"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 01-27/201 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округінің Қызылту ауылының аумағында 2025 жылғы 23 сәуірде пайда болған ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Меңдіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округінің әкімі | Б. Дощанов |
Келісілді
"Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитеті Қостанай облысының
санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті Меңдіқара
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________ Е. Смағұлов
Қостанай облысы әкімдігі | |
ветеринария басқармасының | |
"Меңдіқара ауданының | |
ветеринариялық станциясы" | |
коммуналдық мемлекеттік | |
кәсіпорны басшысының | |
міндетін атқарушы | |
_____________ С. Байғожин |