Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру және ведомствоаралық штабтың ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 663 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес құрамда Қостанай ауданы әкімдігінің жанынан мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құрылсын.

      2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың ережесі бекітілсін.

      3. Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы "Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс - қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөнінде ведомствоаралық штаб құру туралы" № 242 қаулысының күші жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" қарашадағы
  № _____ қаулысына
  1 - қосымша

Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың (бұдан әрі - Штаб) құрамы:

Қостанай ауданы әкімі, Штаб басшысы;

Қостанай ауданы әкімінің құқық қорғау қызметінің бағытына жетекшілік ететін орынбасары, Штаб басшысының орынбасары,

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) бастығы, Штаб басшысының орынбасары (келісім бойынша);

"Қостанай ауданы әкімінің аппараты" ММ құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Штаб хатшысы.

Штаб мүшелері:

Қостанай ауданының прокуроры (келісім бойынша),

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай аудандық бөлімінің бастығы (келісім бойынша),

"Қостанай ауданы әкімінің аппараты" ММ басшысы,

Қостанай ауданы әкімдігінің "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы,
Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы,

Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы

Қостанай ауданы әкімдігінің "Ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы,

Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы,

Қостанай ауданы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы,

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданының білім бөлімі" ММ басшысы (келісім бойынша),

"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша),

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - КМК) бас дәрігері (келісім бойынша),

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы" КМК басшысы.

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" қарашадағы
  № _____ қаулысына
  2 - қосымша

Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық штабтың ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб (бұдан әрі - Штаб) Қостанай ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы консультативтік - кеңесші органы болып табылады.

      2. Штаб қызметінің негізгі мақсаты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты, өңірлік есірткіге қарсы жоспарларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың және Қостанай облысы әкімдігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл.

      3. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Штаб тұрақты негізде әрекет етеді.

      5. Штаб әкімнің қаулысымен құрылады және таратылады.

      6. Штаб өз құзыреті шегінде Штаб хаттамасымен ресімделетін қорытынды жасайды, ұсынымдар әзірлейді.

      7. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) Штаб қызметін материалдық - техникалық, ақпараттық - аналитикалық, ұйымдастырушылық - құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      8. Әкім Штабтың басшысы болып тағайындалады. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" ММ Штабтың жұмыс органы болып тағайындалады.

      Штаб құрамына аумақтық бөлімшелер басшысының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар, есірткіге қарсы қызметті іске асыруға қатысатын аумақтық бөлімшелердің, мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) лауазымды адамдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшы лауазымды адамдары енгізіледі.

      Әкімдіктің шешімі бойынша өзге де лауазымды тұлғалар, азаматтар және қоғам өкілдері Штаб мүшелері бола алады.

2. Негізгі міндеттері мен функциялары

      9. Штабтың негізгі міндеттері:

      1) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ведомствоаралық көзқарасты, мемлекеттік басқару органдарының тапсырмаларын, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штаб шешімдерін орындауды қамтамасыз ету;

      2) нашақорлықтың алдын алудың практикалық шараларын әзірлеу, есірткіге қарсы иммунитетті, жергілікті халықтың әр түрлі мақсатты топтарында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру;

      3) үкіметтік емес сектордың әлеуетін жұмыс жасауға, мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты, кейбір профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тарту;

      4) өңірдегі есірткі қылмысы ахуалының өзгеруіне қатысты ақылға қонымды іс-қимыл шараларын қамтамасыз ету;

      5) есірткіге қарсы қызмет барысына бақылауды және аралық мониторингті, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органға жыл сайынғы есептік ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;

      6) жергілікті атқарушы органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен әлеуметтік оңалту саласында қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      7) мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында қызметін үйлестіруді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      8) өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, халықта есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитет қалыптастыруға бағытталған қосымша шаралар әзірлеу.

