БҰЙЫРАМЫН:
1. "2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
22. | 2025 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының дерекқорларын өңдеу | шығыс кестелерін қалыптастыру | СЖРА ҰСБ, АЕО РМК | 002 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы 101 "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
";
реттік нөмірі 23-жол мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының м.а. |
Ә. Шауенова |