"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес құрамда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
3. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімі О. Нургалиев |
| Қостанай ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" қарашадағы | |
| № ______ қаулысына | |
| 1 - қосымша |
Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрамы:
Қостанай ауданы әкімінің құқық қорғау қызметінің бағытына жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасы; |
"Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Комиссия хатшысы. |
Комиссия мүшелері: |
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі" ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша), |
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі" ММ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша). |
| Қостанай ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" қарашадағы | |
| № ____ қаулысына | |
| 2 - қосымша |
Қостанай ауданы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулыларының тізбесі
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясын құру туралы" 2023 жылғы 23 қазандағы № 916 қаулысы;
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қостанай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясын құру туралы" № 916 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 248 қаулысы;