      10. Штабқа жүктелген міндеттерге сәйкес оның функциялары:

      1) Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың тапсырмаларын орындауға ведомствоаралық тәсілді ұйымдастыру;

      2) жергілікті атқарушы органдардың есірткіге қарсы саладағы қызметін бағалау, оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) жергілікті бюджет қаражаты есебінен есірткіге қарсы бағытындағы іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресуге бағытталған іс-шараларды іске асыру және бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті бөлігінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес желісі бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іс-шараларына талаптардың сапалы дайындалуын ұйымдастыру, әр түрлі мемлекеттік органдардың бағыттары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын қайталанатын іс-шараларды болдырмау;

      7) өңір аумағында есірткі құралдарын және психотроптық заттарды заңсыз таралуымен байланысты қылмыстың жай-күйіне, динамикасына, құрылымына және деңгейіне талдау жасау, оның ішінде есірткі, психотроптық заттарды, соларға ұқсас заттарды шектен тыс пайдалануды азайтуға байланысты есірткіге қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) есірткі және психотроптық заттармен, соларға ұқсас заттармен байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту шараларының кешенді жүйесін әзірлеуге, ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

      9) аумақтарда денсаулық сақтау органдарында есепке қойылған есірткіге тәуелді адамдарды оңалту проблемаларын шешуге көмек көрсету;

      10) халық арасында, бірінші кезекте кәмелетке толмағандар арасында есірткіге қарсы идеология жүйесін құру мен іске асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен, денсаулық сақтау, мәдениет органдарымен, ғылым және білім беру мекемелерімен, мәдениет және адамгершілікті қалыптастыру саласында жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу;

      11) өңірдегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасасу, олардың нәтижелерін өз қызметінде пайдалану мақсатында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемаларын зерттеуге бастамашылық ету.

3. Штаб қызметін ұйымдастыру

      11. Штабтың құрамы, Штабтың ережесі әкімдіктің тиісті шешімімен бекітіледі.

      12. Штаб тоқсанына кемінде бір рет кезекті отырыстар өткізеді. Кезектен тыс отырыстар Штаб басшысының немесе Штаб мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамының бастамасы бойынша шақырылады.

      13. Штаб шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Штаб басшысы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      14. Штаб мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, бұл пікір айтылған кезде жазбаша түрде баяндалып, Штаб отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      15. Штаб отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша Штаб басшысының қолы қойылатын хаттама жасалады.

      16. Штаб өз қызметін жартыжылдық жұмыс жоспарларының негізінде ұйымдастырады. Жоспар Штаб мүшелерінің ұсыныстары бойынша құрылады және оны Штаб басшысы бекітеді.

      17. Штаб отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесі бар бекітілген жоспар Штаб мүшелеріне жіберіледі.

      18. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру, сондай-ақ қосымша мәселелерді қосу туралы шешімді Штаб басшысы Штаб басшысының орынбасары не Штабтың жұмыс органы ұсынатын негіздеме - анықтаманың негізінде қабылдайды.

      19. Штабтың отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      20. Отырыс оған Штаб мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Штаб мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      21. Штаб отырыстарына қажет болған жағдайда Штаб басшысымен келісілген тізбе бойынша басқармалар мен ведомстволардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысады.

      Штаб отырыстарына шақырту бойынша мәслихаттардың депутаттары, әкімдер, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, өзге тұлғалар қатыса алады.

      22. Штаб отырысында қарауға дайындалған материалдарды мемлекеттік органдар отырыстың болатын күнінен бес күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде Штабқа енгізеді. Хатшы күн тәртібінің жобасын жасайды, оны Штаб басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес Штаб мүшелеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға жолдайды.

      Штаб отырыстары Штаб басшысының тапсырмасы бойынша шұғыл түрде өткізілген ерекше жағдайларда материалдар Штабқа өткізетін күні енгізіліп отырыс қатысушыларына тікелей отырыста жеткізілуі мүмкін.

      23. Штаб отырысының хаттамасы отырыс аяқталған күннен бастап бір күн мерзімде жасалып, Штаб басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін Штаб мүшелеріне жолданады.

      24. Хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылауды Жұмыс органы қамтамасыз етеді.

      Штабтың іс-қағаздарын әкімдік жеке жүргізеді.

