Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 80-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттер үшін үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюды айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады.
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қою болып табылады.
Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындарының болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қою белгіленеді.
Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістерінің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі жалпы сипаттағы трансферттер туралы қолданыстағы заң немесе мәслихат шешімі аяқталатын жылы басталады.
2. Осы Үлгілік әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер - Бюджет кодексінің 75-бабының 18-тармағына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге берілетін және жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары нысаналы мақсатына сай пайдаланатын трансферттер;
2) жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер – мемлекет кепілдік берген көрсетілетін қызметтерді ұсынуды, жергілікті атқарушы органның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған және оларды пайдалану бағыттары белгіленбей, өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін трансферттер.
2-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау
3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттердің сомасы ретінде айқындалады, мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТi= ЖСТнi +ЖСТнеi, мұндағы:
ЖСТі – i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы трансферттері;
ЖСТнi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы трансферттері;
ЖСТнеі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттері.
3-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамы
4. Жергілікті бюджеттердің кірістері жалпы мынадай төрт санат:
1) салықтық түсімдер;
2) салықтық емес түсімдер;
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
4) арнаулы түсімдер бойынша соңғы үш жылдағы өсу үрдісі сақтала отырып айқындалады және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін пайдаланылады.
5. Есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган ұсынған жүйелік емес сипаттағы (біржолғы) түсімдер алып тасталады.
1-параграф. Салықтық түсімдер
6. Жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің көлемдерін айқындау кезінде ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетінің бағасын есептеудің мынадай әдістері пайдаланылады:
1) есепті қаржы жылында белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша мынадай формуламен:
Pбағ. = Ріс.ж/Uесепт., мұндағы:
Pбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуеті;
Ріс.ж – ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;
Uесепт. – есепті қаржы жылындағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;
2) ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша мынадай формуламен:
Pбағ. = Ріс.ж/Kб(есепт.) * 12, мұндағы:
Pбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуеті;
Ріс.ж – ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;
Kб(есепт.) – ағымдағы қаржы жылының белгілі бір кезеніңдегі айлар саны;
12 – бір жылдағы айлар саны;
3) есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі түсімдерді инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
Pбағ. = Pесепт. * (100% + Iб) немесе Pбағ. = (Pесепт. * (100% + Iб))/12 * Кб + Nб(есепт.), мұндағы:
Pбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуеті;
Pесепт. – есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі түсімдер;
Іб – ағымдағы қаржы жылы бойынша инфляция деңгейі, %.
12 – бір жылдағы айлар саны;
Кб – ағымдағы қаржы жылы бойынша болжанатын кезең (айлар саны)
Nб(есепт.) – ағымдағы қаржы жылының белгілі бір кезеңіндегі салықтың іс жүзіндегі түсімі;
4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе егер үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташаланған есептеу мынадай формула бойынша:
Pбағ. = Pесепт. * Trорт, мұндағы:
Pбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pесепт. – есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі түсімдер;
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,
бұл ретте:
Trорт = (Trесепт.(1жыл) + Trесеп.(2жыл) + Trесепт.(3жыл))/3, мұндағы:
Trесеп.(1 жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны, %;
Trесеп.(2 жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны, %;
Trесеп.(3 жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны, %;
5) экстраполяциялау жолымен мынадай формула бойынша:
Pбағ. = Pесепт. + Sорт, мұндағы:
Pбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pесеп. – есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі түсімдер;
Sорт – орташа есеппен үш жыл ішіндегі өсім сомасы,
бұл ретте:
Sорт =((Sесепт.(1жыл) – Sесепт.(өтк.жыл))+ (Sесепт.(2жыл) – Sесепт.(1жыл))+ (Sесепт.(3жыл) – Sесепт.(2жыл)))/3, мұндағы:
Sесепт.(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылғы түсімдер сомасы;
Sесепт.(1 жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жылғы түсімдер сомасы;
Sесепт.(2 жыл) – үшінші жылдың алдындағы екінші жылғы түсімдер сомасы;
Sесепт.( 3жыл) – ағымдағы қаржы жылының алдындағы үшінші жылғы түсімдер сомасы.
7. Есептеулерде бірнеше әдістер пайдаланылған кезде болжамда неғұрлым шынайы кірістердің түсуін қамтамасыз ететін әдіс ескеріледі.
