Азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 211 бұйрығы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр генерал-майор Ш. Әрінов

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 29 мамырдағы
№ 211 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аппараты мен ведомстволары бойынша:

      1) вице-министр;

      2) аппарат басшысы;

      3) комитет төрағасы және оның орынбасары;

      4) департаменттің (орталықтың) бастығы және оның орынбасары;

      5) Министрдің кеңесшісі;

      6) дербес басқармасының бастығы және оның орынбасары;

      7) дербес бөлімнің бастығы және оның орынбасары;

      8) комитет басқармасының бастығы және оның орынбасары;

      9) орталықтың кезекші бөлімнің бастығы және оның орынбасары.

      2. Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар бойынша:

      1) Министрліктің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы департаменттің (бұдан әрі - ТЖД) бастығы, оның бірінші орынбасары және орынбасары;

      2) ТЖД төтенше жағдайлар басқармасының (бөлімінің) бастығы және оның орынбасары;

      3) ТЖД басқармасының, орталығының бастығы және оның орынбасары;

      4) ТЖД дербес бөлімінің бастығы және оның орынбасары;

      5) ТЖД басқарма бөлімінің бастығы және оның орынбасары;

      6) ТЖД бөлімшесінің бастығы;

      7) ТЖД төтенше жағдайлар басқармасы бөлімінің бастығы;

      8) ТЖД төтенше жағдайлар басқармасы (бөлім) бөлімшесінің бастығы;

      9) ТЖД кезекші бөлімінің бастығы;

      10) ТЖД орталық өрт байланысы пунктінің бастығы;

      11) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары;

      12) өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары;

      13) өрт сөндіру бекетінің бастығы;

      14) мамандандырылған жасағының бастығы және оның орынбасары;

      15) жасағының бастығы және оның орынбасары.

      3. "Министрліктің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) бойынша:

      1) Академияның бастығы және оның орынбасары;

      2) факультеттің бастығы және оның орынбасары;

      3) оқу орталығының бастығы және оның орынбасары;

      4) кафедраның бастығы және оның орынбасары;

      5) бөлімнің бастығы және оның орынбасары;

      6) курстың бастығы және оның орынбасары;

      7) ғылыми-зерттеу орталығының бастығы және оның орынбасары;

      8) кезекші бөлімнің бастығы;

      9) оқу өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

Об утверждении Перечня руководящих должностей органов гражданской защиты

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2025 года № 211

      В соответствии с пунктом 1 статьи 31, частью пятой статьи 84 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе", а также подпунктом 169) пункта 16 Положения о Министерстве по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень руководящих должностей органов гражданской защиты.

      2. Департаменту кадровой и воспитательной работы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
генерал-майор
Ч. Аринов

  Утвержден
приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 29 мая 2025 года № 211

Перечень руководящих должностей органов гражданской защиты

      1. По аппарату и ведомствам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее - Министерство):

      1) вице-министр;

      2) руководитель аппарата;

      3) председатель комитета и его заместитель;

      4) начальник департамента (центра) и его заместитель;

      5) советник Министра;

      6) начальник самостоятельного управления и его заместитель;

      7) начальник самостоятельного отдела;

      8) начальник управления комитета и его заместитель;

      9) начальник дежурной части центра и его заместитель.

      2. По территориальным органам, находящимся в ведении Министерства:

      1) начальник департамента по чрезвычайным ситуациям областей, городов республиканского значения и столицы Министерства (далее - ДЧС), его первый заместитель и заместитель;

      2) начальник управления (отдела) по чрезвычайным ситуациям ДЧС и его заместитель;

      3) начальник управления, центра ДЧС и его заместитель;

      4) начальник самостоятельного отдела ДЧС и его заместитель;

      5) начальник отдела управления и его заместитель ДЧС;

      6) начальник отделения ДЧС;

      7) начальник отдела управления по чрезвычайным ситуациям ДЧС;

      8) начальник отделения управления (отдела) по чрезвычайным ситуациям ДЧС;

      9) начальник дежурной части ДЧС;

      10) начальник центрального пункта пожарной связи ДЧС;

      11) начальник специализированной пожарной части и его заместитель;

      12) начальник пожарной части и его заместитель;

      13) начальник пожарного поста;

      14) начальник специализированного отряда и его заместитель;

      15) начальник отряда и его заместитель.

      3. По государственному учреждению "Академия гражданской защиты имени Малика Габдуллина Министерства" (далее - Академия):

      1) начальник Академии и его заместитель;

      2) начальник факультета и его заместитель;

      3) начальник кафедры и его заместитель;

      4) начальник учебного центра и его заместитель;

      5) начальник отдела и его заместитель;

      6) начальник курса и его заместитель;

      7) начальник научно-исследовательского центра и его заместитель;

      8) начальник дежурной части;

      9) начальник учебной пожарной части.