"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8-тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 01-20/350 ұсынысын негізге ала отырып, Белинский ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі Мақсұт ауылында орналасқан Болатбек Тунгушпекович Малаевтің жеке шаруа қожалығының ірі қара малының құтырудан таза деп танылуына байланысты шектеу шаралары алынып тасталсын.
2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2025 жылғы 10 шілдедегі № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Белинский ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Белинский ауылдық округі әкімі | Н. Кошеров |