8. Өңірлердің болжамды жылдарға арналған салықтық әлеуеті мынадай формула бойынша айқындалады:
PD=RD+ NPR, мұндағы:
PD - болжамды кірістер;
RD - есептелген кірістер;
NPR - өңірлердің салықтық әлеуеті, бұл ретте
NPR=(Тр*40%)+(VRPтр*30%)+(IPR*30%), мұндағы:
Nтр - есепті үш жылдағы салықтық түсімдердің орташа өсуі,%;
Vrpтр - есепті үш жылдағы өңірдің ЖӨӨ орташа өсуі, %;
IPR - болжамды инфляция,%.
2-параграф. Жеке табыс салығы
9. Номиналды мәндегі жалақы төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығын есептеуге арналған салық базасы болып табылады.
Болжамды жалақы қоры әрбір өңір бойынша жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы, кемінде үш жылдағы жалақы қорының орташаланған өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.
10. Жоспарлы кезеңге арналған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалауда салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (көшуіне) байланысты өңірдегі жеке табыс салығы бойынша кіріс әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Жеке табыс салығы бойынша кіріс әлеуетінің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті органның мәліметтері негізінде белгілі бір салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.
11. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам мынадай әдістермен айқындалады:
1)жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
IPN (салық салын.)б = (Dfzp * Sесепт.) ± Iipn
Sесеп = IPN (салық салын.)есепт. /Dесепт. * 100, мұндағы:
IPN (салық салын.)б – жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Dfzp – жалақы қорының жоспарлы жылға арналған болжамды көлемі;
Sесеп. – есепті қаржы жылындағы тиімді мөлшерлеме, %;
Iipn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзету сомасы;
IPN (салық салын.)есепт. – есепті қаржы жылындағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;
Dесепт. – есепті қаржы жылындағы жалақы қоры;
2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:
IPN (салық салын.)б = (Ofzp * Fipn) ± Iipn, мұндағы:
IPN (салық салын.)б – жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері;
Fipn – Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %.
Iipn – салық және алымдар туралы заңнамадағы өзрегістерді ескеретін түсімдердің түзету сомасы.
12. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам мынадай формула бойынша айқындалады:
IPN (салық салынб.)б= IPN (салық салынб.)бағ. * (100% + Iп), мұндағы:
IPN (салық салынб.)б – төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
IPN (салық салынб.)бағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
3-параграф. Корпоративтік табыс салығы
13. Республикалық бюджетке есепке жатқызылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдер мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам мынадай әдістермен есептеледі:
1) өңірдің жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) үш жыл ішіндегі орташа өсу қарқынын қолдану арқылы мынадай формула бойынша:
KPNб = KPNбағ. * Trорт(жөө)/ 100, мұндағы:
KPNб – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;
KPNбағ – ағымдағы қаржы жылындағы корпоративтік табыс салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Trорт(жөө) – ЖӨӨ-нің үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %.
2) ӘЭДБ-ның мұнай емес секторының жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) көлемінің негізінде республикалық бюджет пен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін мынадай формула бойынша:
KPNб = KPNбағ. * T(жққ)/100, мұндағы:
KPNб – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;
KPNбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы корпоративтік табыс салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
T(жққ) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ өсу қарқынының болжамы, %.
3) өңірдің жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) негізінде облыстық бюджеттер мен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін мынадай формула бойынша:
KPNб = KPNбағ. * T(жөө)/100, мұндағы:
KPNб – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам;
KPNбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы корпоративтік табыс салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
T(жөө) – өңірдің ЖӨӨ өсу қарқынының болжамы, %.
4-параграф. Әлеуметтік салық
14. Номиналды мәндегі жалақы әлеуметтік салықты есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Болжамды жалақы қоры әрбір өңір бойынша жалақы қорының есептік (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы, кемінде үш жылдағы жалақы қорының орташаланған өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.
15. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша кіріс әлеуетін бағалауда салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (көшуіне) байланысты өңірдегі жеке табыс салығы бойынша кіріс әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша кіріс әлеуетінің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті органның мәліметтері негізінде белгілі бір салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.
16. Әлеуметтік салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжам мынадай әдістермен есептеледі:
1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы мынадай формула бойынша:
SNб = (Dfzp * Sесепт.) ± Isn
Sесепт.= SNесепт. /Dесепт. * 100, мұндағы:
SNб – әлеуметтік салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Dfzp – жалақы қорының жоспарлы жылға арналған болжамды көлемі;
Sесепт. – есепті қаржы жылындағы тиімді мөлшерлеме, %;
Isn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзету сомасы;
SNесепт. – есепті қаржы жылындағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;
Dесепт. – есепті қаржы жылындағы жалақы қоры.
