"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 09 шілдеден № 316, ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті Привокзальная көшесі 4Б үй 1 пәтер мекенжайында орналасқан Л.В. Белейчук жеке ауласында иттің құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Сарыкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қантамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл кенті әкімінің міндетін атқарушы | С. Долганин |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
Департаменті Сарыкөл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекеме басшысының
міндетін атқарушы
_______________________ Б. Есетаев
"____" _________________ 2025 жыл
"Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Молдахметова
"____" ______________ 2025 жыл