4. Штабтың басшысы

      25. Штабтың басшысы:

      1) Штаб қызметінің ұйымдастыруын қамтамасыз етеді және оның қызметіне басшылық етеді, Штаб отырыстарына төрағалық етеді;

      2) Штабтың жұмыс жоспарларын бекітеді;

      3) Штаб шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылауды ұйымдастырады және онымен жүргізілетін қызметке жауап береді. Басшы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары орындайды;

      4) қалалардың және аудандардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді;

      5) бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен нашақорлыққа қарсы күресті және есірткіге қарсы үгіттеуді күшейту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік және үкіметтік емес органдармен және азаматтармен Штабтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;

      7) уәкілетті мемлекеттік органға нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, есірткіге қарсы қызметтің қосымша шаралары бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      8) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      26. Штабтың жұмыс органы:

      1) Штабтың іс-қағаздарын жүргізеді;

      2) Штабтың отырыстарын ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;

      3) Штабтың отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттарды, материалдарды жинап, пысықтауын жүзеге асырады және ол өткізілгеннен кейін хаттамасын ресімдейді;

      4) Штаб мүшелеріне отырысқа дейін кемінде 3 күн бұрын барлық қажетті құжаттарды жолдайды;

      5) Штаб мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес жұмыс жоспарларын келісуге және Штаб Басшысына бекітуге енгізеді;

      6) Штаб шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді;

      7) Штаб қызметі туралы мәліметтер дайындайды және уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.

5. Штабтың құқықтары мен міндеттері

      27. Штаб:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан салалық бағдарламаның, өңірлік жоспарлардың жүзеге асыру барысы туралы және өзге де қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) қажет болған жағдайда өңірдегі есірткі ахуалын талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, үкіметтік емес ұйымдарды тартуға;

      3) Штабтың отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларын Штабтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;

      4) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру бойынша қызметке қатысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      5) мәслихат сессияларының қарауына нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында тиісті мәселелерді енгізуге;

      6) жергілікті бюджеттен қажетті қаржыландыруды ескере отырып, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасаудың өңірлік жоспарларын әзірлеуге;

      7) уәкілетті органға нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      8) Штаб құзыретіне жататын өзге құқықтарды іске асыруға құқылы.

      28. Штаб Штабтың жұмыс жоспарларының, хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

6. Штабтың қызметін бағалау

      29. Штабтың тиімділігін бұдан әрі арттыру мақсатында оның қызметіне мынадай көрсеткіштер бойынша жыл сайынғы бағалау ұйымдастырылады:

      1) өңір аумағындағы тегін спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелердің саны;

      2) психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдары, есірткі қылмыстарын оның ішінде интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық аспектілері туралы өсіп келе жатқан ұрпақ пен олардың ата-аналарының хабардар болуына бағытталған құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" саясатын түсіндіру бойынша ақпараттық есірткіге қарсы кампаниялардың саны*;

      3) есірткіге қарсы жүргізілген профилактикалық акциялардың саны**;

      4) есірткіні шамадан тыс тұтынып жүрген бірінші рет анықталған адамдар санының көбеюі (қоғамның есірткіленуінің толық көрінісін қамтамасыз ету және статистикалық деректерді бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатында);

      5) есепте тұрған денсаулық сақтау мекемелерінде диспансеризациядан өткен есірткіге тәуелділігі бар адамдар санының азаюы (оның ішінде: әйелдер үлесінің төмендеуі; кәмелетке толмағандар үлесінің төмендеуі);

      6) нашақорлықтың профилактикасына белсенді қатысатын есірткіге қарсы бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың саны;

      7) жойылған есірткі зертханаларының және ҰҚТ саны;

      8) есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында анықталған құқық бұзушылықтардың саны;

      9) есірткіні пайдалануға үгіттеу және жарнамалау, оның ішінде Интернет желісінде (бұғатталған сайттар, граффити-суреттерді жою, ҚК 299-1 бабы және т.б.), сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын ақпараттық жүйелерді пайдалану (оның ішінде IT-мамандарды, этикалық бұзу мамандарын ("ақ хакерлерді") тарта отырып) саласында сандық көрсеткіштер;

      10) есірткіге қарсы жүргізілетін жұмысқа халықтың қанағаттануына қатысты әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері;

      11) нақты мектептер санынан нашақорлықтың және мінез-құлықтық аурулардың алдын алу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын жалпы білім беру мекемелерінің саны;

      12) нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен мамандардың саны.