2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) мынадай формула бойынша:
SNб = (Ofzp * Fsn) ± Isn, мұндағы:
SNб – әлеуметтік салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Ofzp – салық салынатын болжамды жалақы қорының мөлшері;
Fsn – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып тастағанда, Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %;
Isn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзету сомасы.
5-параграф. Мүлік салығы
17. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.
18. Мүлік салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам мынадай әдістермен есептеледі:
1) есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі түсімдерді инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
NIб = NIбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
NIб – мүлік салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
NIбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша мүлік салығының кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
2)кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташаланған өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташаланған есептеу мынадай формула бойынша:
NIб = NIбағ. * Өқ, мұндағы:
NIб – мүлік салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
NIбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша мүлік салығының кіріс әлеуетін бағалау;
Өқ – алдыңғы жылдары (кемінде үш жыл) қалыптасқан орташа өсу қарқыны, %.
6-параграф. Жер салығы
19. Жер салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам кірістердің жылдық көлемінің кемінде үш жыл ішіндегі орташаланған өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташаланған есептеумен мынадай формула бойынша есептеледі:
Zб = Zбағ. * Өқ, мұндағы:
Zб – жер салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Zбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы жер салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Өқ – алдыңғы жылдары (кемінде үш жыл) қалыптасқан орташа өсу қарқыны, %.
7-параграф. Көлік құралдарына салынатын салық
20. Көлік құралдарына салынатын салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.
21. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжам мынадай әдістермен есептеледі:
1)есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі түсімдерді инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
NTб = NTбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
NTб – көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Ntбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы көлік құралдарына салынатын салық бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
2) кірістердің жылдық көлемінің кемінде үш жыл ішіндегі орташаланған өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташаланған есептеу мынадай формула бойынша:
NTб = Nтбағ. * Өқ, мұндағы:
NTб – көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Nтбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы көлік құралдарына салынатын салық бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Өқ – алдыңғы жылдары (кемінде үш жыл) қалыптасқан орташа өсу қарқыны, %.
8-параграф. Бірыңғай жер салығы
22. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам мынадай формуламен есептеледі:
EZб = EZбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
EZп – бірыңғай жер салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
EZбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы бірыңғай жер салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
Кірістердің жылдық көлемінің кемінде үш жыл ішіндегі орташаланған өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташаланған есептеу мынадай формула бойынша:
EZб = NТбағ. * Өқ, мұндағы:
EZб – бірыңғай жер салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
EZбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы бірыңғай жер салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Өқ – алдыңғы жылдары (кемінде үш жыл) қалыптасқан орташа өсу қарқыны, %.
9-параграф. Қазақстан Республикасында шығарылатын тауарларға акциздер
23. Қазақстан Республикасында шығарылатын тауарларға акциздер бойынша жоспарлы жылға арналған болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке-жеке мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемінің және акциз мөлшерлемесінің негізінде мынадай формула бойынша:
Aб = Vб * S, мұндағы:
Aб – акциздер бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Vб – акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі;
S – Салық кодексіне сәйкес акциз мөлшерлемесі, мұндағы:
Vб = Vбағ. * Өқ, мұндағы:
Vб – акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі;
Vбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша акцизделетін өнім өндірісінің көлемі;
Өқ – акцизделетін өнім өндірісі көлемінің алдыңғы жылдары (кемінде үш жыл) қалыптасқан орташа өсу қарқыны, %;
2) инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржы жылындағы бағалау негізінде мынадай формула бойынша:
Аб =Абағ. * (100% + Iб) + Iаk, мұндағы:
Аб – акциздер бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
Абағ. – ағымдағы қаржы жылындағы акциздер бойынша кіріс әлеуеті;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
Iаk – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзету сомасы.
10-параграф. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы
24. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамды есептеу мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) кірістердің жылдық көлемінің үш жылдағы орташаланған өсу қарқынын қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
NDPIб = NDPIбағ. * Тrорт, мұндағы:
NDPIб – кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша болжам;
NDPIбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Тrорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %.
2) ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
NDPIб = NDPIбағ. * (100% + Iп), мұндағы:
NDPIб – кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша болжам ;
NDPIбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
11-параграф. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
25. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің болжамы орташаланған есептеу әдісімен мынадай формула бойынша айқындалады:
Piб = Piбағ. * Trорт., мұндағы:
Piб – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің болжамды сомасы;
Piбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бағалау;
Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,
12-параграф. Жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын төлемақылар мен алымдар
26. Жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын төлемақылар мен алымдар бойынша болжам мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) кірістердің жылдық көлемінің үш жылдағы орташаланған өсу қарқынын қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
SPб = NDPIбағ. * Тrорт, мұндағы:
SPб – жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын төлемақылар мен алымдар бойынша болжам;
SPбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын төлемақылар мен алымдар бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Тrорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %.
2) есепті қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
SPб = SPбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
SPб – төлемақылар мен алымдардың жоспарлы жылға арналған болжамы;
SPбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша төлемақылар мен алымдардың кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
13-параграф. Ойын бизнесі салығы
27. Ойын бизнесі салығы бойынша болжам мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) кірістердің жылдық көлемінің үш жылдағы орташаланған өсу қарқынын қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
IBб = IBбағ. * Тrорт, мұндағы:
IBб – ойын бизнесі салығы бойынша болжам;
IBбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы ойын бизнесі салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Тrорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %.
2) есепті қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
IBб = IB бағ. * (100% + Iб), мұндағы:
IBб – ойын бизнесі салығының жоспарлы жылға арналған болжамы;
IBбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы ойын бизінесі салығы бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
14-параграф. Жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын мемлекеттік баж
28. Жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын мемлекеттік баж бойынша жоспарлы жылға арналған болжамды есептеу мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) кірістердің жылдық көлемінің үш жыл ішіндегі орташаланған өсу қарқынын қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
GPб = GPбағ. * Trорт, мұндағы:
GPб – жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын мемлекеттік баж бойынша болжам;
GPбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын мемлекеттік баж бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;
2) ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
GPб = GPбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
GPб – жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын мемлекеттік баж бойынша болжам;
GPбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын мемлекеттік баж бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
15-параграф. Өзге салықтар
29. Өзге салықтар бойынша жоспарлы жылға арналған болжамды есептеу өзге салықтар түсімдерінің серпіні бойынша жүзеге асырылады.
16-параграф. Салықтық емес түсімдер
30. Салықтық емес түсімдер мынадай әдіс бойынша болжанады:
1)кірістердің жылдық көлемінің үш жыл ішіндегі орташаланған өсу қарқынын қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
NPб = GPбағ. * Trорт, мұндағы:
NPб – cалықтық емес түсімдер бойынша болжам;
NPбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы cалықтық емес түсімдер бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;
2) ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
NPб = NPбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
NPб – cалықтық емес түсімдер бойынша жоспарлы жылға арналған болжам;
NPбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы cалықтық емес түсімдер бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
31. Жергілікті бюджеттерге республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.
17-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
32. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне қарай түзетілген ағымдағы қаржы жылында күтілетін түсімді бағалау негізге алынып жүзеге асырылады.
18-параграф. Арнулы түсімдер
33. Арнаулы түсімдерге мыналар:
1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы бойынша;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада белгіленген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары;
3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру;
4) жер қойнауын пайдаланушылардан және мұнай секторы ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қою арыздары бойынша алынған қаражат, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы айыппұлдар жатады.
Жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын арнаулы түсімдер бойынша болжам мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) кірістердің жылдық көлемінің үш жыл ішіндегі орташаланған өсу қарқынын қолдану жолымен мынадай формула бойынша:
АТб = АТбағ. * Trорт, мұндағы:
АТб – жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын арнаулы түсімдер бойынша болжам;
АТбағ. – ағымдағы қаржы жылындағы жергілікті бюджетке есепке жатқызылатын арнаулы түсімдер бойынша кіріс әлеуетін бағалау;
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;
2)ағымдағы қаржы жылы бойынша кіріс әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу жолымен мынадай формула бойынша:
АТб = АТбағ. * (100% + Iб), мұндағы:
АТб – арнаулы түсімдердің жоспарланған жылға арналған болжамы;
АТбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша арнаулы түсімдердің кіріс әлеуетін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
4-тарау. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемін айқындау
34. Бюджет кодексінің 75-бабы 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер:
1) нысаналы мақсатын сақтай отырып, жалпы сипаттағы трансферттердің қолданыстағы үш жылдық көлемі кезеңінде тиісті бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде бекітілген төмен тұрған бюджеттерге берілетін шығындар есебінен қалыптасады;
Бұл ретте, тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына алдыңғы қаржы жылдарына енгізілген шығындарды алып тастауға жол беріледі.
