Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 122 "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды және әкімшілік жаза қолданады.".
2. Мемлекеттік мекеме "Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалы – Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ибраев |