      Ескертпе:

      *Ақпараттық есірткіге қарсы кампаниялар – әр түрлі мақсатты (жас санаты, субмәдениет, халықтың әлеуметтік топтары және т.б.) аудитория арасында түсіндірме жұмысын жүргізуге бағытталған қабылдауға жеңіл тақырыбымен ("отбасылық құндылықтарды нығайту", "өмірде қалай жетістікке жету", "жасөспірімдік шақ проблемалары", "өзіңмен бірдей" жасөспірімдермен сұхбаттасу алаңы", "құрдастар арасында қалай "ерекшеленіп" бөлінбеу", "анонимдік, консультативтік сенім телефондары" және т.б.), әрбір кампанияға салауатты өмір салтын насихаттауға, тұрақты есірткіге қарсы иммунитетті жаттықтыруға, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерін азайтуға бағытталған буклеттерді, пилондарды, билбордтарды, аудио- бейне роликтерді, теле- радиоэфирлерді, подкасттарды (Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып) шығару.

      **Есірткіге қарсы акция – кемінде 250 адамның қатысуымен.

Об образовании штаба и утверждении положения Межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района

Постановление акимата Костанайского района Костанайской области от 11 ноября 2025 года № 663

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Костанайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Образовать межведомственный штаб по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района в составе согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Утвердить положение межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района, согласно приложения 2 к настоящему постановлению.

      3. Отменить постановление акимата Костанайского района от 24 марта 2022 года № 242 "Об образовании Межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов, направленного на противодействие наркомании и наркобизнесу".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайского района.

      3. Настоящее постановление вступает в силу с момента принятия.

      Аким района О. Нургалиев

  Приложение 1
  к постановлению акимата
  Костанайского района
  от "___" ноября 2025 года
  № ____

Состав Межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района (далее - Штаб):

аким Костанайского района, руководитель Штаба;

заместитель акима Костанайского района, курирующий направление правоохранительной деятельности, заместитель руководителя Штаба,

начальник государственного учреждения (далее - ГУ) "Отдел полиции Костанайского района Департамента полиции Костанайской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан", заместитель руководителя Штаба (по согласованию);

главный специалист отдела правовой работы ГУ "Аппарат акима Костанайского района", секретарь Штаба.

Члены Штаба:

прокурор Костанайского района (по согласованию),

начальник Костанайского районного отдела Департамента комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Костанайской области (по согласованию),

руководитель ГУ "Аппарат акима Костанайского района",

руководитель ГУ "Отдел физической культуры и спорта" акимата Костанайского района,
руководитель ГУ "Отдел занятости и социальных программ" акимата Костанайского района

руководитель ГУ "Отдел культуры и развития языков" акимата Костанайского района,

руководитель ГУ "Отдел внутренней политики" акимата Костанайского района,

руководитель ГУ "Отдел экономики и финансов" акимата Костанайского района",

руководитель коммунального государственного учреждения "Молодежный ресурсный центр" акимата Костанайского района,

руководитель ГУ "Отдел образования Костанайского района" Управления образования акимата Костанайской области (по согласованию),

директор коммунального государственного казенного предприятия "Костанайский сельскохозяйственный колледж Управления образования акимата Костанайской области" (по согласованию),

главный врач коммунального государственного предприятия (далее - КГП) "Костанайская районная больница" Управления здравоохранения акимата Костанайской области (по согласованию),

руководитель КГП "Костанайский областной центр психического здоровья" Управления здравоохранения акимата Костанайской области (по согласованию).

  Приложение 2
  к постановлению акимата
  Костанайского района
  от "___" ноября 2025 года
  № _____

Положение межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района

1. Общие положения

      1. Межведомственный штаб по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района (далее - Штаб) является консультативно - совещательным органом акимата Костанайского района (далее - акимат) в сфере осуществления государственной политики по борьбе с наркоманией и наркобизнесом.

      2. Основной целью деятельности Штаба является реализация государственной политики в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом, региональных антинаркотических планов, также поручений Главы государства, Правительства, Администрации Президента, Аппарата Правительства Республики Казахстан, Республиканского штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности, Регионального штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайской области.