2) жергілікті бюджет шығыстарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға немесе өзгертуге байланысты жаңа бағыттарына арналған шығындары есебінен қалыптасады.
Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
35. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТнi= (АНТқi- АНТкері) +АНТжi, мұндағы:
АНТқі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті жоспарлы кезеңге арналған қолданыстағы ағымдағы нысаналы трансферттері;
АНТкері – төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге кері ағымдағы нысаналы трансферттері;
АНТжi – i-ші облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар, жергілікті бюджет шығыстарының жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамаларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттері.
5-тарау. Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттердің көлемін айқындау
36. Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер мемлекет кепілдік берген көрсетілетін қызметтерді ұсынуды, жергілікті атқарушы органның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған және оларды пайдалану бағыттары белгіленбей, өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер ағымдағы және даму шығындарын қамтиды.
Дамуға арналған шығындарға бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған шығындар жатады.
Өзге де шығындар ағымдағы шығындарға жатады.
37. Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттердің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТнеi = ККБі- (АШi+КШi+ДШБi), мұндағы:
ККБі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің кірістер көлемінің болжамы;
АШi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі;
КШi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің күрделі шығындарының болжамды көлемі;
ДШБі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің дамуға арналған шығындарының болжамды көлемі.
6-тарау. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
38. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 31, 32, 33, 34-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстардың бағыттары ескеріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемдерінің сомасы ретінде есептеледі.
Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ШБКi = (АШi-(НТi+Бөi+Ммжәi+Имi+Кр+КШi+ДШi)+КЗi+ЗБПРi, мұндағы:
ШБКі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының болжамды көлемі;
АШi – Қағидалардың 22, 24 және 26-қосымшаларына сәйкес жоспарлау кезінде ескерілмейтін шығыстарды есепке алмағанда, ағымдағы шығындардың болжамды көлемі;
НТi – жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
Үрi – Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві;
Бкi – бюджеттік кредиттер;
Пдi – жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар;
Ммжәi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
Имi – имидждік және өкілдік шығыстар;
Грi – гранттар беруге арналған шығыстар;
Кзi –жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен зерттеулер жүргізуге және консалтингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар;
Ғзi - ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған шығыстар.
КШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің күрделі шығындарының болжамды көлемі;
ДШi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің дамуға арналған шығындарының болжамды көлемі.
Бюджет кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері ескеріле отырып, бюджеттік алып қою болжанатын және тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлеміне қосымша коэффициент қолданылады.
СЗi=ШБКi*(1+Kd), мұндағы:
СЗi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының жиынтық көлемі;
ШБКi – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының болжамды көлемі;
Кd – жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюды болжау кезінде қолданылатын қосымша коэффициент.
39. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етумен байланысты, тұрақты сипаттағы, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, мемлекеттік басқарудың нақты стратегиялық мақсаттарын шешуге бағытталған шығындардан тұрады.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасы ретінде шығыстарға жүргізілген шолу ескеріле отырып, жоспарлы кезеңге бекітілген бюджет қабылданады.
1 - параграф. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
40. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
41. Жекелеген жергілікті бюджеттің жекелеген функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ЕШji= Шкij+(ШКij * Кij* Көрij), мұндағы:
ЕШjі – i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің j-функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы есептік шығындары;
ШКji – i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің j-функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындарының көлемі;
Кij –i-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) немесе ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі j-функционалдық кіші топ бойынша коэффициент;
Көрij –i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің j-функционалдық кіші топ бойынша көрсеткіштері.
42. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу (жалақыны қоспағанда) ескеріле отырып есептеледі.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Шv = (Шi –АЖШi)*(1+И n) +АЖШi, мұндағы:
Шv – i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының жалпы көлемі;
Шi – i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының көлемі;
АЖШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалақыға жұмсалатын ағымдағы шығындарының көлемі;
Иn – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
43. Жекелеген шығыстар үшін ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде әрбір жастағы, жыныстағы халықты, тууды, өлім-жітімді және көші-қонды ескеретін халық саны өсімінің коэффициенті қолданылады.
Халық саны өсімінің коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Ri=(R2-R1)/R2, мұндағы:
Ri – i-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің халық саны өсімінің коэффициенті;
R2 – болжамды жылдағы халық саны;
R1 – өткен жылғы халық саны.
