұйымдастырушылық жұмысты қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
29. Біліктілік комиссиясының құрамын өзгерту осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тұлғалардың шешімі бойынша біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бұйрық шығару жолымен жүзеге асырылады.
30. Біліктілік комиссиясы Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімдері енгізілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде алқалы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Егер оған біліктілік комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
31. Біліктілік комиссиясының шешімі қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері көрсетілетін актімен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда біліктілік комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Біліктілік комиссиясының шешіміне шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
32. Актіге біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тұлғалардың қарауына енгізіледі.
| Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы акт
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (бұдан әрі - ТАӘ) және комиссияның басқа мүшелері (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, ТАӘ, сыныптық біліктілікті беруге ұсынылған материалды қарап, мынадай шешім шығарады:
№ | Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атқаратын лауазымы | Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі | Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі ( азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы)) | Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алу, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі) | Шешім |
1. | ||||||
2. |
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері __________________________________________________
Комиссия хатшысы __________________________________________________
20___ жыл "____" __________
| Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Сыныптық біліктілік беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдері
№ | Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атқаратын лауазымы | Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі | Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі (азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы)) | Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі) | Қандай сыныптық біліктілік алуға үміткер |
1. | ||||||
2. |
Азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшесі бастығы, қолы және күні
| Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі
№ | Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атқаратын лауазымы | Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі | Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі (азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы)) | Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі) | Қандай сыныптық біліктілік алуға үміткер | Сыныптық біліктілікті беруге жіберу туралы шешім (жіберуге негіз) |
1. | |||||||
2. |
Азаматтық қорғау органдарының кадр қызметінің бастығы\ азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы қолы және күні.
| Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігінің төсбелгілері
"1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)"

"1-сыныпты маман"

"2-сыныпты маман"