      3. Штаб в своей деятельности руководствуется законодательством Республики Казахстан, решениями Регионального штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности и настоящим Положением.

      4. Деятельность Штаба носит постоянный характер.

      5. Штаб образовывается и ликвидируется постановлением акимата.

      6. Штаб в пределах своей компетенции дает заключения, вырабатывает рекомендации, оформляемые протоколом Штаба.

      7. Материально - техническое, информационно - аналитическое, организационно - правовое, документационное и иное обеспечение деятельности Штаба осуществляет государственное учреждение "Аппарат акима Костанайского района" (далее - ГУ).

      8. Руководителем Штаба назначается аким. Рабочим органом Штаба определяется правовой отдел ГУ.

      В состав Штаба включаются должностные лица территориальных подразделений, государственных органов (по согласованию), участвующих в реализации антинаркотической деятельности, со статусом не ниже заместителя руководителя территориального подразделения, а также руководящие должностные лица местных исполнительных органов.

      Членами Штаба по решению акимата могут быть и иные должностные лица, граждане и представители общественности.

2. Основные задачи и функции

      9. Основными задачами Штаба являются:

      1) обеспечение межведомственного подхода к реализации государственной политики в сфере противодействия наркомании и наркобизнесу, исполнения поручений органов государственного управления, а также решений Регионального штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности;

      2) разработка практических мер профилактики наркомании, формирования наркотического иммунитета, правовой грамотности у различных целевых групп населения региона;

      3) привлечение потенциала неправительственного сектора к работе, реализации государственной антинаркотической политики, отдельных профилактических мероприятий;

      4) обеспечение адекватных мер реагирования на изменение состояния наркопреступности в регионе;

      5) обеспечение контроля и промежуточного мониторинга хода антинаркотической деятельности, а также подготовки ежегодной отчетной информации в уполномоченный государственный орган;

      6) выработка предложений по совершенствованию деятельности местных исполнительных органов в сфере борьбы с наркоманией и наркобизнесом, профилактики наркомании, лечения и социальной реабилитации наркозависимых лиц;

      7) разработка предложений по совершенствованию координации деятельности государственных органов в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом;

      8) выработка дополнительных мер с учетом особенностей региона, направленных на формирование у населения социального наркотического иммунитета.

      10. Функциями Штаба в соответствии с возложенными на него задачами являются:

      1) организация межведомственного подхода к исполнению поручений Главы государства, Правительства, Администрации Президента, Аппарата Правительства Республики Казахстан, Республиканского штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности, в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом, Регионального штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайской области;

      2) оценка деятельности местных исполнительных органов в антинаркотической сфере, выработка предложений по ее улучшению;

      3) внесение предложений по финансированию мероприятий антинаркотической направленности за счет средств местного бюджета;

      4) выработка рекомендаций по реализации и дальнейшему совершенствованию мероприятий, направленных на борьбу с наркоманией и наркобизнесом, незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов и прекурсоров;

      5) выработка предложений по совершенствованию нормативной правовой базы по линии борьбы с наркоманией и наркобизнесом в части компетенции местных исполнительных органов;

      6) организация качественной подготовки требований к мероприятиям государственного социального заказа, исключение дублирующих мероприятий, реализуемых в рамках госсоцзаказа по линиям разных государственных органов;

      7) анализ состояния, динамики, структуры и уровня преступности, связанной с незаконным распространением наркотических средств и психотропных веществ на территории региона, внесение предложений по совершенствованию антинаркотической политики, в том числе связанной со снижением злоупотребления наркотическими средствами, психотропными веществами, их аналогами;

      8) участие в разработке, организации и осуществлении комплексной системы мер предупреждения правонарушений и преступлений, связанных с наркотическими средствами и психотропными веществами, их аналогами;

      9) оказание помощи в решении проблем реабилитации наркозависимых лиц, поставленных на учет в органах здравоохранения на местах;

      10) взаимодействие со средствами массовой информации, органами здравоохранения, культуры, учреждениями науки и образования, общественными объединениями, действующими в области культуры и формирования нравственности в целях создания и реализации системы антинаркотической идеологии и пропаганды здорового образа жизни среди населения, в первую очередь, несовершеннолетних лиц;

      11) взаимодействие с находящимися в регионе научно-исследовательскими центрами, инициирование исследований проблем борьбы с наркоманией и наркобизнесом в целях использования их результатов в своей деятельности.