Халық санының болжамы төмендеген кезде жоспарланатын үш жылдық кезеңнің алдындағы жылғы халық санын бағалау қолданылады.
44. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілетін Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау, тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін қажетті нысандарды, көрсеткіштер тізбелерін ұсыну және олардың пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына 6, 12 және 18-қосымшаларға сәйкес көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріліп жүргізіледі.
2 - параграф. Күрделі сипаттағы шығындардың болжамды көлемін жалпы есептеу
45. Жергілікті бюджеттердің күрделі шығындарының болжамды көлемдері тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары әзірлейтін салалық әдістемелерге сәйкес есептеледі және ағымдағы шығындардың болжамды көлемдері есептелгеннен кейін абсолютті сомалармен жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер көлеміне енгізіледі.
3-параграф. Жергілікті бюджеттердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін жалпы есептеу
46. Жергілікті бюджеттердің дамуға арналған шығындарының болжамды көлемі ең төменгі стандарттар және елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдармен, өңірлік саясат, бюджет саясаты және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар әзірлейтін және бекітетін оларды қаржыландырудың салалық әдістемелеріне сәйкес есептеледі және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесіне сәйкес жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер көлеміне енгізіледі.
Даму бюджетінің есептік базасы ретінде жоспарлы кезеңге бекітілген бюджет алынады.
Ең төменгі стандарттар және елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесі ескеріле отырып, даму бюджетінің жалпы болжамды көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
1)Республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін есептеу:
БДШi= ДБn *Кn, мұндағы:
БДШi – республикалық маңызы бар i-қалалар, астана үшін бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығындар;
ДБn – n-бағыттағы даму бюджетінің бекітілген көлемі;
Кn – n-бағыттағы ӨСЖ ең жоғары көрсеткішінің коэффициенті, ол республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейін қанша %-ға жеткізу керектігін айқындайды;
n – салалар бағыты.
2)Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін даму бюджетін есептеу:
БДАШi = ДБn*Кn,
Кn = (1+((On – Оis)/On) мұндағы,
БДАШi – ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму бюджетінің болжамды көлемі;
ДБn – n-бағыттағы даму бюджетінің бекітілген көлемі;
Оn – n-ші бағыттағы ӨСЖ сәйкес озық ауылдың, кенттің, ауылдық округтің объектілермен іс жүзінде қамтамасыз етілуі;
Оis – артта қалған ауылдың, кенттің, ауылдық округтің АСЖ талаптарына сәйкес объектілермен қамтамасыз етілуі;
Кn – n-бағыттағы ӨСЖ ең жоғары көрсеткішінің коэффициенті, ол артта қалған ауылдың, кенттің, ауылдық округтің деңгейін даму мен белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетіп отырған озық деңгейге дейін қанша %-ға жеткізу керектігін айқындайды;
n – салалардың бағыты.
2.1) Облыстық немесе аудандық маңызы бар қала үшін даму бюджетін есептеу:
БДАШi = ДБn*Кn,
Кn = (1+((Оn-Оis)/On), мұндағы:
БДАШi – облыстық немесе аудандық маңызы бар қала үшін даму бюджетінің болжамды көлемі;
ДБn – n-бағыттағы даму бюджетінің бекітілген көлемі;
Оn – n-ші бағыттағы ӨСЖ сәйкес озық облыстық немесе аудандық маңызы бар қаланың объектілермен іс жүзінде қамтамасыз етілуі;
Оis – артта қалған облыстық немесе аудандық маңызы бар қаланың ӨСЖ талаптарына сәйкес объектілермен қамтамасыз етілуі;
Кn – n-бағыттағы ӨСЖ ең жоғары көрсеткішінің коэффициенті, ол артта қалған ауданның деңгейін даму мен белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетіп отырған озық ауданға дейін қанша %-ға жеткізу керектігін айқындайды;
n – салалардың бағыты.
2.2) Облыс үшін даму бюджетінің жалпы болжамды көлемі:
ДБv = БДАШi1+…… БДАШi2, мұндағы:
ДБv – облыс үшін даму бюджетінің жалпы болжамды көлемі;
БДАШi1 – облыстық немесе аудандық маңызы бар қаланың даму бюдетінің болжамды көлемі;
БДАШi2 – ауылдың, кенттің, ауылдық округтің даму бюджетінің болжамды көлемі.