3. Организация деятельности Штаба

      11. Состав Штаба, Положение Штаба утверждаются соответствующим решением акимата.

      12. Штаб проводит очередные заседания не реже одного раза в квартал. Внеочередные заседания созываются по инициативе руководителя Штаба или более половины от общего числа членов Штаба.

      13. Решения Штаба принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Штаба. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал руководитель Штаба.

      14. Члены Штаба имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу заседания Штаба.

      15. По результатам проведения заседаний Штаба составляется протокол, подписываемый руководителем Штаба.

      16. Штаб организует свою деятельность на основании полугодовых планов работы. План составляется по предложениям членов Штаба и утверждается руководителем Штаба.

      17. Утвержденный план с перечнем вопросов, планируемых к рассмотрению на заседаниях Штаба, рассылается членам Штаба.

      18. Решение об исключении запланированного вопроса из перечня или перенос его рассмотрения на другой срок, а также включение дополнительных вопросов принимается руководителем Штаба на основании справки - обоснования, представляемой заместителем руководителя Штаба либо Рабочим органом Штаба.

      19. Заседания Штаба являются открытыми и ведутся на государственном и/или русском языках.

      20. Заседание считается правомочным, если в нем принимает участие не менее двух третей членов Штаба.

      21. На заседаниях Штаба при необходимости присутствуют руководители управлений и ведомств, организаций, общественных объединений по согласованному с руководителем Штаба перечню.

      На заседаниях Штаба по приглашению могут присутствовать депутаты маслихата, акимы, руководители других государственных органов и организаций, иные лица.

      22. Подготовленные к рассмотрению на заседании Штаба материалы на государственном и/или русском языках вносятся государственными органами в Штаб не позднее, чем за пять календарных дней до даты заседания. Секретарь составляет проект повестки дня заседания, который утверждается руководителем Штаба либо лицом, его замещающим, рассылает повестку вместе с соответствующими материалами членам Штаба и другим должностным лицам в соответствии со списком приглашенных на заседание.

      В исключительных случаях, когда заседания Штаба по поручению руководителя Штаба проводятся в экстренном порядке, материалы могут вноситься в Штаб в день его проведения и доводиться до участников заседания непосредственно на заседании.

      23. Протокол заседания Штаба составляется в однодневный срок со дня завершения заседания, подписывается руководителем Штаба и направляется членам Штаба для исполнения.

      24. Контроль за исполнением протокольных решений обеспечивается Рабочим органом.

      Делопроизводство Штаба ведется отдельно акиматом.

4. Руководитель Штаба

      25. Руководитель Штаба:

      1) обеспечивает организацию деятельности Штаба и руководит его деятельностью, председательствует на заседаниях Штаба;

      2) утверждает планы работы Штаба;

      3) организует общий контроль за реализацией его решений и несет ответственность за деятельность, осуществляемую Штабом. Во время отсутствия Руководителя его функции выполняет заместитель;

      4) организует взаимодействие с органами государственного управления городов и районов, обеспечивает организационно-методическую помощь;

      5) осуществляет взаимодействие со средствами массовой информации и общественными объединениями по вопросам усиления борьбы с наркоманией и антинаркотической пропаганды;

      6) организует взаимодействие с государственными и неправительственными органами и гражданами по вопросам, входящим в компетенцию Штаба;

      7) вносит в уполномоченный государственный орган предложения по совершенствованию действующего законодательства в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом, дополнительным мерам антинаркотической деятельности;

      8) осуществляет иные полномочия, предусмотренные настоящим Положением.

      26. Рабочий орган Штаба:

      1) ведет делопроизводство Штаба;

      2) организационно обеспечивает заседания Штаба;

      3) осуществляет сбор и проработку материалов по повестке дня заседания Штаба, необходимых документов, материалов и оформление протокола после его проведения;

      4) направляет членам Штаба все необходимые документы не менее чем за 3 дня до заседания;

      5) в соответствии с предложениями членов Штаба разрабатывает, согласовывает и вносит на утверждение Руководителю планы работы Штаба;

      6) осуществляет контроль за исполнением решений Штаба;

      7) готовит и представляет в уполномоченный государственный орган сведения о деятельности Штаба.

5. Права и обязанности Штаба

      27. Штаб имеет право:

      1) запрашивать и получать в пределах своей компетенции от государственных органов, иных организаций, должностных лиц информацию о ходе реализации отраслевой программы, региональных планов и иную необходимую информацию;

      2) привлекать по мере необходимости специалистов государственных органов и научно-исследовательских организаций, неправительственные организации для анализа и изучения наркоситуации в регионе;

      3) заслушивать на заседаниях Штаба должностных лиц государственных органов, иных организаций, общественных объединений по вопросам, входящим в компетенцию Штаба;

      4) вносить предложения по совершенствованию организации и деятельности государственных органов, организаций и общественных объединений, участвующих в деятельности по реализации политики борьбы с наркоманией и наркобизнесом;

      5) вносить на рассмотрение сессий маслихата соответствующие вопросы в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом;

      6) разрабатывать региональные планы противодействия наркомании и наркобизнесу с расчетом необходимого финансирования из местного бюджета;

      7) вносить в уполномоченный орган предложения по совершенствованию государственной политики в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом.

      8) осуществлять иные права, относящиеся к компетенции Штаба.

      28. Штаб обязан обеспечивать исполнение планов работы Штаба, протокольных решений.

6. Оценка деятельности Штаба

      29. В целях дальнейшего повышения эффективности Штаба организовывается ежегодная оценка его деятельности по следующим показателям:

      1) количество бесплатных спортивных секций и творческих кружков на территории региона;

      2) количество информационных антинаркотических кампаний* по разъяснению политики "нулевой" терпимости к правонарушениям, направленных на осведомленность подрастающего поколения и их родителей о последствиях употребления психоактивных веществ, правовых аспектах уголовной ответственности за наркопреступления, в том числе с использованием интернет-ресурсов;

      3) количество проведенных антинаркотических профилактических акций**;

      4) увеличение впервые выявленных лиц с пагубным потреблением наркотиков (в целях обеспечения полной картины наркотизации общества и недопущения фактов искажения статистических данных);

      5) уменьшение количества лиц с зависимостью от наркотиков, прошедших диспансеризацию в учреждениях здравоохранения, состоящих на учете (из них: снижение доли женщин; снижение доли несовершеннолетних);

      6) количество неправительственных организаций антинаркотической направленности, активно участвующих в профилактике наркомании;

      7) количество ликвидированных нарколабораторий и ОПГ;

      8) количество выявленных правонарушений в сфере легального оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров;

      9) количественные показатели в сфере профилактики фактов пропаганды и рекламы наркотиков, в том числе в сети Интернет (заблокированные сайты, удаление граффити-рисунков, ст.299-1 УК и т.д.), а также использования информационных систем, использующих технологии искусственного интеллекта (с привлечением "IT-специалистов", специалистов по этическому взлому ("белых хакеров");

      10) результаты социологических исследований удовлетворенности населения проводимой антинаркотической работой;

      11) число общеобразовательных учреждений, реализующих программы по профилактике наркомании и поведенческих болезней, от определенного количества школ;

      12) количество специалистов, прошедших курсы повешения квалификации и переподготовки, по вопросам профилактики наркомании и противодействия наркопреступности.

      Примечание:

      * Информационные антинаркотические кампании - направленные на разъяснительную работу среди различной целевой аудитории (возрастных категорий, субкультур, социальных групп населения и т.д.), с доступным для восприятия тем ("укрепление семейных ценностей", "как стать успешным в жизни", "проблемы переходного возраста", "диалоговая площадка с подростками "равный равному"", "как не быть "серой вороной" среди сверстников", "анонимные, консультативные телефоны доверия" и т.д.) с выпуском под каждую кампанию - буклетов, пилонов, билбордов, аудио- видео роликов теле - радиоэфиров, подкастов (с привлечением медийных личностей Казахстана) и т.д., направленных на пропаганду здорового образа жизни, выработку устойчивого антинаркотического иммунитета, а также снижения фактов вовлечения молодҰжи в наркосреду.

      ** Антинаркотическая акция - с участием не менее 250 человек.